Көру қабілетін сақтаудың жолы: алдын алудың ережелері мен ерте диагностика

Неліктен бәрі жақсы болса да көру профилактикасы маңызды

Біздің көпшілігіміз офтальмологқа тек екі жағдайда ғана барады: егер көз аса қатты ауырса немесе жүргізуші куәлігіне анықтама қажет болса. Қалған уақытта – шағымымыз да жоқ, алаңдаушылық та туындамайды. Алайда бұл тұста бір түйткіл жасырынып тұрады: көру қабілетіне байланысты көптеген бұзылыстар біртіндеп және байқалмай дамиды.

Офтальмолог Артем Фарбитник неліктен көзге алдын ала қамқорлық таныту керектігін, қандай әдеттер көру қабілетіне нұқсан келтіретіні мен қандай белгілер дереу дәрігерге баруды қажет ететінін айтып берді.

Неге профилактика – бұл нағыз өмірлік қажеттілік

Көптеген көру бұзылыстары бір де бір симптомсыз дамиды екен. Адамның көру қабілеті жақсы болуы мүмкін, ешқандай ыңғайсыздық сезілмейді әрі… ол ешнәрсені білмей жүріп, катаракта немесе бастапқы глаукомамен өмір сүруі әбден ықтимал. Соның ішінде қан тамырлары мен көру жүйкесінің аурулары көбінесе жасырын түрде өтеді.

40 жасында алғаш рет келетін науқастар да бар, әрі олар сол тұста көру қабілетінің, мәселен, фокустандырылуы баяғыда-ақ бұзылғанын енді біліп жатады. Олар жай ғана қалыпты жағдайдың қандай болуы керектігін ешқашан білмеген.

Офтальмологқа тұрақты тексерілуге барып тұру – бұл қайтымсыз дәрежеге жетуден бұрын өзгерістерді байқау мүмкіндігі. Сонымен бірге көру қабілетінің профилактикасы тек көзге ғана емес, жалпы өмір сапасына да қамқорлық етеді: көру менталды денсаулыққа, әлеуметтік белсенділікке, мамандық таңдау мен, тіпті, қалай демалатынымызға да әсер етеді. Көру қабілетін ұзақ уақытқа сақтап қалу үшін жылына, кем дегенде, бір рет тексеруден өтіп отырған маңызды.

Алғашқы дабыл белгілері: дәрігерге қашан бару керек

  • Көзді сығыраю, әсіресе, алысқа қараған кезде
  • Басты төмен ұстау, көздің астымен қарау, әсіресе, балаларда кездеседі
  • Кескіннің бұрмалануы: тізбектер «жылжығандай» немесе қисық болып көрінеді
  • Көз алдындағы жарқыл, қара дақтар
  • Көзге қос көріну, заттардың «тартқылануы»
  • Көз жасының шамадан тыс немесе жеткіліксіз деңгейде ағуы
  • Ауырсыну, шаншу, қызару

Егер осы симптомдардың біреуі қайталанып бастаса, дәрігерге баратын уаұыт келді деген сөз.

Не нәрсенің алдын алуға болады

Уақытында өткізілетін тексерулер катаракта, глаукома, жасқа байланысты торлы қабықтың өзгерістері, диабет асқынуларды, сондай-ақ сығырлық пен қырағылықты анықтау мен баяулатуға мүмкіндік береді. Бұл тұста түйткіл неғұрлым тезірек байқалатын болса, көру қабілетін сақтап қалу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Жаман әдеттер мен көру қабілеті: темекі тарту, алкоголь, ұйқының қанбауы

Темекі тарту

Темекі түтіні тамырларды тарылтады және торлы қабықтың қанмен қамтамасыз етілуіне нұқсан кетіреді, әрі катаракта мен жас шамасына байланысты басқа да өзгерістер қаупін арттырады. Тәуекелді төмендетудің жалғыз жолы – темекі шегуден біржолата бас тарту. Сіз шегілетін темекінің санын азайтудан, темекіге қарағанда зиянды 95% төмендететін хиттерлерге ауысудан, не болмаса темекіден бас тарту бағдарламалары бойынша дәрігермен кеңесуден бастай аласыз.

Алкоголь

Ағзаны, соның ішінде көздің шырышты қабығын сусыздандырады. Бұл құрғақтық, көздегі құм тәрізді сезім, дызылдау мен шаршағандықты тудырады. Алкогольді тұтынуды шектеңіз – мәселен, тек ерекше жағдайларда, әрі аптасына бір реттен көп емес және аз мөлшерде тұтынғаныңыз абзал. Кешкі бір бокал шарапты құрамында алкоголі жоқ балама нұсқаларға ауыстырыңыз.

Ұйқының қанбауы

Көздің бұлшықетін шаршатады, көру жітілігін төмендетеді және фокустануды нашарлатады. Тек қана бір уақытта ұйықтауға тырысыңыз, ұйқыдан бір сағат бұрын экрандардан бас тартыңыз және бөлмеңізді желдетіңіз. Ұйқының қанбауы кезінде көзді жұмып, 20 минуттық қысқа үзілістерді жасау көмектеседі.

