Біз неліктен сигарет қораптарындағы қорқынышты суреттерден үрейленбейміз
«Белсіздік», «шалалық», «өлі туу», «ампутация» және, міндетті түрде, «темекі шегу денсаулыққа зиянды» – осы жазбалар шылым шегушілерге де, шекпейтіндерге де мәлім. Бұлар неліктен пайда болды және қаншама тиімді? Ал онда білейік.
Темекі шегуге деген көзқарас ұдайы әр жүз жыл сайын өзгеріп тұрды. Еуропалықтар темекі шегуді үндістерден үйреніп өздерімен ала келді. 1571 жылдың өзінде испандық Николас Мондарес темекі шегу 36 аурудан сауықтыруға көмектеседі, деп сендіретін ғылыми жұмыс жазған! Ал төрт жыл өте Рим Католикалық шіркеуі толығымен испан отары аймағында шылым шегуге тыйым салды, өйткені шылым шегу іблістің құйтырқы ісі деп тапты. Спойлер: бұл әрекетсіз болып шықты.
Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары темекі компаниялары мен дәрігерлер темекінің зияны туралы тіс жармағаны былай тұрсын, шылым шегу, мысалы, ауырған тамақты емдейді, деп нандырған. Рак пен темекі шегу өзара байланысты, ресми түрде 1964 жылы ғана АҚШ бас хирургы Лютер Терридің зерттеуінен кейін байыппен айта бастады. Осыдан кейін небәрі бір жылдан кейін темекі өндірушілерді өздерінің өніміне сақтандыру жазбаларын орналастыру міндеттелді. Бірақ мұның көмегі бола қоймады – 1966 жылы өткізілген сауалнамаға сәйкес сұраққа жауап берген америкалықтардың үштен бірі аурулар мен темекінің қандай байланысы бар екені ғылымға әлі белгісіз, бәлкім белгісіз бір зиянды ойдан шығарып отыр, деп санады. Алайда 2001 жылы өткізілген осыған ұқсас зерттеу күдіктенгендер саны екі аса азайғанын көрсетті.
Алғашқы зерттеулерден бері өткен 50-60 жылда темекі шегуге деген көзқарас қайтадан күрт өзгерді. Бұрын барлық орында – дәмханада, көшелерде, дүкендерде, автобустарда, тіпті мектеп ғимараттарында да темекі шегуге рұқсат болса, бара-бара бұған тыйым салына бастады. 1980-шы жылдардың өзінде ғалымдар мен дәрігерлер пассивті темекі шегу де зиян келтіретінін анық білген, сондықтан жоғарыда айтылған тыйым салу тек уақыттың билігінде етін.
2001 жылы Канада бірінші болып шылым шегу салдарын суреттеп сигарет қораптарына орналастырды. ДДҰ бұл әдіс тиімді деп тапты: олардың айтуынша, өз әдетінің қажеттілігіне күмәнданғандар осындай суреттерден кейін тастайтыны сөзсіз. Алайда сол АҚШ-ң өзінде өте шынайы суреттерге тыйым салынған: олар өте қорқынышты, демек сөз еркіндігін бұзады.
ТИІМСІЗ ӘДІС
Мүмкін, күмәнданғандар үшін осындай суреттердің өзі жеткілікті болар. Алайда 2018 жылы австралиялық ғалымдар суреттер те, сақтандыру жазбалар да, белсіздік туралы да, жәй өлім де, қатты сырқаттан өлім туралы да жазбалар да үрейлендірмейтінін және ұзақ мерзімді қажетті әсер етпек түгілі, мүлде ескерілмейтінін айқындады. Сол зерттеуде шылым шегуге деген шығындарға байланысты жазбаларға оң баға берілді – адамдардың көбісіне доллармен көрсетілген шынайы цифрлардың әсері жорамалды рактан үрейленгеннен гөрі әлдеқайда елеулі екен.
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕМІС
Иллинойс университетінің ғалымдары өткізген зерттеуінде шылым шегушілер де, шекпейтіндер де сигарет қораптарындағы суреттерді зорлап міндеттеу, деп қабылдайтынын айқындады. Бұл ғой жаман әдетті тастау емес, тек теріс эмоцияларды шақырады. Ол ол ма, егер адамдар қандай да болсын әрекетті олардың бостандығына қауіп-қатер төндіреді деп қабылдаса, бұл әрекет одан да тартымды болып көрінеді, – психология профессоры Брайан Кук осылай деп санайды. Сондықтан болар, темекі сауытына деген сұраныс өсті – адамдар темекіні тастағысы жоқ, олар әншейін қорқынышты суреттерді көргісі келмейді.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЛАМА
Жапонияны темекі шегушілер үшін жұмақ деп атайтын. Алайда шылым шегуден қайтыс болған жапондықтар саны күрт өскендіктен (2007 жыл мен 2010 жыл аралығында өлім-жітім жағдайлары 21%-ке өсті), үкіметті саясатын өзгертуге мәжбүрледі. Электрондық сигарет пайда болғаннан кейін үкімет осыларды белсенді жарнамалауға қосылып, осымен қатар кәдімгі сигаретке тыйым салады да қоса дәмханалар мен көшеде вейп шегуге рұқсат берді. Небәрі үш жылдың ішінде дәстүрлі темекі шегушілер саны 30%-ке азайды, ал өлім-жітім жағдайлары төмендеді.
ЖАУЫЗ СОНШАМА ҚОРҚЫНЫШТЫ МА?
ДДҰ мәліметтеріне сәйкес темекі шегу салдарынан жылына 8 миллионға жуық адам қайтыс болады. Никотин орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тамырларды тарылтып, жүрекке жүктемені арттырады, бұл ғой гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және инфаркт даму қауіпін арттырады. Алайда темекі шегудің бас қауіпі – никотин емес. Темекі 600 градус температурасында жанады, нәтижесінде 6000-ға жуық химиялық элемент бөлінеді. Осылардың 69-ы денсаулыққа қауіпті. Дәл осы темекі түтіні, тіпті ракқа дейін, тыныс жолдары ауруларына байланысты бірқатар аурулардың дамуына себеп болады. Сондықтан электронды сигарет және қыздырылатын темекі сияқты түтінсіз өнімдерге көшу зиянды төмендету қағидатымен кәдімгі сигаретке деген зияны төмендеу баламасы ретінде қарастырылады.
КҮРЕС ПЕ, ӘЛДЕ…
Тыйым салу әрекетсіз боп тұр. «Темекі шегу денсаулығыңызға зиян» деген де. Қорқынышты суреттерді ДДҰ тиімді деп тапқанымен, бәрібір бұл ұйым осы көкейкесті мәселемен кешенді күреске шақырады: сигареттің бағасын көтеру, көшелер мен дәмханаларда темекі шегуге және сигарет жарнамасына тыйым салу, т.б. – бәрі жеткіліксіз. Бұдан басқа, адамдарға қауіптері туралы шынайы ақпарат беру және темекіні тастауға тәуекел жасағандарды міндетті түрде қолдау қажет. Ал тастай алмайтындарға зиянын төмендету мүмкіндігі туралы айтып беру. Адам толық ақпараттандырылған жағдайда ғана дұрыс таңдау жасай алады.