
Ұзақ өмір сүрудің құпиялары: ағзаның жастығын ұзартудың жолы
Зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес өмір сүру ұзақтығының шамамен 20-30% ғана генетикаға қатысты, ал қалған 70-80% өмір салты мен қоршаған ортаға байланысты болып келеді. Дәл осы себептен отбасыда жүрек-қан тамырларының аурулары немесе қант диабеті болған жағдайда да, күнделікті әдеттерді өзгерту тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Күннен қорғайтын иісмайларды күн сайын қолданыңыз
Тері қартаюының көзге көрінерлік белгілерінің 80% дейін жас шамасымен емес, ультракүлгіннің ықпалымен байланыстырылады. UVA-сәулелер терінің ішіне терең сіңіп кетеді де, коллаген мен эластинді зақымдайды, әжімдердің, қара дақтардың пайда болуын жылдамдатады және терінің серпімділігін азайтады. Айта кетерлік бір жайт, олар бізге тек жазда ғана емес, сонымен бірге қыс маусымында да ықпал етеді, әрі терезенің әйнегінен өтеді.
Көбірек қозғалыңыз
30 жастан кейін адам бірте-бірте бұлшықет массасын жоғалта бастайды. Сондықтан ғалымдар көбінесе күштік жаттығуларды салауатты қартаюдың басты құралдарының бірі деп атайды. Олар бұлшықетті және сүйек тығыздығын сақтауға көмектеседі, зат алмасуды жақсартады және егде жастағы құлау қаупін азайтады. Аптасына, тіпті, 2-3 рет жаттығудың өзі өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарта алады. Ересек адамдарға аптасына, кем дегенде, 150 минут орташа деңгейдегі физикалық белсенділікпен шұғылдануға кеңес беріледі. Күн сайын спортпен айналысу міндетті емес – тіпті, тұрақты түрде серуендеудің өзі пайдасын әкелері сөзсіз.
Омега-3 деңгейін сақтаңыз
Аптасына 1-2 рет майлы балық жеу немесе, қажет болған жағдайда, дәрігер тағайындаған қоспаларды қабылдау жүрек пен тамырлардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді. Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, адам ағзасындағы жоғары омега-3 деңгейі әлдеқайда баяу биологиялық қартаюмен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты болуы ықтимал.
Ұйқы – көп жасауға деген инвестиция
Ұйқының жеткіліксіздігі, сол секілді үнемі 9-10 сағаттан артық ұйықтай беру әдеті де жүрек-қан тамырларының ауруларының дамуы мен денсаулықтың жалпы нашарлауының жоғары қаупімен байланысты. Зерттеулер мезгілсіз өлімнің ең төмен қаупі тұрақты түрде 7-8 сағат бойы ұйықтайтын адамдарда байқалғанын көрсетіп отыр.
Темекі шегуден бас тартыңыз
Дүниежүзі бойынша темекі тарту мезгілсіз қазаның алдын алуға болатын басты себептерінің бірі болып қала береді. Ол тамырлардың қартаюын жылдамдата түседі, өкпе, жүрек пен мидың қызметін нашарлатады, инфаркт, инсульт, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен қатерлі ісіктің көптеген түрлерінің қаупін арттырады. Сонымен бірге шылым тарту сырт келбетке де әсер етеді: бұл терінің қартаюын тездетеді, әжімдердің пайда болуына септігін тигізеді, беттің реңін нашарлатады және тіндердің қалпына келу үдерістерін бәсеңдетеді. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру үшін ең жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту.
Егер сіз әзірге темекіден құтылуға дйын болмасаңыз, онда хиттерлерге ауысып көруді қарастыруға болады. Қарапайым шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, сондықтан темекі түтінін түзбейді – ал бұл жану өнімдерінің басым бөлігінің негізгі көзі болып келеді. Жану үдерісінің жоқтығынан, темекі түтінімен салыстырғанда көптеген зиянды және ықтимал зиянды заттектердің деңгейі айтарлықтай төмен.
Алкогольмен сақ болыңыз
Тіпті, бірқалыпты тұтынудың өзі бауыр, жүрек‑қан тамырлары жүйесінің аурулары мен қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін жоғарылатады, сондай-ақ ішімдік ұйқының сапасын нашарлып жіберуі, қартаю үдерістерін жылдамдатуы мен мидың жұмысына кері ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Алкоголь өміріңізде неғұрлым сирек кездесетін болса, бұл денсаулыққа, белсенділікті сақтау мен көп жасауыңызға да соғұрлым пайдалы.
Әлеуметтік байланыстар өмірді ұзартады
85 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан ересектердің дамуы тақырыбына арналған Гарвард зерттеуінің мәліметтеріне сүйенсек, нақ осы жақын адамдармен деген қарым-қатынастардың сапасы денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің ең мықты факторларының бірі болып отыр. Жылы әлеуметтік байланыстарды сақтайтын адамдар депрессияға, когнитивті бұзылыстар мен жүрек-қан тамырларының дерттеріне әлдеқайда сирек ұшырайды.