Қорыл: қаупі, себептері және шылымқұмарлар мен темекі тартпайтындар үшін емделудің әдістері
Статистика бойынша жер шарындағы халықтың шамамен үштен бір бөлігі қорыл түйткіліне тап болып отырады. Ол қалыпты демалуға кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен бірге денсаулықтағы күрделі ақаулардың бар екені туралы белгі беріп тұруы да әбден мүмкін. Қорылдау шылымқұмарлар үшін ерекше қауіпті, өйткені темекі тарту оның көріністерін күшейте түседі және асқыну қауіпін арттырады. Бұл неліктен болып жатады, қорылдаудан қүтылу және салдарының алдын алудың жолы қандай? Лайқос жобасына бұл сұрақтарға жауап беруде пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова көмектесті.
Қорылдаудың себептері
Қорыл – бұл ұйқы бұзылуының бір түрі. Ол тыныс алу жолдарының тарылуы салдарынан пайда болады, әрі осының салдары ұйқы кезінде тамақ және/немесе жұтқыншақтың жұмсақ тіндерінің дірілдеуіне әкеліп соқтырады. Бұл түйткіл балалар арасында 5% жағдайда, жасөспірімдер мен орта жастағыларда – 15-30%, ал егде жастағы адамдарда аталмыш көрсеткіш 40% асып түседі. Сонымен бірге әйелдерге қарағанда ер адамдар анағұрлым жиірек қорылдайды. Негізгі себептер қатарына не кіреді:
- Тамақ, жұтқыншақ, көмекей бұлшықеттері тонусының әлсіреуі, бұл әсіресе үлкен кісілерде жиі кездеседі.
- Артық салмақ, бұл мойын аймағында майдың жиналуына апарады.
- Темекі тарту, өйткені бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабатының қабынуы мен ісінуін тудырады, бұлшықеттердің тонусын төмендетеді және ӨСОА даму қаупін арттырады. Сондай-ақ шылым тарту «өтілі» мен шегілген темекі талдарының саны неғұрлым көп болса, жағдай соғұрлым нашарлайды.
- Жүктілік, ішастарішілік қысым көтерілген кезде және жоғары тыныс алу аппаратына салмақ түскенде.
- Миорелаксанттарды (босаңсытатын препараттарды) қабылдау, бұл белгілі бір ауруларды емдеуге арналған дәрігер тағайындайтын дәрі-дәрмектің түрі. Қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуы.
- Алкогольді шамадан тыс тұтыну, бұл көмей бұлшықеттерін босаңсытады.
- Жоғары тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялары, мұндайда көмекей ісінеді.
- Анатомиялық ерекшеліктер, мәселен, кеңсіріктің қисаюы, бұрыс тістем немесе көмекей бездерінің үлкеюі және т.б.
Қорылдаудың қаупі
Бір қарағанда қорыл зиянсыз болып көрінуі мүмкін, дегенмен шын мәнісінде бұл үлкен қауіп төндіреді, себебі бұл жайт ерте белгілердің бірі болып саналады және келесідей жағдайларға апаруы мүмкін:
- Ұйқыдағы обструктивті апноэ синдромы (ҰОАС), мұндайда адам тыныс алуды уақытша тоқтатады, әрі оған оттегі жетіспей тұрады. Бұл синдром адамдардың 2-5% кездеседі. Осындай оттегі жетіспейтін кезеңдер жалпы оттегі жетіспеушілігіне, жүйке жүйесі мен зат алмасу үдерісінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің артуы, соның ішінде гипертония, инсульт және инфаркт секілді аурулар. Қорылдау мен апноэ аритмияның дамуы, тамырлар қабырғасының зақымдалуы, қысымның көтерілуі, өмір үшін маңызды мүшелердегі жасушалардың оттегі жетіспеушілігіне тап болуы мен атеросклеротикалық түйіншектердің түзілуі секілді қауіптерді жоғарылатады
- Ұйқы сапасының бұзылуынан туындайтын созылмалы шаршағандық және зейін қою түйткілдері. Мәселен, шет елдердің статистикасына сәйкес, әрбір бесінші апаттың себебі көлік жүргізушісінің ұйқышылдығы болып келеді. ҰОАС шалдыққан адамдарда жол-көлік оқиғаларының жиілігі статистиканың орташа көрсеткіштерінен 4-6 есе жоғары.
