
Омыраудың ауыруы мен қатаюы: қай кезде сақ болған жөн
10 сұрақ
Мастопатия дегеніміз не?
Қандай белгілер мастопатияға анағұрлым тән?
Мастопатия көбінесе қай жаста дамиды?
Мастопатияның дамуына не ықпал етуі мүмкін?
Мастопатия кезінде кеуде тұсында не сезіледі?
Мастопатия қателі ісікке ұласуы мүмкін бе?
Қандай фактор мастопатияның даму қаупін төмендетуі мүмкін?
Мастопатиядан толықтай айығып кетуге бола ма?
Мастопатия кезінде дұрыс төсқапты таңдау қаншалықты маңызды?
Мастопатияға тап болғанда омырауды қаншалықты жиі тексеру керек?
Көптеген әйелдердің омырауы етеккір алдында ауыра бастайды, әрі бұл қалыпты нәрсе болып көрінеді. Көбінесе біз жайсыздықты күйзеліспен, салқын тию немесе ыңғайсыз төсқаппен байланыстырып отырамыз. Алайда кей кездері ауырсыну дерттің нәтижесі болуы бек мүмкін, әрі ол дертке әйелдердің 80% ұшырайды, бұл – мастопатия ауруы. Оны ерте сатыларында айырып танудың жолы қандай және нені білген маңызды? Лайқос онкомаммолог Анастасия Стригуноваға бірқатар сұрақтарды қойды.
Мастопатия дегеніміз не
Бұл омыраудағы ұлпа тепе-теңдігінің бұзылуы. Кейбір учаскелердегі ұлпа қалыңдап қатаяды, басқаларында жұмсарады, жылауықтар пайда болады. Көбіне-көп мұның басты себебі гормондардағы өзгерістерге байланысты болып жатады.
Омырау анағұрлым ауырлау, сезімтал бола түседі, ауырсыну мен ұлпаның қалыңдап қатаюы, ал кейде, тіпті, емшек ұшынан бөліністер де пайда болады.
Ол неге пайда болады
Басты себебі – гормонды теңгерімсіздік, әсіресе, әйелдер гормоны эстрогеннің шамадан тыс көп болуы. Дегенмен осыған өзге де факторлар әсер етеді:
- созылмалы күйзеліс;
- қалқанша без, асқазан-ішек жолы, кіші жамбастың аурулары;
- жүктілікті тоқтату;
- 35 жасқа дейін бала тумау;
- дұрыс тамақтанбау;
- қимыл-қозғалысы аз өмір салты мен артық салмақ
- темекі тарту мен алкогольді тұтыну;
- тұқымқуалаушылық;
- етеккірдің ерте басталуы;
- дәрігердің бақылауынсыз кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау;
- қолайсыз экология.
Мастопатияны айырып танудың жолы
Әрбір әйелде мастопатия әрқалай байқалады, дегенмен ерекше назар аудартуды қажет ететін белгілер бар. Бұл ауырсыну, омыраудағы ауырлық сезімі, не болмаса негізінен етеккір келуінің алдындағы шаншу. Омырау анағұрлым сезімтал болуы, ісінуі, кейде емшек ұшынан бөліністер пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге ұлпаның қалыңдап қатаюы, түйіншектер немесе ісіктер сезілуі ықтимал. Ал қолтық астында – лимфатүйіндер ұлғаяды.
Омыраудағы ауырсыну әркез қауіпті нәрсе дегенді білдіре бермейді, алайда оған шыдаудың да қажеті жоқ. Оданда тексеруден өтіп, барлығы бақылауда екендігіне көз жеткізіп, оған сенімді болғаныңыз абзал.
Егер сізде мастопатия бар деп күдіктенсеңіз, не істеу керек
Сүт бездері гормондарға аса қатты тәуелді болып келеді. Егер кеудедегі ауыру етеккірден кейін сақталса, бұл дәрігерге – маммолог немесе онколог маманына барудың себебі екені шүбәсіз.
Дәрігер тексеруді өткізеді және керек болған жағдайда қосымша зерттеулерге – сүт бездерінің УДЗ немесе маммографияға бағыттайды, олар ықтимал өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Егер күрделі жайттарға қатысты күдік туындайтын болса, диагностикалық маммографияны жасату қажет болуы мүмкін.
Өз бетімен емделудің мүлдем керегі жоқ. Тіпті, қарапайым дәрумендердің өзі гормондардың тепе-теңдігін бұзуы әбден ықтимал. Тек дәрігер ғана дәл сіздің ағзаңызға қолайлы ем-дом шараларын таңдай алады.
Мастопатияны емдеуге бола ма?
Иә, дегенмен емдеу кешенді болуы әрі дербес түрде таңдалуы тиіс. Бұл тұста барлық факторларды ескерген аса маңызды: гормондардың күйі, ілеспе аурулар, емделушінің ұстанатын өмір салты, тамақтану, күйзеліс. Кейде бірнеше маманның кеңесі қажет, соның ішінде: маммолог, эндокринолог, гинеколог, психотерапевт.

