Қатерлі ісік туралы дақпырттар: онколог жауап береді | Кеңінен таралған қате түсініктерді талдау

Қатерлі ісік туралы дақпырттар: онколог әңгімелейді

Онкологиялық аурулардың айналасында көптеген дақпырттар бар: кейбір өнімдер ісікті «қоректендіреді», басқалары қатерлі ісікті тудырады, ал күйзеліс кейде, тіпті, ауруды қоздыруға да қабілетті деп саналады. Лайқос онколог-химиотерапевт маманы Никита Рязановпен қандай кеңінен танымал тұжырымдарға сенуге болатынын, ал қайсысына сенбеу керектігін сұрастырды.

1 дақпырт. Микротолқынды пештер қатерлі ісікті тудырады

Микротолқынды пеш жайындағы дақпырт «сәулелену» сөзіне байланысты пайда болған. Алайда ол әртүрлі болады. Рентген мен гамма-сәулелер ДНҚ-ны шынымен де зақымдауы мүмкін. Ал микротолқындар болса, тура радиоқабылдағыштар, Wi-Fi роутерлері немесе кәдімгі шамдар секілді иондамаушы толқындарды шығарады. Бұл толқындардың ДНҚ-ны зақымдауға қуаты мүлдем жетпейді.

Микротолқынды пеш су молекулаларын қозғалысқа келтіретін электромагниттік толқындардың көмегімен тамақты жай ғана жылытады. Бұдан кейін тамақ радиобелсенді болмайды: пеш өшірілген кезде микротолқындар жоғалады. Сонымен бірге аз мөлшердегі сумен қысқа уақыт пісіру кезінде кейбір дәрумендер ұзақ пісіруге қарағанда әлдеқайда жақсы сақталуы мүмкін. Дегенмен тамақты қатты қуырып, әрі қабықша пайда болғанда шынымен де қатерлі ісік тудыруы мүмкін заттектер бөлінеді.

2 дақпырт. Күнге күю обырды тудырмайды

Ультракүлгін сәулелер – дәлелденген және өте қауіпті канцероген. Күннен болатын ультракүлгін сәулелер де, солярийлердің сәулеленуі де І топтағы канцерогендерге жатқызылады. Күнге күю – бұл жай ғана терінің әдемі реңі емес. Ультракүлгін сәулелер жасушаларды зақымдағанда қараю пайда болады: тері жасушаларды одан әрі әсер етуден қорғауға тырысып, меланинді бөледі. Сондықтан күнге күюдің қауіпсіз деңгейі мүлдем болмайды.

Әсіресе, балалық және жасөспірім шақтағы көпіршік пайда болғанға дейінгі күнге күю өте қауіпті. Ал солярийге тұрақты түрде барып тұру да меланома қаупін арттыра түседі. Ультракүлгін сәулелерден қорғану үшін SPF 30+ қолданыңыз, теріңізді киіммен жауып, солярийлерден аулақ болыңыз. Сонымен бірге меңдерді қадағалау мен ABCDE ережесін білу аса маңызды: асимметрия, жиектердің тегіс еместігі, түстің біркелкі еместігі, диаметрдің 6 мм жоғары болуы және уақыт өте келе өзгеруі.

3 дақпырт. Қант қатерлі ісікті «қоректендіреді»

Ісік жасушалары глюкозаны шынымен де белсенді түрде пайдаланады. Сондықтан ПЭТ-сканерлеуде кейбір ісіктер таңбаланған глюкозаны жинақтағандықтан жақсы көрініп тұрады. Алайда бұл қанттан немесе көмірсулардан толық бас тартсаңыз, ісік «аштықтан өледі» дегенді білдірмейді. Глюкоза бүкіл ағзаға керек, ал қажет болған жағдайда оны өзі өндіре алады.

Сондықтан онкологиялық аурулар кезінде көмірсусыз қатаң диета қауіпті болуы әбден мүмкін. Адам бұлшықеттерін жоғалтып, емді нашар көтереді. Бұл тұста тәттілерді аз жеу шынымен де пайдалы. Дегенмен қант ісікті тікелей «қоректендіру» себебінен емес. Қант мөлшерінің көптігінен салмақ қосылады, ал артық салмақ қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің қаупін жоғарылатады.

4 дақпырт. Дезодоранттар антиперспиранттар кеуде обырын тудырады

Бұл дақпырт 1990 жылдардың соңында пайда болған. Антиперспиранттар терлеуді бөгейді, сондықтан «токсиндер» қолтықта жиналып, сүт безінің қатерлі ісігіне әкеліп соқтыруы мүмкін деп есептелген. Шын мәнісінде қалдықтарды бауыр мен бүйрек шығарады. Қолтық астындағы тер бездері бұған тіптен атсалыспайды.

