Пульмонолог темекі тарту, қорыл және өкпе аурулары туралы сұрақтарға жауап береді
Өкпе аурулары, темекі тарту және қорылдау туралы сұрақтарға дәрігер-пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова жауап берді.
1.Адам өкпесінің салмағы қандай?
Өкпе ауыр. Әрбір мүше өзіндік салмаққа ие болады, ерлердің мүшесі біршама ауырлау, шамамен 800-840 грамм, ал әйелдерде сәл жеңілірек – 640 грамм. Алайда мен әрдайым былай деп айтамын: «Өкпеге байланысты жайттар оңай емес». Мәселелерді шеше бастағаныңда жағдай мүлдем нашар болып шығады.
2. Егер флюорография зиянды болса, неліктен біз оны жасаймыз?
Зерттеудің қандай да бір түрі зиянды немесе зиянсыз деп айтуға болмайды, бұл жалпы алғанда дұрыс емес. Жылына бір рет флюорографиядан өту – бұл профилактикалық тексеру, ол мүлдем зиянсыз. Басқа бір жайтқа келер болсақ, халықтың кейбір топтары осы зерттеуден жиірек өтуі тиіс. Мұндай жағдайда, егер адам флюорографияны зиянды процедура деп қабылдаса, онда балама нұсқаны қолдануға болады. Цифрлық флюорографияда сәулелік жүктеме әлдеқайда төменірек болады, дегенмен тиімділігі дәл қарапайым түріндегідей.
3. Егер адам темекі тартпаса, өкпесі сау бола ма?
Дәл солай. Егер өкпеге темекі тарту арқылы әсер етілмесе, оның сау болары сөзсіз. Неліктен? Өйткені темекі тарту, нақ осы түтіннің құрамы бронхтардағы мукоцилиарлы аппараттың сал болуына әкеліп соқтырады. Ал бұл қабынуға апаратын алғашқы кезең, әрі қарай тыныс алу мүшелерінің аурулары пайда болады. Сондай-ақ темекі тартуға мүлдем байланысы жоқ басқа аурулар тобы бар, мәселен, туберкулез, демікпе, тұқым қуалайтын аурулар, кәсіби аурулар. Бұл дерттерге темекі тарту мүлдем әсер етпейді, олар өз жолымен күшейе түседі. Кей кездері шылым шегу осы аурулардың ағымын күшейте түсуі мүмкін, әрі бұл айқын, жиі және ұзаққа созылатын асқынулар түрінде көрініс табады.
4. Қандай мамандықтар өкпе үшін ең қауіпті?
Жақсы сұрақ екен, өйткені адамдар арасында белгілі бір мүшеге ықпалы бар мамандық жоқ деген секілді түсінік кеңінен таралып отыр. Өкпе – әуе мүшесі, әрі оған ауаның сапасы тікелей әсер етеді, сонымен бірге ауаны түтіндететін барлық нәрселер уытты әрекетке ие. Мұнда баршамызға белгілі кеншілер, құрылыс бригадалары жатқызылады. Сонымен қатар зерттеулер де баршылық, олар аспазшылардың және ашық ауада тамақ дайындаумен өте жиі айналысатын басқа да адамдардың түтінді деммен бірге жұтқан кезде оның тыныс алу мүшелеріне дәл сондай әсер ететінін дәлелдеген. Әрі бөлек топқа психосоматикалық ауруларды жатқызуға болады, яғни, бұл тұста ұзаққа созылған стресс тыныс алу мүшелері жұмысының бұзылуын тудырады.
5. Шылым қыздырылатын темекіден зияндырақ па?
Бұл пікірталастық сұрақ, себебі зиянсыз нәрсенің барлығы – бұл тек таза ауа. Мен нақ осы жайтты насихаттайтын дәрігермін. Осы екі факторды салыстырған кезде мына бір нәрсе дәлелденген еді, хиттерлер тұншықтырғыш газды шамамен 98% дейін азырақ бөледі, әрі бұл, әрине, оның жақсы жағы. Дегенмен хиттерлердің өздері де белгілі бір заттектерді бөліп шығаратынын ұмытпағаныңыз абзал, әрі олар дәл осы мукоцилиарлы аппаратқа ықпал етеді және бронхиттің қабынуына байланысты оның сал болуын тудырады. Алайда егер адам, шылымқұмар, темекі шегуден бас тартқысы келсе, әлбетте, оны балама нұсқа ретінде қолданады. Хиттерлер – шылымнан біржолата бас тарту жолындағы кезең, ал бұл әрдайым қалағанымыздың нәтижесі. Дегенмен ұмтылуға болатын ең үздік нәрсе – темекіні тастау, әрі таза ауамен дем алу.
6. Егер қаланың экологиясы нашар болса, көше бойымен жүгіру зиянды ма?
Бұл емделушілерімнің ең бір сүйікті сұрағы шығар, өйткені жүгіру әрқашан пайдалы екені шүбәсіз. Бұл дегеніміз дене шынықтыру, физикалық жүктеме. Дегенмен мұнда басқа бір гәп бар, қаланың қай жерінде жүгіруге болады, әсіресе, экология күннен күнге нашарлап бара жатса. Сондықтан жасыл аймақтарда жүгіру — бұл әрдайым дұрыс шешім. Жолдың, трассалардың бойымен, кәдімгі тұрғын үйлердің қасында жүгіру, яғни, ешқандай жасыл аймақтары жоқ жерде жүгіру, әрине, зиянды. Ағаштар — біздің қорғаушыларымыз, олар Жер шарымыздың өкпесі, әрі олар белгілі бір сапалы құрамға ие ауаны бөліп шығарады. Адам ықшам ауданның ішінде жүгірген кезде, ол басқалар бөліп шығаратын заттектермен көбірек тыныс ала бастайды. Сондықтан дем алуды да, жүгіруді де жақсы жасыл қоршаулары бар жерлерде жасаған дұрыс. Ал жолдардың бойымен, «тас джунгли» демекші, яғни, сол бір ықшам аудандарда жүгірген зиянды болып саналады, өйткені адам қарқынды түрде тыныс алады. Әрі жақсы, таза ауаның жоқтығынан ол басқа адамдар, көлік, өндіріс тарапынан сол ауаға бөлінген заттектермен дем алады. Сол себептен жасыл аймақтары бар жерлерде дем алу – пайдалы екені сөзсіз.
7. ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) жұқпалы ауру ма?
ӨСОА – бұл жүре пайда болған өкпенің созылмалы ауруы, әрі ол обструкциямен сипатталады. Одан шылымқұмарлар немесе көп жылдар бойы темекі тартқан адамдар зардап шегеді. Бір өкініштісі, осы тұста қайтарымсыз өзгерістер болып жатады. ӨСОА мүлдем жұқпайтын дерт; дегенмен бұл жерде басқа мәселе баршылық, ӨСОА тұқым қуалауы ықтимал. Яғни, емделушінің тұқым қуалайтын факторында өкпе жүйесінің әлсіздігі үшін жауап беретін белгіленген аймақтар болуы ықтимал, сондай-ақ экологияның нашарлығы салдарынан өкпенің созылмалы ауруы қоздырылуы мүмкін.
8. Өкпе аурулары тұқым қуалай ма?
Иә, мұндай ықтималдық бар деуге болады. Мәселен, егер туысқандардың бірінде тыныс демікпесі болған жағдайда, ол детерминантталған белгі ретінде тұқым қуалауы мүмкін.
Бұл дегеніміз белгілі бір жағдайларда сол отбасының баласында тыныс деміпкесі айқындалуы ықтимал. Алайда негізінен ӨСОА, әрі созылмалы бронхит секілді созылмалы аурулар тұқым қуаламайды. Тыныс алу мүшелерінің онкологиялық ауруларына келер болсақ, бұл тұста жүргізілген ғылыми жұмыстар бар және дәлелденген жайттың бірі: генетикалық тұрғыдан жасушалардың мутациясы үшін жауап беретін жасуша болады екен, әрі өмір сүру салты аурудың пайда болуы мен оның ағымын жылдамдатуы әбден мүмкін.
9. Туберкулезге қарсы екпе салынса, бұл дертке шалдығу мүмкін бе?
Күрделі сұрақ екен – «әрине», иә? Бәріміз де осындай жүз пайыздық кепілдікке ие болғымыз келеді. Шын мәнісінде вакциналау тек қана 50% береді, әрі мұның өзі шынайы саннан да көп шығар. Дегенмен вакциналау жартылай кепілдікті беріп отыр, бәлкім, адам ауырып қалмайтын шығар немесе ауырып қалса да, дерт жеңіл формада өтеді. Алайда дәлме-дәл айта алмаймын – бұл жерде көп нәрсе айналадағы факторларға, соның ішінде адамның өмір сүру салты, кәсібі, стреске деген төзімділігіне де байланысты. Бұл да иммундық тапшылыққа итермелейді. Тиісінше, тіпті, вакцина алған адамның өзі де, соның ішінде өкпе туберкулезіне шалдығуы әбден мүмкін.
10. Қорылдайтын адамның түнде тыныс алуы 500 ретке дейін тоқтауы мүмкін екені рас па?
Қорылдаған адамда тыныстың тоқтауы кездеседі. Сандарға келер босақ, мұнда диагностиканы жасау керек. Негізі сұрақ дұрыс қойылған, қорылдайтын адамда тыныстың тоқтауы оттегінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады, ал оттегінің жетіспеушілігі мүшелер қызметінің бұзылуына апарады. Мәселен, мұндай оқиғаларды естіген де шығарсыз, адам ұйықтап қалды да, бірақ оянбады. Өлексені союдың нәтижесі инфаркттың болғанын көрсетеді. Әдетте бұл тәуліктің белгілі бір уақытында болып жатады. Қорылдайтын адам инфаркттарға бейім келеді, өйткені гипоксия, оттегінің жетіспеушілігі жүріп жатады. Бір, екі, үш секунд, әрі қарай төрт минутқа дейін ұласады да, кейбіреулерде, тіпті, екі сағатқа дейін жетеді. Елестетіп қана көріңізші, адам сегіз сағаттық ұйқының ішінде екі-үш сағаттай оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Оған қоса ұйқының қанбауы бар – дегенмен бұл түйткілдің жеңіл формасы ғана. Ал егер осы жайтты елемесек, және әрі қарай жүре беретін болсақ, онда барлық аталмыш жайттар, өкпенің, жүректің, ми қызметінің тоқтауы, мұның бәрі де гипоксияға байланысты.
Бонус. Өкпе темекі қорабындағы фотосуреттегідей болуы үшін қанша жыл шылым тарту керек?
Өкпедегі өзгерістер 6 ай бойы тұрақты түрде темекі тартудан кейін пайда бола бастайды. Мен қайтарымсыз салдары туралы айтып отырмын. Яғни, темекінің орамасындағы сурет жарты жылдан кейін болуы әбден мүмкін. Алайда генетикалық бейімділік деген нәрсе бар немесе, керісінше, оның жоқтығы, бұл жағдайда өкпе темекі тартудың 40 жылдық өтілінен кейін ғана осындай болып көрінуі де ықтимал. Бұл жерде болжап айту мүмкін емес, бұл, былайша айтқанда, маңдайға жазылған бағыңызға байланысты. Дегенмен темекі әсерінің қайтарымсыздығы алты ай бойы тұрақты түрде шылым шегуден кейін пайда болады.