Бүйрек денсаулығын қалай сақтаймыз: нефролог дәрігерінің кеңестері

Қандай жаман әдеттер бүйректің денсаулығына зиян келтіреді?

Бүйректің денсаулығын сақтап қалу жолдары туралы нефролог-дәрігер әңгімелейді

Бүгін, 10 наурызда бүкіл әлем бойынша Халықаралық бүйрек күні аталып өтуде.
Бүйректі көбінесе қыңқ етпейтін, «көнбіс мүше» деп атайды, себебі ол ағзада бірден сыр бермейді. Алайда денсаулыққа байланысты ауыр түйткілдер пайда болса, ағзадағы сұйықтықты сақтау мақсатында, яғни, қорғаныс қадамы ретінде бүйрек толықтай жұмыс істемей қалуы да мүмкін. «Лайқос» жобасы медицина ғылымдарының кандидаты, нефролог-дәрігер Әбдіжаппар Ғайыповпен қандай жаман әдеттер бүйректің денсаулығына зиян тигізетіні туралы әңгімелесті.

БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕДІ?

Егер біз бүйрек аурулары туралы сөз қозғайтын болсақ, онда ең алдымен әңгімеміз барысында қолданатын терминологияға нақты анықтама беріп шығуымыз керек.

 

Бүйректің созылмалы ауруы – бұл үш ай бойы немесе одан да көп уақытқа созылатын бүйрек сырқаттарының белгілері болып саналады. Бұл балалардағы туа біткен ауру болуы мүмкін. Не болмаса, жүре пайда болған дерт – балаларда да, сол секілді ересектерде де.

 

Бүйрек ауруларын тудыратын себептердің арасында бірінші орында бақыланбайтын гипертензия (жоғары қан қысымы) тұр – ол аурулардың 45% құрайды. Егер науқаста осындай жағдай байқалса, демек, бұл жоғары қауіп факторы.

 

Екінші орында – қант диабетінің бар болуы (осы дертке тап болатын науқастардың 20% созылмалы бүйрек ауруымен ауырады). Егер науқаста «қант диабеті» диагнозы бар болып, әрі ол қан құрамындағы глюкоза деңгейін қадағаламай жүрсе, бұл да жоғары қауіп факторы болып саналады. Бұл біздің жеке зерттеулеріміз, мұнда аздап кемшін тұстар болуы мүмкін.

 

Қазіргі таңда бүйректің өзінде аутоиммундық аурулар немесе бүйрек ауруларының дамуында белгілі бір рөл атқаратын басқа да аутоиммундық дерттер көптеп кездеседі, сонымен бірге бүйректің жұқпалы қабынуы да болады. Алайда бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да осы екі ауру – артериялық гипертензия және қант диабеті – жетекші факторлар болып келеді.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жүргізіп отырған зерттеуіміздің нәтижесі бойынша елімізде гипертензиямен ауыратын 2 миллионға жуық науқастың бар екендігі анықталған. Сіз осыны көз алдыңызға елестете аласыз ба? Егер дәл осы екі миллион пациент өздерінің қан қысымын қадағалап отырмаса, онда небәрі 5-10 жылдан кейін оларда міндетті түрде бүйрек аурулары пайда болады.

 

Сонымен қатар адамның жас шамасы да қауіп факторы болып саналады. Адам жасы неғұрлым ұлғайған сайын, ол соғұрлым бүйрек ауруларына бейім болуы ықтимал.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жүргізіп отырған зерттеуіміздің нәтижесі бойынша елімізде гипертензиямен ауыратын 2 миллионға жуық науқастың бар екендігі анықталған. Сіз осыны көз алдыңызға елестете аласыз ба? Егер дәл осы екі миллион пациент өздерінің қан қысымын қадағалап отырмаса, онда небәрі 5-10 жылдан кейін оларда міндетті түрде бүйрек аурулары пайда болады.

ҚАНДАЙ ЖАМАН ӘДЕТТЕР БҮЙРЕККЕ ЗИЯН КЕЛТІРЕДІ?

Әдетте қимыл-қозғалысы аз өмір салты мен тамақты шамадан тыс ішу болған жерде, уақыт өте келе адам артық салмақ жинайды. Ал артық салмақпен бірге әрдайым дерлік гипертензия жүреді – бұл бүйрек ауруларының негізгі себебі. Сондай-ақ, ең бастысы, қазіргі таңда медициналық дәрі-дәрмектердің бақылаусыз қолданысын да жаман әдеттердің қатарына жатқызуға әбден болады. Еліміздегі көптеген адамдар медициналық препараттарды дәрігер беретін дәріқағазынсыз қолдануға болмайтындығын түсіне бермейді. Ауырсынуды басатын және антибиотиктерді бақылаусыз қолдану бүйрекке үлкен зиян келтіреді.