- Темекі тартатын адамдарда қорылдау көбінесе тұрақты түрде болатын тыныс алу жолдарының созылмалы қайта соқпалы қабынуымен бірге жүреді, әрі бұл тыныс жеткіліксіздігін ауырлата түседі.
Қорылды қалай емдеуге болады?
- Темекі тарту мен алкогольден бас тарту. Жаман әдеттерден біржолата бас тарту – денсаулықты сақтаудың ең жақсы тәсілі. Алайда кейде көпжылдық тәуелділігі бар адамдар үшін бұл қайтару нышанатының салдарынан қиынға соғуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда зиянды төмендету тұжырымдамасын қарастыруға болады, мәселен, күштілігі анағұрлым төмен келетін алкогольді ішімдіктерге ауысу және хиттерлерді пайдалану. Темекімен салыстырғанда хиттерлер жану үдерісіне жол бермейді және сәйкесінше темекі түтінін болдырмайды, ал соңғысы шырышты қабаттардың созылмалы қабынуын тудыратын токсиндерді қамтиды. Мұндай әдіс-тәсіл күйзелісті анағұрлым төмендетуге көмектеседі және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Салмақты төмендету: Бұл тыныс алу жолдарына түсірілетін салмақты азайтады, олардың қалыпты арнасын қалпына келтіреді және жұмсақ тіндердің дірілдеуін төмендетеді. Осындай үдеріс қорылдың қаттылығы мен жиілігін қысқартады, ал кейбір жағдайларда одан, тіпті, мүлдем құтылуға да көмектесе алады.
- Арнайы құрылғыларды қолдану, тыныс жолдарын ашуға және ұйқы кезінде ашық қалдыруға мүмкіндік беретін ауызішілік тіссауыттар.
- Тыныс алу жолдарында тұрақты оң қысым жасау әдісі (CPAP) – бұл дегеніміз дем жұтқанда, әрі дем шығарған кезде тыныс алу жолдарының іс жүзінде «үрленуі». Осының арқасында ұйқы кезінде жұтқыншақтың жұмсақ тіндері ішке кіріп кетпейді, ал адам түні бойы еркін тыныс алады. Біреулер үшін аталмыш емдеу тәсілі ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін, өйткені маскамен ұйықтауға тура келеді, дегенмен бірінші рет қолданғаннан кейін-ақ емделушілер ұйқы сапасының өзгергенін, күш-қуаттың артқанын, еңбекке қабілеттіліктің жоғарылағанын сезінеді.
- Хирургиялық әрекет, қорылдаудың себебі анотомиялық ерекшеліктерге байланысты болған жағдайда, мәселен, кеңсіріктің қисаюы, ісіп ауыруы және көптеген басқа да жайттар. Мұндай процедуралар хирург мамандарының жоғары біліктілігі мен мұқият диагностиканы талап етеді.
- Тұрақты медициналық тексерулер, бұл қорылдаудың себебін анықтау, ықтимал асқынуларды болжау және олардың дамуын қадағалау үшін қажет. Естеріңізде болсын: қорыл – бұл жақын адамдарыңыздың көңілі толмаушылығы ғана емес, сонымен бірге денсаулығыңыз жайындағы қауіп белгісі. Дәрігерге уақытында қаралу және ем-дом шараларын тағайындау адамның өмірін құтқаруы мүмкін.
Қорытынды
Бұл түйткілді елемеуге болмайды және диагностика мен емдеу жолын таңдау үшін дәрігердің көмегіне жүгінген маңызды. Өмір салтын өзгерту, медициналық технологияларды пайдалану және алдын алу шараларын қолдану секілді кешенді тәсіл қорылды жеңуге, денсаулықты сақтау мен өмір сапасын жақсарта түсуге көмектесетіні айқын.