Емдеу мен профилактикада не көмектеседі?
Жаман әдеттерден бас тартыңыз
Темекі тарту мен алкоголь гормондардың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі етеді. Темекінің уытты түтіні қанмен қамтамасыз етуді бұзуы әрі иммунитетті төмендетуі мүмкін, ал алкоголь болса, бауырдың көмегімен артық гормондардың шығарылуын баяулата түседі. Осы әдеттерден неғұрлым ерте бас тартылса, сүт бездерінің денсаулығы үшін соғұрлым жақсы болмақ.
Егер жаман әдеттерден бірден бас тарту қиынға соқса, онда мөлшер мен тұтыну жиілігін төмендетуден бастап көрген жөн. Темекінің орнына хиттерлерді байқап көруге болады. Олар жану үдерісіне жол бермейді, әрі дәстүрлі темекімен салыстырғанда зиянды 95% дейін азайтады. Алкогольді де құрамында алкоголі жоқ коктейльдер немесе шөптен жасалған сусындарға алмастыруға болады.
Омырау денсаулығы үшін алкоголь мен темекі шегуден құтылудан артық таңдау жоқ. Әрбір кішігірім өзгеріс – бұл күш-қуатыңызға, жастығыңыз бен әйел денсаулығыңызға деген үлес.
Теңдестірілген тамақтануды ұстаныңыз
Ас үлесі құрамы жасұныққа (көкөністер, жемістер, тұтас дәнділер), антиоксиданттар (жасыл түсті көкөністер, жидектер, жаңғақтар) мен дәрумендер, соның ішінде әсіресе B тобы, сондай-ақ A, C, E және D топтарына жататын дәрумендерге бай азық-түлік түрлерін қамтуы тиіс. Олар гормондық фонды реттеу мен иммунитетті нығайтуға септігін тигізеді.
Салмағыңызды қадағалаңыз және физикалық белсенділік жайлы ұмытпаңыз
Артық салмақ ағзадағы эстрогендердің мөлшерін арттырады, өйткені олар майлы тінде синтезделеді. Бірқалыпты әрі тұрақты жүктеме (жаяу жүру, йога, жүзу секілді физикалық жүктемелер) гормандардың тепе-теңдігін қолдауға көмектеседі.
Көбірек ұйықтаңыз
Ұйықтаған кезде гормондар жүйесі қалпына келтіріледі. Ұйқының жеткіліксіздігі гормондар, соның ішінде эстрогендер мен пролактин өндірісіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін.
Күйзелісті азайтыңыз
Созылмалы күйзеліс гормондарға ықпал етеді және мастопатияның ағымын асқындырады. Бұл тұста тыныс алу практикалары, хобби, серуендеу және психологпен жұмыс істеу пайдалы болмақ.
35 жасқа дейін бала туып алыңыз
Жүктілік пен бала емізу сүт бездерінің тініне пайдалы әсерін тигізеді. Бұл гормондар жүйесін «қайта жүктеудің» табиғи тәсілі.
Барлық ауруларды дер кезінде емдеңіз
Бұл тұста, әсіресе, қалқанша безінің, кіші жамбас пен ас қорыту жүйесі мүшелерінің жай-күйіне ерекше назар аударған абзал, өйткені олардың жұмысындағы ақаулар гормондар деңгейіне де ықпал етуі мүмкін.
Ыңғайлы іш киімді таңдаңыз
Табиғи матадан тігілген, әрі жұмсақ ұстап тұратын және кең аспа бауы бар төсқаптарды киіңіз. Бұл омырауға түсетін қысымды азайтуға көмектеседі.
Қатты қыздырынбаңыз
Солярий, сауна мен ыстық бұлақтарға бару ұлпаның ісінуін күшейтуі және жылауықтар мен түйіншектердің дамуын қоздыруы бек мүмкін. Мұндай процедуралардан бас тартқаныңыз, не болмаса айтарлықтай шектегеніңіз дұрыс.
Өз-өзіңізді тексеріңіз
Омырауыңызды айына бір рет өз бетіңізбен тексеріп отырыңыз, циклдің 6-12 күндері, яғни, тіндер анағұрлым жұмсақ болған кезде сипап қарағаныңыз жөн. Бұл өзгерістерді ерте сатысында байқау мен дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгінуге септеседі.
Қорытынды
Дұрыс әрі уақтылы емдеген кезде мастопатия жағымды болжамға ие болады. Дегенмен шағымыңыз болмаған жағдайда да маммолог маманына кемінде жарты жылда бір рет барып тұру және скринингтік тексерулерден өтіп отыру өте маңызды. Денеңіздің белгілеріне мән беріңіз, өзіңізді күтіңіз және көмекке дер кезінде жүгінгеніңіз абзал.