
Кандидоз өтпей жатыр ма? Себебін анықтайтын кез келді
Кандидоз – бұл ең кеңінен таралған инфекциялардың бірі, әрі оған әйелдердің көбі өмірінде бір рет болса да тап болады. Осыған қарамастан, кандидоздың айналасында күні бүгінге шейін көптеген дақпырттар бар: туындауының себептерінен бастап емдеу мен алдын алудың тәсілдеріне дейін. Кандидоз неліктен пайда болады, ол қайтып оралуы мүмкін бе және бұл тұста өмір салты мен әдеттердің рөлі қандай екендігі жайында Лайқос онколог-маммолог маманы Анастасия Стригуновадан сұрады.
Кандидоз несімен қауіпті
Кандидоз – бұл Candida деп аталатын ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың салдарынан туындайтын инфекция. Бұл микроағзалар шартты патогенділерге жатқызылады: олар қалыпты жағдайда адам ағзасында болады және иммунитет пен микрофлора тепе-теңдікте болған кезде ешқандай зиян келтірмейді.
Осы теңгерім бұзылған жағдайда саңырауқұлақшалар белсенді түрде көбейе бастайды да, қабынуды тудырады. Көбінесе кандидоз қынаптың, несеп жолының, ауыз қуысының, ішектің шырышты қабығы мен теріні зақымдайды. Ең белгілі белгілері – бұл қышу, дызылдау және өзіне тән ірімтік бөліністер.
Жұқпаның қандай түрлері болады
Кандидоз әртүрлі жерлерде – жыныс мүшелерінде, ауызда, теріде немесе жалпы ағзада пайда болуы мүмкін. Ағымы жағынан ол жіті, созылмалы, рецидивтермен немесе симптомсыз өте алады. Сондықтан өзін-өзі емдеумен айналыспай, нақты диагнозды қою үшін дәрігердің көмегіне жүгінген аса маңызды.
Неліктен кандидоз пайда болады
Кандидоз негізінен ағзаның қорғаныс күштері әлсіздегенде немесе микрофлора бұзылған кезде әрдайым дерлік туындайды.
Кеңінен таралған қауіп факторларына келесілер жатады:
- иммунитеттің төмендеуі
- антибиотиктерді қабылдау
- гормондық өзгерістер (жүктілік, контрацептивтер)
- қант диабеті
- күйзеліс
Сондай-ақ ықпал ете алатын тұрмыстық факторлар да кездеседі:
- синтетикалық іш киім
- бұрыс интимдік гигиена
- тәттілер мен жылдам көмірсулардың көптігі
- климаттың өзгеруі
- ұйқының қанбауы
Құрамында қант пен тазартылған өнімдердің мөлшері жоғары келетін тамақтану Candida саңырауқұлақшаларының өсуі үшін қолайлы ортаны құрады.
Темекі шегудің кандидозға әсері
Темекі тарту кандидоз бен оның қайталану қаупін арттырады. Темекі түтіні иммунитетті төмендетеді, микрофлораны бұзады және шырышты қабықты тітіркендіреді, ал бұл өз кезегінде саңырауқұлақшалардың көбеюін жеңілдетеді және ауруды созылмалы етеді.
Жұқпаның алдын алу мен оны емдеу тұрғысынан ең қолайлы шешім ретінде темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек. Адам шылымнан арылуға дайын болмаған жағдайда зияны төменірек балама нұсқа ретінде хиттерлерді (қыздырылатын темекі) қарастыруға болады. Кәдімгі шылыммен салыстырғанда мұнда темекі жанбайды, ол тек қана қыздырылады. Тиісінше, темекі түтініне қарағанда зиянды заттектердің (темекінің жану өнімдері) мөлшері әлдеқайда азырақ түзіледі. Дәстүрлі темекіні қолданумен салыстырғанда хиттерлерге ауысу арқылы микрофлораға түсетін шамадан тыс жүктеме мен шырышты қабаттардың жай-күйі төмендейді.
Кандидозды қалай анықтайды
Кандидозды растау үшін дәрігер (гинеколог немесе уролог) ең алдымен емделушіні тексереді және қажет болған жағдайда қосымша анализдерді тағайындайды – жағындының микроскопиясы, бактериологиялық себінді немесе ПТР-тест. Зерттеулердің мұндай кешені кандидозды басқа инфекциялардың түрлерінен 100% дерлік дәлдікпен ажыратуға мүмкіндік береді.
Жұқпаны қалай емдейді
Кандидозды емдеу әрдайым кешенді түрде өтуі керек. Ол жарамды дәрі-дәрмектерді таңдауды, иммунитетті нығайтуды, өмір салтына қамқорлық танытуды, ілеспе ауруларды емдеуді, тамақтануды реттеу мен жаман әдеттерден бас тартуды қамтиды. Егер қоздырушы факторлар жойылмайтын болса, кандидоз қайта оралуы мүмкін.
Кандидоздың қаупін төмендетудің жолы
Көбіне-көп жұқпаның алдын алу күнделікті әдеттерге байланысты болып келеді. Келесі жайттар көмектеседі:
- қалыпты микрофлораны сақтау
- мақтадан тігілген іш киім
- дұрыс интимдік гигиена
- антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша ақылға салып қабылдау
- тәттілерді және ұннан жасалған тағамдарды шектеу
- күнделікті төсеніштерден бас тарту
- құрамында қолайлы pH бар интимдік гигиенаға арналған құралдарды қолдану
Неліктен кандидоз қайтып оралады
Кандидоздың қайталануы емдеуге ғана емес, сондай-ақ ұстанатын өмір салтына да жиі байланысты болады. Тәтті тағамдар мен алкогольді шамадан тыс тұтыну, күйзеліске ұшырау, ұйқының қанбауы, тар немесе синтетикалық іш киімді кию, интимдік гигиенаға арналған агрессивті құралдарды пайдалану, антибиотиктермен емделу және бассейнге түскеннен немесе жыныстық қатынастан кейін гигиена ережелерін сақтамау осыны қоздыруы бек мүмкін.
Қорытынды
Ең маңыздысы, белгілерді уақытында байқау, өзін-өзі емдеумен айналыспау және денсаулығыңызға қамқорлық таныту, яғни, иммунитетті нығайту, шырышты қабаттарды сақтау және керекті жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну. Дұрыс әдіс-тәсіл жайсыздықтан тез құтылуға және жұқпаның қайтадан көрініс табу қаупін төмендетуге көмектеседі.