 

Сонымен бірге адам ағзасына токсиндердің теріс әсерін атап айтқым келеді. Ағзаға кез келген токсин түскен кезде негізгі соққы бүйрек пен бауырға келеді екен. Токсиндер бауырдың ішінде залалсыздандырылады, дегенмен олардың ақырғы өнімі мен токсиндердің өздері бүйрек арқылы шығарылады да, осылайша, бүйректің жасушалары зақымдануы мүмкін. Бұл токсиндер адамның ағзасына тамақ және дәрі-дәрмектер арқылы түсуі ықтимал. Токсиндер ағзаға қалай түседі? Темекі тарту, алкоголь ішу кезінде енеді. Қолайсыз экологиялық жағдай – тұмша, ластанған су да өз үлестерін қосып отырады.

 

Сондай-ақ алкогольге салыну және кез келген түрдегі темекі тарту да бүйрекке тікелей және жанама жолдар арқылы теріс ықпалын тигізетінін ұмытпаған абзал. Яғни, бұл жерде этил және оның ақырғы өнімдерінің бүйрек жасушаларына тікелей әсері мен әртүрлі метаболизмдік бұзылыстардың жанама ықпалын айтуға болады. Шылым шегудің де жүрек-қан тамырларының аурулары, соның ішінде бүйрек аурулары үшін қаупі жоғары болып саналады. Қарапайым темекінің құрамында 7000 химиялық заттектер кездеседі, олардың көбісі уытты болып келеді. Темекіні қыздыруға арналған жүйелер (ТҚЖ) де темекіні дәл солай қыздырады да, құрамында хош иістендіргіштер және деммен бірге жұтылатын аэрозольдің шығарылуына арналған басқа да химиялық заттектер болады. ТҚЖ құрамында қандай химиялық заттектердің бар екендігін нақты білмесек те, дегенмен бұл біздерді белгілі бір дәрежеде улы химикаттарға ұшырататыны күмән келтірмейді.

 

Жүрек ауруларына байланысты барлық қауіп факторлары бүйрек ауруларына да қатысты болып отыр. Қауіп-қатер факторлары екі топқа: түрлендірілетін және түрлендірілмейтін болып бөлінеді. Түрлендірілетіндер – бұл біз әсер ете алатын, ең болмағанда, кейбір өзгерістерді енгізе алатын факторлар. Ал түрлендірілмейтіндер – бұл біз оларға қарсы күресе алмайтын факторлар. Мысалы, біздер жас шамасы мен жынысқа әсер ете алмаймыз, біздер генетикалық факторларға ықпал ете алмаймыз.

 

Барлық қалған жайттарға келетін болсақ, қазіргі заманғы медицина қан қысымын да, қант диабетін де бақылауда ұстай алатыны хақ. Семіздікті түзетуге, ал жаман әдеттерімізбен күресуге болады – бұның бәрі де өзімізге байланысты.

 

Осы факторларды болдырмау, демек, бүйрек ауруларын қоздырмау және ақырғы нүктесіне дейін жеткізбеу де толықтай қолымыздағы нәрсе болып отыр. Ақырғы нүкте дегеніміз бұл бүйректің өз қызметін толығымен жоғалтып алған кезде науқастың үнемі диализде отыруға мәжбүр болуы және донорлық бүйрек трансплантациясын күтіп жүруін білдіреді. Осы емдеудің екі жолы да қымбатқа түседі және бұл сатыға дейін жеткен пациенттің өмір сапасы қатты нашарлайтыны рас.

 

СІЗ ӨЗ ТӘЖІРИБЕҢІЗДЕ АДАМДАРҒА ЗИЯНДЫ ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ЗАТТАРҒА КЕЗ БОЛДЫҢЫЗ БА? МӘСЕЛЕН, АРТЫҚ САЛМАҒЫ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАНТСЫЗ ПАЙДАЛЫ ТӘТТІЛЕР ПАЙДА БОЛҒАН, АЛКОГОЛЬДІ ІШЕТІН ӘЙУЕСҚОЙЛАР ҮШІН ДЕ АЛКОГОЛІ АЗ КӨПТЕГЕН ІШІМДІКТЕР ҰСЫНЫЛҒАН, АЛ ШЫЛЫМҚҰМАРЛАР ҮШІН ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ Т.Б. БАРШЫЛЫҚ.

