
Өмір салты тері денсаулығына қалай әсер етеді: пигменттік дақтар және олардың алдын алу туралы
8 сұрақ
Терінің түсіне қандай пигмент жауап береді?
Пигментті дақтардың пайда болуының негізгі себебі неде?
Қартаю нәтижесінде қандай пигментті дақтар пайда болады?
Қартаю дақтарының пайда болуына қандай ішкі факторлар әсер етуі мүмкін?
С витамині пигментті дақтарға қалай әсер етеді?
Терінің қай түрі пигментацияға көбірек бейім?
Күннен қорғайтын кремді қаншалықты жиі қайта жағу керек?
Қандай өнімдер пигментациядан қорғауға көмектеседі?
Тері біз туралы көп нәрсені айтып бере алады: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, ұйқының болмауы өз іздерін қалдырады. Соның ішінде пигменттік дақтар, олар ересек жаста ғана пайда болмай, сонымен қатар жасыңызға артық он жылды қоса алады. Дерматокосметолог Лаура Әбдібаева Лайқос жобасына пигменттік дақтардың не екенін, олардың неліктен пайда болатыны мен олармен қалай күресуге болатынын түсіндірді
Пигменттік дақтар дегеніміз не?
Пигменттік дақтар – түсі өзгерген тері аймақтары.
Пигменттік дақтардың негізгі түрлері
Пигменттік дақтардың пайда болу себептері
- Күннің шамадан тыс әсер етуі: ультракүлгін сәулелері меланин өндірісін ынталандырып, ол теріде жиналып, пигментацияны тудырады.
- Гормондық өзгерістер: жүктілік, контрацептивтерді қабылдау немесе гормондық терапияға байланысты. Олар мелазманың пайда болуын ынталандыруы мүмкін, бұл – беттегі ірі пигменттік дақтар.
- Шылым шегу және алкоголь: темекі түтіні теріге келетін оттегі ағынын нашарлатады, зат алмасу үдерісін бұзады және жасушалардың қалыпты регенерациясына жол бермейді. Бұл ерте қартаюға әкеледі, бет терісін күңгірт және сұр етеді, қартаю дақтарының пайда болуын тудырады және терінің серпімділігі мен табиғи жарқылына жауапты маңызды элемент – С дәруменінің деңгейін төмендетеді.
- Алкоголь: бүкіл денені, соның ішінде теріні құрғатады. Ылғалдың болмауы оны құрғақ, аз серпімді және тітіркенуге бейім етеді.
- Жас шамасы: есейе келе адам терісінің жаңару үдерістері баяулайды, қорғаныс төмендейді, ультракүлгін сәулелену жиналып, пигментация күшейеді.
- Теріні дұрыс күтпеу: агрессивті косметиканы қолдану немесе ылғалдандыруды елемеу.
- Қабыну үдерістері: терідегі кез келген қабыну (безеу, аллергиялық реакциялар немесе жарақаттар) қабынудан кейінгі гиперпигментацияны тудыруы мүмкін. Зақымдалған жерлерді емдегеннен кейін қара дақтар қалады.
- Созылмалы аурулар: бауыр, бүйрек немесе эндокриндік жүйенің аурулары зат алмасуды бұзуы және пигменттік дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
- Генетикалық бейімділік: кейбір адамдарда пигментацияға бейімділік тұқым қуалайды, әсіресе, отбасыда мелазма немесе гиперпигментацияның басқа түрлері болған жағдайда.
- Дәрумендер мен макроэлементтердің жетіспеушілігі: В, С дәрумендері, мыс және темір жетіспеушілігі меланин пигментінің өндірісін бұзуы мүмкін, терідегі қалыпқа келу үдерістерін төмендетеді, бұл дақтардың пайда болуына ықпал етеді.
- Дәрілік заттарды қолдану: кейбір дәрі-дәрмектер (мысалы, антибиотиктер немесе ретиноидтар), косметика және эфир майлары терінің күнге деген сезімталдығын арттырады, ультракүлгін сәулелер әсер еткенде пигментацияны тудырады.
