Темекі шегуші көршіден қалай қорғануға болады және зиянды азайтудың жолы

Қайда барсаң да темекінің түтіні

Шылымқор көршіден құтылудың және айналаға у шашпаудың жолы қандай?

Көрші пәтердегі әйел күнде подъезде шылым шегеді. Жоғарыдағы көрші балконында темекісін будақтатады да тұрады. Тағы біреуі көпқабатты үйдің тура түбінде түтіндетеді… Іздеу жүйелеріне кіре қалсаң, көрші-қолаңның мұндай зиян әдетінен зардап шеккендердің шырылынан құлақ тұнатындай. Бөтен адамға өз үйінде шылым шегуге тыйым салуға бола ма, жоқ па? Түсіндіріп көрейік.

«Кедергі болған көршінің түбіне жетейін бе?» Үйде темекі түтіні атты «шақырылмаған қонақ» пайда болғанда Земфира Талғатқызының осы әнін еріксіз ыңылдап айтып жүресің. Алайда бұл – заңға қайшы әрекет. Дегенмен мәжбүрлі түрде біреудің қоңсығын иіскеп отырудан қашу керек. Ал сіз әңгімеге арқау болған шылымқор көрші болсаңыз, айналадағылардың жай-күйін тіпті де қамқорлық танытуға тиіссіз.

 

ШЫНЫМЕН СОНДАЙ ЖАН БОЛСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Саналы болыңыз. Қоршаған адамдардың дұрыс қарым-қатынасын күтсеңіз, сізге де жан-жаққа у шашпаған жөн. Тура және ауыспалы мағынасында. Көршілердің өмірін қиындатып, шылым түтінін және ол жанған кезде бөлінетін заттарды, шайырды, канцерогендерді басқаның басына үйіп-төкпеңіз.

 

Ең дұрысы – темекіні мүлдем қойып кету. Бұл қолдан келмесе, зиян әдеттің сізге де, басқаға да тиер залалын барынша азайтуға тырысу керек. Мысалы, шылымды никотин алудың балама тәсілдеріне ауыстыруға болады. Темекіні қыздыру жүйелерінде СО2 деңгейі кәдімгі ауадағы көрсеткішпен шамалас. Ал жанған шылым түтінімен салыстырғанда зиянды заттар көлемі әлденеше аз кездеседі. Мұндай құрылғыларда иіс жоқ деуге болады және түтіндемейді, себебі жану процесі мүлдем жоқ, сондай-ақ темекінің өзі 350° C-тан аспайтын температураға дейін қызып қана қояды. Сол себепті бір оқпен бірнеше қоянды атып алу мүмкіндігі бар: темекіні де қоймайсыз, денсаулығыңызға келетін зиянды да азайтасыз, көршілермен де сәлеміңіз түзу болады.

 

КӨРШІМ ШЫЛЫМҚОР БОЛСА ҚАЙТЕМІН?

Тек заң аясында әрекет етіңіз. Нақтысы, әкімшілік құқықбұзушылықтар мен халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстермен «қаруланыңыз».

 

Өкінішке қарай, шылымқор көршілерге қатысты заң әрдайым сіздің жағыңызға шыға бермейді, сондықтан мұны тәрбие-мораль тұрғысынан да қарастыруға болады.

 

Дегенмен заңда қалай жазылған?

 

«Білім, денсаулық сақтау мекемелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда және басқа бұқаралық демалысқа арналған жабық ғимараттарда шылым шегуге тыйым салынады. Сондай-ақ ұшақта, автобус салонында және басқа қалалық жолаушы көлік түрлерінде темекі тартуға болмайды».

 

Бұл тізімде балкон жоқ. Алайда үй подъезі бар. Сондықтан пәтерінен шығып, бірақ далаға беттемей темекі тартатын адамды жауапкершілікке тартуға болады. Ол үшін учаскелік полиция қызметкеріне хабарласыңыз. Шылымқор 3 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

 

Қоғамдық орындарда шылым шегуге салынатын тыйым әйнектелмеген подъезд балкондарына да қатысты қолданылады (пәтердегі балконмен шатастырмаңыз). Алайда өкініше қарай, аулада тұрып темекі тартатын көршіге қатысты заң бойынша ештеңе істей алмаймыз. Тіпті оның түтіні подъезд бен пәтерлерге кіріп жатса да. Заңнамада мұндай әрекетке ешқандай тыйым салынбаған.

ҮЙІМ – ҚАМАЛЫМ

Көршіңіз заң бұзбаса және темекі балконында немесе дәретханасында тартса, айтқан уәжіңізге «үй менікі, не істесем де өзім білемін» деп жауап берсе, қайтпек керек? Open Almaty сайтында бұл сауалдың нақты жауабы бар екен:

 

«Алдымен сіздің пәтерге шылымқор көршіңіздің түтіні мен темекі исі қайдан келетінін анықтап алу керек. Желдеткіш шахта арқылы тап болса, ПИК-ке сол шахтаны тексеру жүргізуді сұрап жазбаша арыз бағыттау қажет. Себебі ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмауы мүмкін».

 

Open Almaty бұдан бөлек Санитарлық-эпидиомологиялық сараптама және мониторинг ұлттық-тәжірибелік орталығына да арыз жазуға кеңес береді. Арнайы мамандар келіп, бәрін тексеріп, өлшеп, зерттеп, мұқият қарастырып, сәйкес құжат беруге тиіс. Осыдан соң сотқа жүгіне аласыз. Жауапкер ретінде желдеткіш шахталардың дұрыс жұмыс істеуін бақылап отыруы керек тарапты көрсетуге болады.

 

КЕЛІСІҢІЗ. БҰЛ – ПРОБЛЕМАНЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ

Көршіңіз балконда темекі тарса, оны сотқа бере алмайсыз, себебі ол заң бойынша ештеңе бұзған жоқ. Мұнда тек келісу арқылы мәселені шешуге болады. Айтқан өтінішіңіз еш нәтиже бермесе, мына әдістерді қарастыра аласыз. Алғашқысының нәтижесі әжептеуір, бірақ шығыны көп: балконға қосымша қондырғы (мәжбүрлі түрде желдететін, ауа тазалайтын, т.б.) орнатасыз. Екіншісі, «пара бергенше, бара беру». Пассив шылым шегу, қайталама түтін дегеннің не екенін көршіңізге түсіндіріп беріңіз. Зерттеулер пассив «шылымқорларда» өкпе қатерлі ісігінің пайда болу ықтималдығы 20-30%-ға жоғары екенін көрсетті. Бұдан бірдеңе шыға қоятынына күмәніміз бар, сондықтан ең дұрысы – келісуге тырысу. Болмады дегенде, Земфираның сөзіне құлақ асыңыз. Қалжың, әрине.

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]