Алданғанымыз рас па? Никотин біз ойлағандай зиянды емес - Лайқос

Алданғанымыз рас па? Никотин біз ойлағандай зиянды емес

Ғалымдардың айтуынша, зиян келтіретін никотиннің өзі емес, сигарет түтіні екен

Зерттеулер барған сайын никотиннің денсаулыққа аса зиян тигізбейтінін көрсетіп келеді. Құрамында улы заттары бар әдеттегі сигареттердің түтіні әлдеқайда зиянды. Сондықтан никотинді шайнайтын темекі немесе темекі қыздыру жүйесі түрінде пайдалану БАҚ-та айтылатындай қорқынышты емес.

 

Бірақ неге бұл тақырып сонша көп дау тудырады? Біз бұл мәселенің басын ашып, никотинге қатысты оның ағзаға тигізетін әсері туралы басты дақпыртты жоққа шығарайық деп шештік.

 

ДАҚПЫРТТАР ӘЛІ КҮШІНДЕ

Тарту. Шығару. Тағы бір тарту және қайта шығару. Айналада шылымқұмарлар көп – көшеде, автобус аялдамаларында, кафеде. Әдеттегі сигарет немесе электрондық темекі тұтынушылары болсын, шылымқұмарлардың «құқықтары» аяусыз тапталуда. Шылым шегетін орындар күннен күнге азаюда, акциздерді көтеру себебінен темекінің бағасы да үздіксіз өсуде.

 

БАҚ пен жұрт бұл трендке оң көзбен қарайды, өйткені никотині бар өнімдер зиянды және тұтынушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да зиянын тигізеді деген дақпырттың күші басым болып отыр. Бірақ, оның қаншалықты шын екенін ойлайтын адам аз.

 

Никотин тәуелділік тудырып, тромбтардың түзілуіне ықпал ететініне қарамастан, ғалымдар шылым шегумен байланысты аурулардың себепшісі ретінде никотиннің өзін емес, оны қолдану әдісін – жануды атайды. Бұл классикалық сигареттерге – ішінде темекі мен қоспалары бар қағаз қауыздарына қатысты. Онысы түсінікті: денсаулыққа ең үлкен зиян тап осы шылым шегу барысында бөлінетін темекі түтінін тартудан келеді. Және де құрамында зиянды заттар көп. Атап айтсақ ше?

 

Темекінің құрамы

Британияның Қатерлі ісік ауруын зерттеу орталығының деректері бойынша сигарет түтінінде шамамен 7000 түрлі химиялық зат бар. Темекі жану барысында 700-900 Цельсий градусына дейін қызып түтінмен ағзаға түскенде ас қорыту және орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қорғасын немесе күшәлә – аса улы зат бөлінеді. Бұл заттар тартқан кезде қан айналым жүйесіне түсіп, бүкіл ағзаға әсер етеді.

 

БІРАҚ БҰЛ ШЫНЫМЕН ҚОРҚЫНЫШТЫ МА?

Әрине, темекі тұтынудың қалған әдістері зиянсыз деп айту қателік болар еді. Ақыр-аяғы, никотин адамды өзіне тәуелді етіп, қайта-қайта шылым шегуге мәжбүрлейді.

 

Ол қалай жұмыс істейді? Ғылымға жүгінейік. Medportal.ru сайтындағы әріптестеріміз никотин мидағы және бұлшық еттегі жүйке жасушаларының қосылған жерлеріндегі рецепторлар арқылы әсер ететіні жайлы жазады. Рецепторлар оны ағзаға түсе салысымен бірден таниды. Нәтижесінде қан тамырларының, бұлшықет тінінің, ішкі және сыртқы секреция бездерінің күйін басқаратын жүйке импульсінің жұмысы бұзылады. Рецепторлар никотиннің бары туралы сигнал бергенде қан қысымы көтеріліп, перифериялық қан айналымы бәсеңдейді.

 

Бұл ретте шылымқұмардың психикалық және физикалық күйі және шылым шегіп жатқандағы жағдайы босаңсудың да, серігудің де сезімін беруі мүмкін. Күйзеліс жағдайларында сигарет тыныштандырушы ретінде, ал босаңсу күйінде ынталандырушы ретінде әрекет етеді. Ағза қандағы никотиннің белгілі бір мөлшеріне үйіреніп алғаннан кейін ол оны ұстап тұруға тырысады да, адам қайта-қайта шылым шеккісі келіп тұрады.

 

Бірақ, тек зияны бар деп біржақты айта алмаспыз. Мысалы, Reuters журналисттері кейбір зерттеулердің көрсетуінше: никотиннің, кофеин сияқты жағымды әсерлері де болуы мүмкін деп жазады. Ол жүрек жиырылу жиілігін және сенсорлық ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыратын, шаршауды басып, ойлау қабілетін айқындайтын ынталандырғыш болып табылады.