Пигменттік дақтардан қалай құтылуға болады
Бақытымызға орай, заманауи әдіс-тәсілдер пигменттік дақтармен тиімді күресуге мүмкіндік береді:
- Косметологиялық процедуралар: лазерлік терапия дақтарды ағартуға және тері өңін біркелкі етуге көмектеседі. Химиялық пилинг терінің үстіңгі қабатын дақтармен бірге алып тастайды.
- Дәрілік заттар: ретиноидтар, С дәрумені немесе гидрохинон бар иісмайлар теріні ағартуға көмектеседі.
- Үй әдістері: күннен қорғайтын иісмайлар, ағартатын және ылғалдандыратын компоненттері бар тері күтіміне арналған құралдарды үнемі қолдану.
Мұндай процедураларды косметологтың жетекшілігімен жүргізу маңызды, ол сізге теріні қалпына келтіру ережелері туралы айтып береді және процедуралардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Пигменттік дақтардың алдын алу үшін өмір салтында нені өзгерту керек
Теріңізді тегіс және жарқыраған күйде сақтау үшін күнделікті әдеттеріңізге өзгерістер енгізген маңызды:
- Күннен қорғанғаңыз абзал. Тіпті, бұлтты күндерде де, қыста да, кем дегенде, SPF 30 иісмайын жағуды ұмытпаңыз. Егер сіз ыстық елдерде немесе тікелей күннің астында болсаңыз, иісмайды әр 2-3 сағат сайын жаңадан жағып отырыңыз.
- Темекі шегуді тастаңыз: Бұл қадамды неғұрлым ертерек жасасаңыз, жасушалардың табиғи жаңаруы тезірек қалыпқа келіп, сау өңіңіз қайта оралады. Егер сіз әзірге темекі шегуді толығымен тастауға әлі дайын болмасаңыз, баламалы нұсқа – хиттерлерді қарастырғаныңыз жөн. Темекімен салыстырғанда мұнда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады. Ол теріні бұзатын, түсін нашарлататын және қартаюды тездететін шайыр, тұншықтырғыш газ, ауыр металдардың тұздары бар темекі түтінін шығармайды. Дегенмен мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: теріңізді шынымен қорғаудың және оны сау және жас қалпында сақтаудың жалғыз жолы – темекі шегуден біржолата бас тарту.
- Салауатты тамақтану: ас үлесіңізге антиоксиданттар (көкөніс, жеміс, жаңғақт) мен С және В дәрумендеріне бай тағамдарды қосыңыз. Олар бауырдың жұмысын ғана емес, терінің түсін де жақсартады. Тәттілер мен ұннан жасалған өнімдердің мөлшерін азайтыңыз.
- Теріңізді ылғалдандырыңыз: көбірек су ішіңіз және ылғалдандыратын иісмайларды қолданыңыз. Ылғалданған терінің гиперпигментацияның даму қаупіне деген бейімділігі аз.
- Тұрақты ұйқы. Егер сіз 7-8 сағаттан кем ұйықтасаңыз, теріңіз қалыпқа келуге үлгермейді, бұл тері реңінің күңгірттенуіне, құрғақтыққа, әжімдер мен көздің астындағы қара шеңберлерге әкеледі. Сонымен бірге созылмалы ұйқысыздық коллаген талшықтарын бұзатын және терінің серпімділігін азайтатын күйзеліс гормоны – кортизол деңгейін арттырады.
Қорытынды
Жаман әдеттерден бас тартыңыз, теріңізді күннен қорғаңыз, тамақтануды қадағалаңыз және демалыңыз – сонда теріңіз сау және біркелкі реңімен жауап береді. Өз денсаулығыңызға қамқорлық танытыңыз, өйткені әдемі тері – бұл ең алдымен бүкіл ағзаның хал-күйінің көрінісі.