Темекіні қалай тастауға болады: психотерапевт Жібек Жолдасованың кеңестері

Темекіге психологиялық тәуелділік және онымен күресудің жолы

Психотерапевт миыңызбен қалай келісуге болатыны және Альцгеймерге жеткізбей темекіден бас тарту турасында

Әрбір шылымқор осы әдетінің жақсылыққа жеткізбейтінін нақты біледі. Алайда өз денсаулығы мен айналадағылардың денсаулығына орны толмас зиян келтіре отырып, темекі бұрқыратуды жалғастыра береді. Психотерапевт-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жібек Жолдасова неліктен осылай болатыны, өз санаңызды қалай сендіру керек және онымен келісе алмасаңыз, не істеу қажеттігі жайлы айтып берді.


АДАМДАР НЕГЕ ТЕМЕКІ ШЕГЕДІ?

Негізінен адамдар әртүрлі себептермен темекі тартуды бастайды екен. Мәселен, жасөспірімдер ересек адамдардың мінез-құлқын қайталайды. Ал уақыт өте келе көбісі шылым шегудің онша пайдалы еместігін түсінеді. Кейбіреулер бұл әдетінен бас тартады. Бұл жерде өзіңнің ерік-жігеріңе сенуге, не болмаса психотерапияға жүгінуге болады, дейді Жібек Жолдасова.

 

Дәрігердің айтуынша, кейбір уақытта адамды темекіге қолын созғызатын факторларды жоюдың өзі жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы, мазасыздық, ұйқысыздық немесе әртүрлі өмірлік қиындықтарға төтеп бере алмау секілді жайттар.

 

Егер осы мәселелерді анық қарастырып, оларды шешуге бел бусақ, онда адам күнделікті тартатын темекі санын өзі-ақ азайтуы ықтимал. Кейде, тіпті, шылымнан біржолата бас тарту жағдайлары да кездесіп отырады. Дегенмен бұл үшін шылымқұмардың шын ықыласы керек. Алайда адамдар өздерінің әдеттерінің жетегінде жүруді қалайды.

 

Егер олар темекі шегіп бастаса, әрі оны көптеген жылдар бойы шегіп жүрсе, онда шылымды тастау немесе басқа бір нәрсеге қайта үйрену өте қиын. Демек адам, өкінішке қарай, ауырып қалған жағдайға тап болмайынша, ол ешқандай да қадамдарды жасамайды, – деп көрсетті дәрігер.

АҒЗАНЫ ҚОРЕКТЕНДІРУДЕН АЙЫРУ

Сірә, әрбір шылымқұмар түтіннің құрамында ауыр дерттерді тудыратын ұшпалы заттектердің бар екендігін біліп отырады. Дәл осы заттектер шырышты қабық арқылы кеңірдекшеге өтіп, одан кейін қантамыр жүйесіне түсіп, өзінің бүлдіруші әрекетін жүргізе бастайды.

 

Сарапшы темекі түтінінің құрамындағы шайырдың салдарынан адам өмірі қаншалықты уланатынын еске салады. Бұл күрделі органикалық қосылыстар кез келген шырышты қабыққа жеңіл және өте қатты жабыса алатындығымен сипатталады екен. Ауыз қуысы, тамақ, кеңірдекшеден бастап, тіпті, ең ұсақ бронхиолалар мен альвеолаларға да жабыса алады.

 

Альвеолалар – бұл өкпенің ең ұсақ құрылымы, мұнда газ алмасу үдерісі жүреді, яғни, оттегі мен көмірқышқыл газы алмасады. Ал өкпеге шайырдың неғұрлым көп мөлшері жабысса, газ алмасу үдерісі де соғұрлым нашарлай түседі. Ал газ алмасу қан құрамындағы оттегі деңгейіне және адам ағзасындағы барлық органдар мен тіндерді осы оттегімен қамтамасыз ету үдерісіне әсер етеді, – деп түсіндіреді Жібек Жолдасова.

Сондай-ақ мұнда темекі құрамында кездесетін және жану барысында бөлінетін тұншықтырғыш газды қосайық, ал бұл аса уытты заттек болып саналады. Оттегіге қарағанда уытты газ өзінің химиялық табиғатына байланысты қан құрамындағы гемоглобинге өте жеңіл жабысады. Демек, темекі шегетін адамдардың қанындағы оттегі деңгейі әлдеқайда төмен болады. Осының салдарынан адамның миы, ішкі мүшелері, жүрегі, тамырлары, терісі анағұрлым аз оттегі мөлшеріне ие болады, дейді дәрігер.

АЛЬЦГЕЙМЕР КЕЛМЕЙ ТҰРҒАНДА

Бүгінгі таңда дәрігерлер тарапынан шылымқорларды стигматизациялау (кейбір ерекшеліктерге негізделген адамға немесе адамдар тобына деген теріс көзқарас) бар ма деген сұраққа доктор Жолдасова мұндай жағдайларды байқамағанын алға тартады. Шын мәнісінде, тіпті, көптеген дәрігерлердің өздері-ақ темекі тартуды жалғастырып келеді.

Мысалға мен Альцгеймер ауруы, яғни, бас миының күрделі дегенерациялық аурулары бойынша маманданамын. Осы аурудың пайда болуының негізгі факторларының бірі –темекі тарту болып саналады. Темекіні тастауға келіспейтін адамдар әрдайым кездесіп отырады. Мұндай кездерде – шылым шегудің зиянын төмендетудің жолдарын ойластыру ғана қалады. Сондықтан темекіні қыздыратын өнімдер осының жақсы, тіпті, жалғыз баламасы ретінде болуы мүмкін, – деп кеңес береді Жібек Жолдасова.

Кем дегенде қыздыруға арналған жүйелер арқылы темекіні тұтынған кезде оның зияны қарапайым шылымды тартумен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді. Осылайша, ең болмағанда, адам ағзасына никотиннен бөлек темекі түтінінің құрамында кездесетін заттектер түспейтін болады.

 

***

Жібек Жолдасованың толық сұхбатын Қауіп факторларынан туындаған зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» Қазақстанның Ұлттық Қауымдастығының сайтынан оқыңыздар және қараңыздар.

 

 

Аударған Рита Сәрсенова

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]