 

Басылым 2000 жылы Brain and Cognition журналында «никотиндік ынталандыру Паркинсон ауруы жағдайында когнитивтік және моторлық аспектілерді жақсарта алады» деп келтірілген зерттеуге сілтеме жасайды. Behavioral Brain Research журналында келтірілген өзге зерттеуде «жақын болашақта терапиялық мақсаттарда қолдану әлеуеті бар» деп болжанған.

 

Жалпы айтқанда, сарапшылардың «никотин үйреніп кетуге себепші болып, зиянсыз емес болса да, шылым шегумен байланысты аурулардың тікелей себебі болып табылмайды» деген ортақ пікірі бар. Reuters басылымы мансабын шылым шегумен күресу әдістерін зерттеуге арнаған Лондонның Корольдік Колледжінің Психиатрия, психология және нейробиология институтының темекіге тәуелділік саласындағы профессоры Энн Макниллдің пікірін келтіреді. Оның ойынша, никотинді «әзәзіл» бейнесінен арылту уақыты келді.

 

СОНЫМЕН, ЗИЯНДЫ МА, ЖОҚ ПА?

Тәжірибе көрсеткендей, никотиннің жағдайын «жұрт айтқандай қорқатын түгі жоқ» деген сөзбен дәл сипаттауға болады. Бұл жерде біз никотинді дәстүрлі сигарет шегу әдісімен тұтынуды доғарған жағдайда оның зияны әлдеқайда аз болатынын дәлелдеген ғылымға сүйенуіміз қажет.

 

Мысалы, бүкіл әлемде әдеттегі шылым шегудің баламасы – темекіні қыздыру жүйесі мен электрондық сигареттер кеңінен таралып келеді. Олардың әдеттегі сигареттерден айырмашылығы неде? Жоқ дегенде ағзаға келтіретін зиянының аздығымен. Зерттеулер көрсеткендей: темекіні қыздыру жүйесін пайдалану кезінде бөлінетін аэрозоль құрамында зиянды және ықтималды зиянды компонеттер мөлшері әдеттегі сигареттегі темекі түтінімен салыстырғанда 95% аз.

 

Тағы бір мысал – «снюс», Швецияда кеңінен тараған және жану процессі мүлдем болмайтын түтінсіз темекі. Өкпе обырына, жүрек ауруларына және шылым шегумен байланысты өзге ауруларға шалдығу осы елде Еуропа бойынша ең төмен болып келеді.

 

«Снюс соңғы онжылдықта белсенді түрде таралып, әдеттегі шылым шегуді қысқартуға көмектесті», – деп жазады Катания Университетінің профессоры Рикардо Полоса өзінің «A fresh look at tobacco harm reduction: The case for the electronic cigarette» атты жұмысында.

 

Ғылыми мақалада «Нәтижесінде Швециядағы темекі салдарынан болатын өлім саны батыс елдер ішіндегі ең төмені. Зерттеулер снюсті тұтынудың денсаулық үшін қатері шылым шегумен салыстырғанда төменірек болатындығының сандық дәлелдерін берді», – деп айтылған.

 

Бұл жерде Рикардо Полоса өкпе, ауыз қуысы және асқазан аурулары, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуы жайлы және әдетте шылым шегумен байланыстырылатын барлық себептерден туындаған өлім жайында айтады. Ұқсас пікірді басқа мамандар да білдіріп жатыр.

 

«Өкіметтің денсаулық сақтау органдары денсаулыққа зиянды никотин емес, жану барысында түзілетін компоненттер келтіретіндігін баяғыда анықтаған. Сәйкесінше, никотинді темекіні тұтатпай тұтыну әдістеріне ауысуды қолдап, адамдардың өмірін ұзартып, денсаулық жағдайларын жақсартуға болады», – дейді Италиялық онкология бөлімінің директоры Умберто Тирелли өзінің 2016 жылғы «Түтін жанбайды (зияны көп болмайды)» еңбегінде.

 

Ұқсас пікірді Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау және медициналық қызмет Институтының (NICE) мамандары да ұстанады. Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша нұсқаулықта «Аурулар мен өлімге алып келетін никотин емес, ең алдымен темекі түтініндегі уыттар мен канцерогендер», – деп айтылған.

 

«Никотин – АҚШ азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі басқармасы отыз жылдан бері қауіпсіз және тиімді дәрі ретінде мақұлдап келген қосылыс болып табылады. Адамдар никотинмен емес, темекімен, түтін бөлшектерімен байланысты аурулардан өледі (…) Біз бұл жағдайға басқа көзқараспен қарай аламыз ба?», –деп АҚШ азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі басқармасының Темекі өнімдері орталығының директоры Митч Зеллер 2014 жылы өткен тұсаукесерде өзіне-өзі сұрақ қойды.

 

Осының бәрінен шығатын қорытынды: шылым шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі түтіндегі уытты қосылыстар болып табылады. Сондықтан да, никотинді тұтынудың дәстүрлі шылым шегуге балама болып табылатын әдістері мүлдем қауіпсіз болмаса да, азырақ зиян келтіретіні анық.

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]