Маңызды: темекі тарту, алкоголь және ұйқының қанбауы «жинақталып» әсер етеді екен. Осының бәрі де көзге зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар ағзаның қалпына келуіне және басқа жүктемелерге қарсы күресуге жол бермейді (мәселен, экран және құрғақ ауа).

Гаджеттер көру қабілетіне қалай әсер етеді: дақпырттар мен шынайылық

Адамдардың көбі әлі күнге дейін мониторлар көзге зиянды деп санайды. Дегенмен қазіргі заманғы экрандар бүгінде ескі мониторлар секілді сәуле таратпайды. Алайда экранға ұзақ уақыт телміру, әсіресе, қысқа қашықтықта қарау, көру қабілетінің тұрақты нашарлау қаупін арттыра түседі.

Жақын тұрған затқа қараған кезде, көздің фокустау қабілеті шиеленіскен тәртіпте жұмыс істейді. Неғұрлым ұзақ болса, шаршағандық та соғұрлым жоғары болмақ. Сонымен бірге біз көзді аз жыпылықтаймыз да, әрі бұл құрғақ көз синдромына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Бұл жағдайды құтқаруға қарапайым және тиімді 20-20-20 ережесі көмектесе алады: экран алдында жұмыс істеген әрбір 20 минут сайын 20 секундқа үзіліс жасап, 6 метр қашықтықта тұрған нысанға қарағаныңыз абзал.

Көздің денсаулығына арналған тамақтану: қандай азық-түлік пайдалы

Көзге дәрумендер, микроэлементтер мен май қышқылдары қажет екені сөзсіз. Олардың жетіспеушілігі көру жітілігін төмендетеді және жас шамасына байланысты өзгерістерді жылдамдата түседі. Осы тұста жасыл түсті көкөністер (асжапырақ, брокколи, қырыққабат) ерекше құнды болып есептеледі. Олардың құрамында торлы қабықты қорғайтын және көру қабілетін сақтауға көмектесетін антиоксиданттар бар.

  • Сәбіз бен тәтті картоптың құрамында бета-каротин бар – бұл ымырттық көруге аса маңызды А дәруменінің жол салушысы.
  • Майлы балық (арқан балық, скумбрия) – тамырлар мен көру жүйкесіне қажетті омега-3 дәруменінің көзі.
  • Цитрус жемістері, жидектер және киви ағзаны қан тамырларды нығайтатын С дәруменімен қамтамасыз етеді.
  • Жұмыртқа, жаңғақтар мен тұқымдар көздің тіні мен жүйке жүйесінің денсаулығын нығайтатын D, E дәрумендері және мырышпен қамтамасыз етеді.

Дәрумендерді тамақпен бірге алған дұрыс, дегенмен жоғары жүктеме кезінде немесе жас шамасы ұлғайған сайын офтальмолог маманы қоспаларды қабылдауды ұсынуы бек мүмкін. Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз: артық мөлшерлеме беру тапшылықтан кем түспейтін қауіп.

Неліктен көзілдіріктен қорықпау қажет: дақпырттарды сейілтеміз

Адамдардың көбі әлі күнге дейін көзілдірік тағудан қорқады, бұл көру қабілетінің нашарлауына ықпал етеді деп есептейді. Бұл нағыз дақпырт. Дұрыс қойылған диагноз және дұрыс таңдалған линзалармен (көзілдіріктегі немесе жанасатын) көзге ешқандай да зиян келтірілмейді. Керісінше, түзететін оптика көздің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Көздің «табиғи оптикасы» мен түзету арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, көру де соғұрлым ыңғайлы және қауіпсіз болады. Айта кетсек, көру қабілетінің өзгергені турасында жайтты уақытында қабылдай білу де өзін-өзі күтудің бір бөлігі екені шүбәсіз.

Тағы не нәрсе маңызды

  • Көзіңізді ысқыламаңыз – бұл тітіркенуді тудыруы мен нұрлы қабықтың деформациясын қоздыруы ықтимал.
  • Линзаларды тағып ұйықтамаңыз, әсіресе, олар бұл жағдайға арналмаған болса.
  • Көз немесе линзаға қол тигізу алдында қолыңызды жуыңыз.
  • Ұйықтар алдында макияжды жуып тастаңыз, әрі тек қана тескерілген косметиканы пайдаланыңыз.
  • Егер сіз күндіз, әсіресе жаз мезгілінде, тауда немесе судың жанында болсаңыз, ультракүлгін сүзгісі бар күннен қорғайтын көзілдірік таққаныңыз міндетті.

Қорытынды

Көз – бұл біздің қоршаған әлем туралы біліп отыратын ақпараттың 80% үшін қарыздар болатын, әрі сондай-ақ профилактика тұрғысынан ең төмен бағаланған мүше болып отыр. Сіздің көру қабілетіңіз жақсы болса да, бұл тексерулерді елемеудің себебі бола алмайды, керісінше, бұл көруді ұзақ уақытқа сақтауға көмектесу мүмкіндігі. Өйткені алдын алу шаралары тек уақытында болған жағдайда ғана жұмыс істейді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.