Бақылаудағы никотин
Никотиннің пайдасы мен зияны жайлы тағы не білген жөн?
Біз күнде пайдаланатын картоп, қызанақ, баялды секілді азық-түлік өнімдерінің құрамында никотин табиғи түрде пайда болады. Олай болса, неге кей адам темекіден келетін басты зиян дәл осы никотинде деп ойлайды? Зерттеулерді сарапалап көрейік.
Никотиннің тәуелдік тудыратыны – бұлжымас дерек, алайда темекінің кесірінен пайда болатын ауруларды тудыратын никотин емес. Мұны бүкіл әлем бойынша сарапшылар мойындап отыр. Негізінен аталған сырқаттардың асқынуына алтың мыңнан астам негізгі компоненттен тұратын темекі түтіні құрамындағы зиянды заттар себепші болады. Олардың жүздейі улы саналады. Шылымқор темекі түтінімен бірге сынап, бензол, кадмий, цианид, күшәлә, тіпті радиобелсенді полоний секілді заттарды жұтады. Мұндай қатерлі коктейль түптің түбінде көп жағдайда қатерлі ісікке алып келеді, тыныс жолдарын және басқа аса маңызды ағза мүшелерін зақымдайды.
Сол себепті «темекіден мүлдем бас тарта алмаймын» дейтін адамдарға дәрігерлер зиянды азайту концепциясының аясында кәдімгі шылымнан никотинті тұтынудың балама жолдарына, мәселен, темекіні қыздыруға арналған электронды жүйелерге өтуге кеңес береді. Мұнда адам саулығына ең үлкен қауіп төндіретін жану процесі жоқ, сәйкесінше түтін мен күл де болмайды, ал қатерлі шайыр мен басқа да қоспалар үлесі кәдімгі шылымға қарағанда 95%-ға аз кездеседі. Бұл – өз саулығыңды, өзгенің саулығын аман сақтау үшін шылымды мүлдем қойып кетуден кейін тұрған осы күнгі ең оңтайлы тәсіл.
Никотиннің біздің өмірге ықпалы туралы зерттеулер тек темекімен шектелмей, ауыл шаруашылығынан бастап медицинаға дейінгі алуан түрлі салада жүргізіліп келеді. Мысалы, оны ауруды басатын зат, сондай-ақ семіздікке, неше түрлі когнитив және басқа ауытқуларға қарсы ем ретінде қарастырады.
БУАЗ ТЫШҚАН БОЛМАСАҢЫЗ, БРОНХИТ ЖАҒДАЙЫНДА НЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ?
Америкалық ғалымдар никотин инъекция түрінде салса, тышқандардың тыныс жолдары қандай жағдайда болатынын зерттеп көруді шешіпті. Хайуандардың бір тобына олар никотин, екіншісі плацебо салып, артынан өкпені зерттейді. Нәтижесінде никотин қабылдаған тышқандардың ағзасында нейротрофиндердің, яғни қабынуға қарсы әсер ететін ақуыздардың көлемі 29%-ға артық болғаны анықталады.
Келесі кезеңде ғалымдар тышқандардың түрлі тобына тыныс жолдары жүйесі ауруын асқынтатын вирус жұқтырады. 5 күн өткен соң нейротрофиндер деңгейі тағы зерттеледі және никотин дозасын алған ауру тышқандардың өкпесінде бұл ақуыздың көлемі артқаны белгілі болады. Бұған қарап мамандар бұл жануарлардың ағзасы вирусқа қарсы белсендірек күресіп жатыр деген қорытындыға келеді.
Алайда тәжірибеге екі буаз тышқан қатысқан болатын. Олардың ағзасы мүлдем басқа әсер көрсетеді, яғни никотин салынған соң нейротрофин көлемі түсіп кетеді. Яғни никотиннің өкпеге пайдасы туралы теория әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Себебі басты әңгіме адам туралы болып отыр.
БӘРІМІЗГЕ РЕЦЕПТОР КӨБІРЕК КЕРЕК
Никотиннің адамның тән саулығына тигізер әсерінен бөлек, ғалымдар шылым шегу әдеті мен ментал ауытқуларға арасындағы байланысты да зерттеп жатыр. Бұл зат жады, үйрену және басқа ақыл-ес қабілетіне жауап беретін ацетилхолин рецепторларын күшейтеді. Никотин түрлі формадағы деменция белгілерін баса алады деген де пікір бар.
Зерттеулердің бірі никотиннің оң әсер беретінін көрсетті. АҚШ-та Альцгеймер ауруының алдында пайда болатын диагнозы бар 74 адам 2 топқа бөлінеді. Бір топ жарты жыл бойы плацебо ішіп отырады, екіншісіне никотин пластырь жапсырылады. Когнитив ауытқуы аздап бар соңғы топта жады мен назар қою қабілеті жақсарады.
Аладйа бұл зерттеудің бір «бірағы» бар. Альцгеймер ауруы анықталған пациенттер үшін никотиннің оң әсері төмен болып шықты, себебі аталған сырқат кезінде ацетилхолин рецепторлар көлемі айтарлықтай түсіп кетеді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, ауру қатты асқынған кезде, пациенттерде күшейтетін рецепторлар қалмайды.
ЖҮЙКЕ ЖҰҚАРҒАНДА, ТЕМЕКІГЕ ҚОЛ СОЗБАС ҮШІН
Биполяр ауытқуы, депрессиясы және шифофрениясы бар адамдардың шылым шегуі тағы бір зерттеудің басты тақырыбына айналды. Америкалық ғалымдар мұндай диагноз қойылған жандарда темекінің миға кофеин секілді әсер етіп, концентрация мен жұмыс істеу қабілетін арттыратынын анықтады.
Алайда мазасыздық ауытқуы бар адамдарға бұл келмейді, себебі олар никотин дофаминнің жылдам бөлінуіне себепші болғаны үшін ғана шылымға жүгіреді. Сәйкесінше, ағза өзіне ләззат сыйлайтын әрекетті қайталауға мәжбүрлейді. Бірақ мұндай жолмен қалыптасқан тәуелдік бүкіл ағзаға жоғарыда аталған, темекі түтінінде кездесетін канцероген заттар мен қоспалар түрінде зиянын тигізеді.
Яғни жанып тұрған темекінің ментал ауытқулармен күресуге арналған құрал екенін түсіну керек. Когнитив қабілетті күшейтуге дене және ми жаттығулары көмектесе алады. Ал психиатриялық аурулардан тек дәрігер ғана емдейді.
Никотиннің алуан түрлі қасиеті, оның адам ағзасына әсері мен белгілі-белгісіз пайдасы туралы ұзақ әрі күрделі зерттеу жүргізу дәл осы дәрігерлер мен ғалымдардың еншісіне қалып отыр.
Аударған Димаш Зиядин