Егер ең кеңінен таралған жаман әдетті алатын болсақ, яғни, темек тарту – бұл онкологиялық аурулардың пайда болуына әкелетін бірінші кезектегі қауіп. Шылымқұмарларда онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының аурулары және бүйрек дерттері жиі кездеседі. Қауіп-қатерді төмендету мақсатында, ең алдымен, темекі шегуден бас тарту керек.

 

Қазіргі кезде осы жаман әдеттен құтылудың көптеген жолдары бар. Мысалы, темекі шегуден біржолата бас тартқысы келетіндер үшін смартфондарға арналған алуан түрлі қосымшалар ұсынылған. Бұл жерде нақты тапсырмалар, психологиялық тренингтер, кесте бойынша жасалатын медитациялар келтірілген. Егер барлық тапсырмаларды тәртіпті түрде әрі дәйектілікпен орындайтын болсаңыз, белгілі бір уақыттан кейін жаман әдеттен арылуға әбден болады.

 

Сол секілді алкогольді ішімдіктерді тұтыну әдетінен де бас тартқан абзал. Тіпті, аз мөлшерде болсын алкогольді ұдайы тұтынып отырған кезде адамға қауіп төніп тұрады. Ертеңгі күні сол адам үйреншікті ішімдіктері ауқымды түрде қолжетімді ортаға тап болып, осы бағытта «ілгерілеп», жаман әдетін одан бетер күшейте түсуі мүмкін.

 

Айта кетерлік жайт, мен сіздің сайтыңызды қарап шықтым, мұнда пайдалы заттар көп екен. Сіздердің жазып отырған материалдарыңыз нағыз қомақты жұмыс. Біздің халқымыз, шынында да, көп нәрсені біле бермейді. Бұл туралы айтып отыру, білім тарату керек.

 

ЕГЕР БҮЙРЕК – «ҚЫҢҚ ЕТПЕЙТІН МҮШЕ» БОЛСА, ДЕМЕК, ШАҒЫМДАРМЕН КЕЛЕТІН АДАМДАРДЫҢ САНЫ АЗ ШЫҒАР…

Бүгінгі таңда менің тәжірибемде бүйрек ауруларына тап болған тіптен жас адамдардың келу жағдайлары жиілеп кетті. Осының себебі жастардың әуестенетін тәтті сусындар мен энергетиктерді мөлшерсіз тұтынуында жатыр. Бүйректің ресурсын автокөлік ресурсымен салыстыруға әбден болады, мұндағы қозғалтқыштың қызметі де белгілі бір мерзімге ғана көзделген. Егер сіз көлікті әрдайым 200 км/сағ жылдамдығымен айдап жүрсеңіз, онда оның ресурсын әлдеқайда тез тауысатын боласыз. Сондықтан сіздің бүйрегіңіз де ағзаңызға уытты заттар көптеп түссе, анағұрлым жылдамырақ жұмыс істеп тұрады.

 

Жаман әдеттер физиологиялық қана емес, сондай-ақ психологиялық тәуелділікті де тудырады. Оларды басқа бір нәрселермен алмастыруға тырысып жатқанда адам өзін салауатты өмір салтына ауысуға дайындайды. Ал егер де зиянды төмендетуді белгілі бір кезең ретінде қарастыратын болсақ, онда, менің ойымша, бұл жақсы нәрсе.

 

Қазіргі уақытта емханаларда, стационарларда ресми түрде тіркелген және құжаттандырылған созылмалы бүйрек дертімен ауыратын науқастар саны 200 мыңға жетіп отыр. Шыны керек, бұл өте көп! Дегенмен, біздің паймымызша, бұл мәліметтер ішінде сол емханаларға жүгінбеген, осындай диагнозы қойылмаған, есепке алынбаған адамдар ескерілмей қалған. Біздің еліміздегі барлық тұрғындар арасында скрининг жүргізуге арналған дайын әлеуметтік жобамыз бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін демеушілер мен қандай да бір салымдарды күтіп отырмыз. Осы жобадағыдай, біз барлығын да: артық салмақ, темекі тарту, алкогольді ескеретін боламыз.

