Қалайша вейпинг жылына 500 миллион фунтты үнемдеуге көмектесе алады
Денсаулық сақтау саласындағы төңкеріс
Ғаламшарды толықтай түтінсіз ету мүмкін бе? Темекі тартудан пайда болатын ауруларға байланысты денсаулық сақтау саласына қандай жүктеме түсіп отыр? Емдеуге жұмсалатын қаражатты сақтап қалу мүмкіндігі бар ма? Лондонның Брюнель университетіндегі бизнес-экономика саласының сарапшысы, профессор Франческо Москоненің зерттеуін қарастырып, осынау «ләззаттан» бас тартуға дайын емес нағыз шылымқорларға не істеу керектігін түсінуге тырысайық.
«ТҮТІНСІЗ АНГЛИЯҒА» АПАРАР ЖОЛ
Лондондағы Брюнель университетінің жаңа зерттеулері темекі тартатын адамдар үшін қаупі төмендетілген балама нұсқаларды қолдануға ауысу Ұлыбританияның Денсаулық сақтау саласының әлеуметтік қызметіне (NHS) миллиондаған фунтты үнемдеуге қалайша көмектесе алатындығын анықтап отыр. Дегенмен бұл өзі мүмкін бе?
Статистика мәліметтеріне сәйкес, темекі тарту Англияда жылына болатын өлім-жітімнің шамамен 74 600 жағдайының негізгі себебі болып келеді, әрі тек қана 2019 бен 2020 жылдары аралығында ағылшын ауруханаларына шылым шегуге байланысты 506 100 науқас келіп түскен деп саналады. Осыған сүйене отырып, NHS өкілдері темекі тарту шығындары жылына аз да емес, көп те емес, 2,5 миллиард фунт стерлингті құрайтынын есептеп шығарды. Осыған байланысты үкімет аталмыш шығындарды қысқартуға ниетті, сондықтан 2019 жылы келесі өршіл мақсат қойылған болатын – 2030 жылға қарай Англияны «түтінсіз» ету. Бұл дегеніміз үкімет шылымқұмарларды темекіден бас тартуға немесе RRP (reduced risk product) деп аталатын адам денсаулығы үшін қаупі төмендетілген өнімдер ретінде белгілі, әрі зияны айтарлықтай аздау балама нұсқаларға ауысуға көндіруге үміттенеді. Оларға вейптер және қыздырылатын темекі жатқызылады.
Бұл бастама Ұлттық денсаулық сақтау қызметі үшін жүктемені айтарлықтай төмендету мақсатында ғана емес, сонымен бірге қоғамдық денсаулықты жақсарту үшін де бағытталып отыр. Темекі тарту қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлар аурулары және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы секілді өлімге әкеліп соқтыруы ықтимал көптеген дерттер үшін қауіп-қатердің негізгі факторларының бірі болып саналады. Темекі тартуға байланысты өлім-жітім мен ауруханаға жатқызу жағдайларының саны үлкен алаңдаушылық тудырып отыр, сонымен қатар осы статистиканы қысқарту шұғыл міндет болып келеді.
ЗИЯНДЫ ТӨМЕНДЕТУ: ДАҚПЫРТ ӘЛДЕ ДАУСЫЗ ФАКТІЛЕР МЕ?
Лондонның Брюнель университетіндегі жұмыс істейтін бизнес-экономика саласының сарапшысы, профессор Франческо Москоне, егер шылымқұмарлардың белгілі бір бөлігі зияны төмендетілген өнімдерге ауысқан жағдайда NHS үшін әлеуетті экономикалық пайданы бағалау мақсатында жаңа зерттеуді өткізген болатын. Ол үкіметтік бюджетке адам сенгісіз салмақты түсіретін темекі тарту салдарынан туындайтын аурулардың негізгі бес санатын көрсетіп берді: өкпенің қатерлі ісігі, жүрек-қан тамырлар аурулары, инсульт, созылмалы бронхит және эмфизема.
RRP өнімдері салдарынан болатын ұзақ мерзімді әсерлер әзірге дейін белгісіз болғандығына қарамастан, алдыңғы зерттеулерден білетініміз, кәдімгі темекінің балама нұсқалары адам денсаулығы үшін төндірілетін қауіп-қатердің негізгі факторлары болып саналатын химиялық заттектер ықпалын 90% дейін төмендететініне әкеледі. Москоне British Journal of Healthcare Management журналында жарияланған өз зерттеуін өткізеді де, шылымқұмардың балама нұсқаларға дәстүрлі түрде көшуі жоғарыда көрсетілген аурулардың 70% дейін азаюына әкелетіндігін есептеп шығарды. Бұл жайт олардың дәстүрлі темекідегі зиянды химиялық заттектердің әсеріне ендігіден былай ұшырамайтындығына негізделген.
