Кәдімгі темекі және темекіні қыздыру жүйелеріндегі тұншықтырғыш газы
Қытай ғалымдарының зерттеуін талдап көрейік
Ғалымдар Ұлттық жаратылыстану ғылымдар қоры (Қытай) мен Хэбэй провинциясындағы әзірлемелер бойынша зерттеу институтының қолдауымен ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) денсаулыққа келтірілетін канцерогенді емес және канцерогенді қауіп-қатерді бағалау үшін классикалық шылым, электронды темекі және темекіні қыздыруға арналған жүйелердің аэрозольдерінің айырмашылығын сол темекі тарту режимдеріне сәйкес салыстырды. Біз бұл зерттеуді зерделеп шықтық және осы мақалада сіздерге ең маңызды қорытындылары туралы айтып береміз.
Дәл осы зерттеуде ғалымдар темекіні қыздыруға арналған жүйелердің (ТҚЖ) негізгі аэрозольдерінің және кәдімгі темекінің химиялық компоненттерін жүйелі түрде салыстырып отырған. Ғалымдар ТҚЖ мен қарапайым темекіден ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ), көміртек монооксидінің (СО), никотин және шайырдың сынамаларын алған және оларды салыстырған. Сонымен қатар денсаулыққа келтірілетін тәуекелдер темекі тартудың сол тәртібі мен механизмін қолдану арқылы да бағаланған. Эксперимент үшін пайдаланылған бөлменің іші бос болған, әрі ол жерде басқа ластау көздері болмаған. Қоршаған ортадан ластануға жол бермеу мақсатында тиімді әрі ауа кіргізбейтін терезелер мен есіктер әдейі жабылған. Айта кетерлік бір жайт, мұндағы ҰОҚ, никотин, шайыр және СО никотинсіз алынған және талданған.
Нәтижелер көрсеткендей, ТҚЖ аэрозольдерінде 20 ҰОҚ кем анықталды, ал классикалық темекінің түтініндегі көрсеткіш 90 ҰОҚ артық болып шықты. Темекіні қыздырған кезде ҰОҚ концентрациясы айтарлықтай төмендетілген, темекіні жағу әдісімен салыстырғанда шамамен 81,2%, 95,9% және 97,5% азырақ. Денсаулыққа келтірілетін зиянға келер болсақ, әртүрлі темекі бұйымдарының нәтижелері адам денсаулығы үшін тек канцерогенді емес қауіп қана жарамды болып келеді (деңгейі 0,91). Кәдімгі темекінің денсаулыққа тигізетін канцерогендік қаупі 2,99–10,4 деңгейін көрсетті, бұл жарамды деңгейден 3-6 есе жоғары болып саналады. Бұдан шығатын қорытынды: классикалық темекіге қарағанда ТҚЖ зияны әлдеқайда төменірек.
Дәрігер-пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова атап көрсеткендей: «СО – өте күшті у, әрі ол бірінші кезекте қанды, сонымен бірге жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін, өкпені, бұлшықет тіні мен жүректі зақымдайды. Уыттылығы жағынан ол көгертетін қышқылға жақын келеді. Мұндағы басты қауіп тұншықтырғыш газдың өкпе арқылы қанның жасушаларына жылдам еніп кетіп, осылайша құрамындағы оттегіні алмастыратынында жатыр. Деммен бірге жұтылатын СО тыныс алу жолдары үшін өзінің қауіптілігімен кеңінен танымал, өйткені ол гемоглобинмен тез кешен құрағыштығының салдарынан тіндерге оттегінің жеткізілуінің бұзылуына және гипоксемияға әкеліп соқтырады. Бұл өкпенің жедел зақымдалуы (мәселен, гипероксия, ишемия-реперфузия, өкпені жасанды желдету, блеомицин) мен сепсиске апарады. Қандағы оттегі құрамының төмендеуіне байланысты тұншығу басталады».
Сонымен қатар GC-MS арнайы құрал-жабдығының көмегімен ТҚЖ аэрозольдерінде 20 ҰОҚ және классикалық темекіде 97 ҰОҚ біріздендірілген. Темекі бұйымдарының үш түрімен де бөлінетін жалпы ҰОҚ концентрациясы келесідей төмендеген: кәдімгі темекі – 83,29 мг/л, ТҚЖ – 15,65 мг/л. Ал никотинді өлшеген кезде оның мөлшері кәдімгі темекі үшін 22,94 ± 0,03 мг/л құраса, ТҚЖ үшін 8,817 ± 0,500 мг/л болып шықты. Жалпы алғанда ҰОҚ пен СО шығарындылары қарастырылған кезде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің зияны классикалық темекіге қарағанда әлдеқайда төменірек болған.
Қорытындылай келе, осы зерттеуде қолданылған темекінің құрамында бір талына шаққанда шайырдың 10 мг және тұншықтырғыш газдың 12 мг бар екендігі анықталды. Бұл жерде целлюлозаның ацетатты сүзгіштері бар әдеттегі темекі зерттелген болатын.
Зерттеудің материалдарына сүйенсек, келесі бір маңызды фактор назардан тыс қалып қойған екен, дәлірек айтқанда, бұл – пассивті темекі тартудың ықпалы. Шылымқұмарлар деммен бірге негізгі түтінді ғана емес, сонымен бірге темекі тартудың пассивті түтінін де жұтатынын ұмытпаған абзал. Қытайда ер адамдар арасындағы темекі тарту деңгейі 50,5%, ал әйелдер арасындағы көрсеткіш 2,6% құрайтыны хабарланып отыр. Осы зерттеу үшін темекі бұйымдарының алуан түрлерін пайдаланатын кәмелетке толған шылым шегетін ерлер (қытайлықтар) таңдалған еді.
Аударған: Рита Сәрсенова