Қайсысы зияндырақ – орама темекі немесе шылым
Орама темекі – бұл шылымқұмардың темекі мен арнайы қағаздан өз қолымен орайтын шылымы. Темекі тартудың мұндай тәсілі барған сайын кеңінен етек жайып келеді, өйткені бұл темекінің құрамы мен күштілігінің деңгейін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге кез келген темекі түтіні денсаулыққа зиян келтіретінін қаперіңізден шығармаңыз, ал ең жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту болып келеді. Егер әзірге темекіні тастау қолыңыздан келмесе, түтін шығармайтын нұсқаларды қарастырған жөн, мысалы, хиттерлер – олар жанбайды, темекіні тек қана қыздырады, әрі зиянды заттектерді 95% азырақ бөледі.
Біз орама темекі мен кәдімгі шылымды құрамына қарай, денсаулыққа деген әсері мен басқа да маңызды параметрлер бойынша салыстырып көрдік.
Шығу тарихы
Орама темекі мен шылымның өзіндік бірегей тарихы бар. Алғашқы орама темекі шылымның жаппай өндірілуінен әлдеқайда бұрын пайда болған. Тек XIX ғасырдың соңында ғана темекі өнеркәсібінің дамуымен бірге дайын темекі шығарылып, бұл шылым шегуді айтарлықтай қолжетімді ете түскені хақ.
Негізгі айырмашылықтары
Орама темекі мен шылымның бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін бірнеше негізгі аспект баршылық.
– Темекінің құрамы. Орама шылым темекіні өз бетімен таңдауға мүмкіндік бере отырып, оның сапасын, күштілігі мен хош иістендіргіштерін бақылауға жағдай туғызады. Әдетте кәдімгі шылымның құрамында темекі қоспасы болады, әрі ол өндірушілер тарапынан дәм беру мен жанғыштық қасиетін арттыру мақсатында қолданылатын әртүрлі қосымшалармен өңделеді.
– Қағаз және сүзгі. Қарапайым шылыммен салыстырғанда орама темекі үшін анағұрлым жұқа қағаз пайдаланылады, әрі бұл жану үдерісі кезінде бөлінетін уытты заттектердің мөлшерін аздап төмендете алады. Сонымен қатар мұнда сүзгі қолданылуы мүмкін немесе онсыз да темекі тартуға болса, кәдімгі шылым әрдайым сүзгімен қамтамасыз етіледі.
– Құрамын бақылау. Темекі мен қағазды бөлек сатып ала отырып, қоспалар мен хош иістендіргіштерден құтылуға болады. Шылымның құрамы өндіруші тарапынан қадағаланады, ал олардың қоспаларына дәм мен хош иісті реттеп отыру үшін химиялық заттектер жиі қосылады.
Денсаулыққа ықпалы
Кез келген темекі түрін тарту адамның денсаулығы үшін қауіп төндіргенімен, орама темекі мен кәдімгі шылым арасындағы айырмалышықтар аса маңызды болуы мүмкін. Орама темекіде көбіне-көп өңделген темекі қолданылады, ал бұл өз кезегінде кейбір зиянды заттектердің мөлшерін төмендетеді. Алайда сүзгінің болмауы немесе жұқа қағаздың пайдаланылуы өкпеге түсетін токсиндердің деңгейін арттыра алуы әбден ықтимал.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, химиялық заттектердің жоқтығының арқасында орама темекіні тартудың зияны біршама төменірек болуы мүмкін. Дегенмен денсаулық үшін негізгі қауіп қала беруде, өйткені темекі жанған кезде, кез келген жағдайда да, канцерогендерді бөліп отырады.
Темекі тартудың зиянын төмендетудің жолы
Шылымды тартқан кезде темекі жоғары температурада жанып кетеді, осылайша, токсиндерге толы түтін түзіледі. Хиттерлерге келер болсақ, мұнда темекі жанып кетпейді, ол анағұрлым төмен температурада ғана қыздырылады да, құрамындағы зиянды заттектерінің мөлшері әлдеқайда төменірек келетін аэрозольді шығарады. Зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес, мұндай құрылғыларды пайдалану адам ағзасындағы тұншықтырғыш газдың деңгейін айтарлықтай азайта түседі, әрі бұл темекіге қарағанда олардың зиянын анағұрлым төмендетеді.
Әлбетте, денсаулық үшін қауіпті мүмкіндігінше азайтудың ең оңтайлы әдісі – шылым шегуден біржолата бас тарту болып келеді. Алайда никотиннен бас тартуға дайын емес адамдар үшін хиттерлерге ауысу зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқа ретінде бола алады.
Қорытынды
Орама шылым темекі түрін таңдауға және оның құрамын қадағалауға мүмкіндік береді, ал дайын темекі ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, құрамның тұрақтылығына кепілдік береді, алайда көбінесе әртүрлі қосымша қоспаларға ие. Дегенмен темекі тарту – жаман әдет, әрі одан мүлдем бас тартқан абзал.