АЛ АҚША ЖАҒЫ ҚАЛАЙ?
Егер шылымқұмарлардың жартысы денсаулық үшін зияны төменірек балама нұсқаларға ауысқан, яғни, 50%-дық конверсияның сценарийі орындалған жағдайда, NHS үнемдеуді орта есеппен алғанда жылына 518 миллион фунт стерлингке бағалап отыр. Егер конверсия пайызы бар болғаны 10% ғана болса, NHS үшін үнемдеу 103 миллион фунтты құрайды. Сонымен қатар зерттеу географиялық айырмашылықтарды, соның ішінде Англияның басқа аймақтарымен салыстырғанда, Солтүстік-Шығыс өңірі мен Йоркширдегі өкпенің қатерлі ісігіне шалдығудың екі еселенген жағдайларын да ескеріп отыр.
Профессор Москоне атап өткендей, қазіргі кезде осы аймақта темекі тарту салдарынан денсаулыққа қатысты маңызды түйткілдер баршылық, және де тек қана өкпенің қатерлі ісігін емдеу NHS үшін жылына 156 миллион фунт стерлингтен асады екен, сондықтан шылымқұмарлар балама нұсқаларға ауысқан жағдайда бұл жерде ең қомақты үнемдеу болатын еді.
Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, егер Солтүстік-Шығыс өңірі мен Йоркширдегі темекі тартатын адамдардың небәрі 10% ғана RRP өнімдеріне көшсе, онда жалпы үнемдеу 30 миллион фунт стерлингті құрайды. Егер аймақтағы шылымқұмарлардың жартысы RRP өнімдеріне ауысса, онда NHS 148 миллион фунт стерлингті үнемдей алады, бұл денсаулық сақтау қызметіне деген қысымды айтарлықтай төмендетуге және емдеудің басқа түрлері үшін қажетті ауруханалық ресурстарды босатуға мүмкіндік береді.
Өткен жылы үкімет қосымша әрекеттерді қолға алмаса, Англия 2030 жылға қарай «түтінсіз Англия» деген мақсатына жете алмайтындығын, ал елдің ең кедей аймақтарының тұрғындары бұл мақсатты, тіпті, 2044 жылға дейін де орындай алмайтындығын хабарлаған болатын. RRP өнімдеріне ауысуды қабылдау миллиондаған қаржыны сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар ұзақмерзімді жоспарларды қалпына келтіру бойынша маңызды мүмкіндікті ұсына отырып, оларды 2030 жылға арналған өршіл бағдарламамызбен байланыстыруға жағдай жасайды.
ЗИЯНДЫ ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ?
Осы мәселені шешу үшін қоғамның әртүрлі деңгейлеріндегі күш-жігерді үйлестіру қажет. Бұл келесі жайттарды қамтиды:
- Білім беру. Темекі тартудың зияны туралы білім беретін бағдарламалар мен жастар және ересектер арасындағы хабардарлықты жоғарылатуға бағытталған іс-шараларды кеңейту.
- Заңнама. Заңның көмегімен қатаң қадағалауды жүргізу, кәмелетке толмағандар үшін шектеулер, сонымен бірге темекі бұйымдарының құрамын бақылау.
- Темекіден бас тартуды қолдау. Темекі тартудың балама нұсқалары және никотинді алмастыратын терапия мен кеңес беруді қоса алғанда, никотинге деген тәуелділікке қарсы күресудің қолжетімді және тиімді бағдарламаларын ұсыну.
- Қоғамдық пікір. Темекі тартуға қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру және оны тұтынуға қарсы қоғамдық науқандарды белсендіру.
Тапсырманың күрделілігіне қарамастан, бүкіл әлем бойынша темекі тартудың деңгейін төмендету қоғам үшін ең басым мақсаттардың бірі болып қала бермек. Осы бағыттағы күш-жігердің барлығы да қоғамдық денсаулықтың жалпы жақсаруына және медициналық қызмет көрсетуге шығындалатын қаражатты қысқартуға әкелуі мүмкін, бұл барлық азаматтар үшін өмірдің әлдеқайда салауатты және ұзағырақ болуына септігін тигізетіні хақ.