 

БҮЙРЕКТІ ЖЫЛЫНА ҚАНША РЕТ ТЕКСЕРТКЕН ЖӨН ЕКЕНДІГІН АЙТЫҢЫЗШЫ? БІЗДЕР АУЫРМАҒАНША, ДӘРІГЕРДІҢ ТЕКСЕРІСІНЕ БАРУ СЕКІЛДІ ӘДЕТІ ЖОҚ ХАЛЫҚПЫЗ ҒОЙ. АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бұл жердегі басты түйткіл бүйректің скринингі мемлекеттік бағдарламаларға кірмейтінінде жатыр. Ал біздер осыған қол жеткізуді көздеп отырмыз. Дені сау адам, кем дегенде, жылына бір рет скринингтен өтуге тиіс. Ал қауіп факторлары бар адамдар, мәселен, гипертензия немесе қант диабетімен ауыратындар одан да жиірек өтуі қажет. Бұл бүйрек қызметіне байланысты болып отыр.

 

Егер адам бұрыннан ауырып жүрген болса, бұл жерде бақылау деңгейі аурудың сатысына байланысты. Бірінші-екінші сатыларда скрининг жылына екі-үш рет жасалуы мүмкін, ал 3-4 сатыларда – тоқсан сайын жасалуы тиіс. Өйткені осы сатыларда бесінші кезеңіне өте жылдам өтіп кетуге болады. Бұл жайт көзден таса қалуы мүмкін. Ал егер науқас бесінші сатыға өтіп кеткеннен кпейін ғана біздерге келсе, онда өлім қаупі өте жоғары. Оларға диагнозды неғұрлым кеш қойсақ, жағымсыз салдардың пайда болу қаупі де соғұрлым жоғары болмақ.

 

Жекеменшік, сол секілді мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін көптеген адамдарда медициналық кітапшалары бар. Осы тұста стандарттық әрі тұрақты профилактикалық тескерулерге жауапкершілікпен қараған жөн. Бұл біреу үшін емес, өзіңізге ғана керек нәрсе. Мемлекет сіз үшін қаражат бөліп қойған, бар болғаны бір күндік уақытыңызды жұмсасаңыз жеткілікті. Қан қысымын өлшеу, қант деңгейі және қанның басқа да биохимиялық көрсеткіштерін анықтау қажет.

 

Сонымен қатар несепті талдауға және қан креатининін анықтау үшін өз бетіңізбен анализдерді тапсырып тұрғаныңыз абзал. Бұл талдау бүйрек қызметін тексеруге көмектеседі. Егер осы анализ мемлекеттік бағдарламаларға енгізілсе, онда біздер пациенттерді ерте сатыларында анықтайтын боламыз. Егер бүйрек ауруын дер кезінде анықтап, оны тоқтатсақ, адам жайлы және аурулар пакетінсіз-ақ қаусап қартайғанға дейін өмір сүре алады.

 

10-ШЫ НАУРЫЗДА БҮКІЛӘЛЕМДІК БҮЙРЕК КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ. ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША БҰЛ КҮНІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ІС-ШАРАЛАР, ФЛЭШМОБТАР, КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, ЖАППАЙ СКРИНИНГТЕР ӨТКІЗІЛЕДІ. АЛ ҚАЗАҚСТАНДА НЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ?

Адамдардың бүйрек аурулары турасында хабардарлықты жоғарылату аясында біздер жуырда ТМД елдері бойынша халық арасында сауалнама жүргізгенбіз. Жауап бергендер аты-жөндерін көрсетпей, сауалнаманы толтырған болатын. Қазақстаннан термесауалдауышты 2000 адам толтырды. Осының нәтижесінде таңқаларлық жайттар анықталған еді. Еліміздегі адамдардың көбісі гипертония бүйрек ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын қауіп факторы екендігін біле бермеген. Кейбіреулер, тіпті, бүйрек мүлдем ауырмайды деп ойлайды. Өкінішке қарай, бүйрек ауырсыну нышанатын білдіртпейді, шыны керек, бұл аурудың соңғы сатыларына дейін солай жалғаса беруі де мүмкін. Осы тұста тек несеп-тас ауруы кезінде ғана бүйрек шаншып ауырады екен. Мәселен, «бүйрек ауруына» деген шағымымен келетін адамдардың дені, яғни, 10 жағдайдың 9-нда бел аймағындағы жүйке-бұлшықеттік ауру екендігі анықталады. Демек, осы адамдардың ішіндегі біреуі ғана менің пациентім болып шығады.

 

Әріптестерімізбен бірлесіп құрған жоспарларымызға сәйкес, ең болмағанда, Астана мен Алматы қалаларында жаппай скрининг тексерулерін тұрақты түрде өткізуді көздеп отырмыз, алайда бұл жобаға әзірше қаражат іздеу үстіндеміз.

 

Біздің негізгі мақсатымыз – профилактикалық медицина. Азаматтардың хабардарлығын жоғарылату, оларды салауатты өмір салтына тарту.

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]