Ғалымдар дезодоранттар мен сүт безінің қатерлі ісігі арасындағы байланысты тапқан жоқ. Ал нақты қауіп факторлары белгілі болып отыр: жас шамасы, тұқым қуалаушылық, BRCA1/BRCA2 мутациялары, кейбір репродуктивті факторлар, етеккір үзілісінен кейінгі семіздік, алкогольді тұтыну мен төмен физикалық белсенділік.

5 дақпырт. Темекі тарту – қатерлі ісіктің негізгі себептерінің бірі

Темекі түтінінің құрамында 7000 жуық химиялық заттек бар, олардың 70 астамы канцерогендер болып келеді. Олар жасушалар мен ДНҚ-ны зақымдайды және ісіктердің дамуына әкеліп соқтыруы ықтимал.

Темекі тарту тек өкпенің қатерлі ісігімен ғана байланысты емес. Ол ауыз қуысы мен жұтқыншақ, көмей, өңеш, асқазан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, қуық, жатыр мойны және басқа да мүшелердің қатерлі ісігі қаупін арттырады. Пассивті темекі тарту да қауіпті. Жақсы жаңалық – темекі шегуден бас тарту кез келген жаста қауіпті азайта түседі. Адам темекіні неғұрлым ерте тастаса, денсаулыққа пайдасы да соғұрлым көп болады.

Егер адам темекі шегуден толық бас тартуға дайын болмаса, темекінің балама нұсқалары бар – мәселен, хиттерлер. Олардың кәдімгі темекіден басты айырмашылығы: мұнда темекінің классикалық жануы жоқ, сондықтан зиянды заттектер 95% азырақ түзіледі. Алайда сіздің денсаулығыңыз үшін әрдайым ең жақсы шешім бұл кез келген зиянды әдеттерден біржолата бас тарту болмақ.

6 дақпырт. Қатты күйзелістен обыр пайда болады

Кей кездері бұл айдан анық секілді көрінеді: адам қатты күйзелісті бастан өткерді, ал біршама уақыттан кейін оның бойынан ісік анықталды. Дегенмен бұл күйзеліс аурудың себебіне айналған дегенді білдірмейді. Ғалымдар күйзеліс пен қатерлі ісік арасында тікелей байланысты таппаған. Күйзеліс өздігінен қатерлі ісікке апармайды – оның обырды тудыратыны жайында дәлелдер жоқ.

Алайда созылмалы күйзеліс денсаулыққа жанама түрде әсер етуі бек мүмкін. Күйзелістің салдарынан адам жиі темекі тартуы, алкогольді көп мөлшерде ішуі, ұйқысы нашарлауы, аз қозғалуы немесе шамадан тыс тамақтануы мүмкін. Ал бұл әдеттер ауру қаупін арттыруы ықтимал. Сондықтан психологиялық жай-күйге қамқорлық жасау аса маңызды. Бірақ адамда қатерлі ісік анықталса, бастан кешкен күйзеліс үшін өзін кінәлаудың қажеті жоқ.

7 дақпырт. Пластик бөтелкелер мен контейнерлер ісікті қоздырады

Пластикке қатысты алаңдаушылық көбінесе бисфенол А, фталаттар және микропластикпен байланысты. Алайда тағамдық пластикті әдеттегідей қолданғанда оның адамда қатерлі ісік тудыратынына дәлел жоқ. Бұл тұста пластик ыдыстарды дұрыс пайдалану керек. Бір бөтелкені айлар бойы пайдаланбау керек, оған ыстық сусындарды құюға болмайды немесе қатты ыстықта қалдырмаған жөн.

Тамақты тек микротолқынды пешке арналған контейнерлерде жылыту керек. Ал зақымдалған немесе деформацияланған ыдыстарды ауыстырған дұрыс. Яғни, сақтық шараларын ұстанған абзал, дегенмен қарапайым тағамдық пластикті темекі түтіні немесе ультракүлгін сәулесі секілді дәлелденген канцерогендермен қатар қоюдың қажеті жоқ.

Қорытынды

Сенімдердің барлығы бірдей қауіпті бола бермейді. Кейбіреулері микротолқынды пештен немесе пластиктен қорқуға итермелейді де, нақты қауіптерді байқауға кедергі етеді. Сондықтан ғылыми мәліметтер мен мамандардың ұсыныстарына сүйенген абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.