Қандай тамақ құмартуды арттырады және сексті жақсартады
Жыныстық өмір – бұл тек құштарлық пен махаббат қана емес. Сондай-ақ бұл… тамақтану! Уролог-андролог Бибігүл Исмағұлова Лайқос жобасына тамақтанудың жыныстық денсаулыққа қалайша әсер ететінін, қандай азық-түлік түрлері құмартуды арттыратынын, ал қайсылары төмендететінін айтып берді.
Тамақ құмартуға қалай әсер етеді
Жыныстық құмарлық – көпқырлы нәрсе: бұл жерде гормондар да, психика да, тамырлар денсаулығы да бар. Осының барлығы ағзамызды немен тамақтандыратынымызға тікелей байналысты болып отыр. Толыққанды ас үлесі қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі және жоғары холестерин, қан қысымы, 2 типті қант диабеті мен атеросклероз секілді түйткілдердің қаупін төмендетеді. Бұл жағдаяттар жыныстық құмартудың төмендеуі және, тіпті, қозулық дисфункцияға әкеліп соқтыруы ықтимал.
Қандай нутриенттер «отты жағады» және оларды қайдан іздейміз
- Мырыш – тестостерон үшін нағыз отын. Мырыш неғұрлым аз болса, либидо соғұрлым төмен болмақ. Ол устрицалар, асқабақ дәндері мен жаңғақтарда көптеп кездеседі. Устрицалар, сиыр еті бұршақ тұқымдастар, жаңғақтың кейбір түрлерінде (кешью, балқарағай жаңғағы) болады.
- B тобының дәрумендері метаболизмге атсалысады және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Құс еті, балық, жапырақты көкөністер, бұршақ тұқымдастар құрамында бар.
- Омега-3 тамырларды нығайтады, тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады. Арқан балық, скумбрия, майшабақ, зығыр, грек жаңғағында кездеседі.
- Е дәрумені – күшті антиоксидант: қан айналымы мен шәует сапасын жақсартады. Өсімдік майлары, тұқымдар, жаңғақтардың құрамында болады.
- L-аргинин – амин қышқылы, әрі ол тамырлардың кеңеюі мен қанның құйылуына (иә, сол жерге де) септігін тигізеді. Жаңғақ, күркетауық пен жасымықта бар.
- D3 дәрумені тестостеронды қалыпты деңгейде сақтау ісінде маңызды рөл атқарады, кальцийдің сіңуіне атсалысады. Теңіз балығы (арқан балық, тунец), жұмыртқа, сүт өнімдерінің құрамында болады.
- Селен ерлердің ұрықтылығы, тестостеронның өндірілуі мен шәует жасушаларының денсаулығы үшін маңызды. Бразилия жаңғағы, тунец, жұмыртқаның құрамында селен көп.
- Магний жүрек пен бұлшықет жұмысына қатысады. Асжапырақ, бадам, авокадоның құрамында кездеседі.
- Ақуыздар – гормондар мен тіндерге арналған құрылыс материалы, күш пен төзімділікті нығайтады. Қайнар көзі – жұмыртқа, балық, ет, бұршақ тұқымдастар.
- Темір оттегіні тасымалдау үшін қажет, онсыз күш-қуат пен либидо төмендейді. Қайнар көзі – сиыр еті, бауыр, асжапырақ, жасымық.
- Антиоксиданттар (соның ішінде A, C, E дәрумендері, флавоноидтар) тамырларды қорғайды, қан айналымын жақсартады және сезімталдықты жоғарылатады. Жидектер, какао, көк түсті көкөністер мен қызыл шараптың (біркелкі мөлшерлерде) құрамында бар.
Зерттеу көрсеткендей, жерортатеңіздік секілді дұрыс диеталарды ұстану қозулық дисфункцияға тап болу қаупінің төмендеуін қамтамасыз етеді. Көкөніс, жеміс, жаңғақ, бұршақ тұқымдастар мен балықты тұтыну, сонымен бірге қызыл және өңделген еттен бас тарту белсіздік ықтималдығын азайта алатындығы анықталған.
Төзімділікті жақсартудың жолы
Жыныстық төзімділік = энергия + тұрақты қант деңгейі.
- Күрделі көмірсулар (киноа, қарақұмық, сұлы жармасы) ұзаққа созылатын қуатты береді.
- Пайдалы майлар (зәйтүн майы, майлы балық) жасушалар мен тамырларды қоректендіреді.
- Банандар энергияға арналған трио – калий, магний және B тобының дәрумендерін береді.
- Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз! Сусыздандыру = шаршағандық.
Құмартуды не төмендетеді
- Тұз. Артық тұз тестостерон өндірісін төмендетеді – ол ер адамдар мен әйелдердегі либидоға жауап беретін гормон.
- Қант. Оның көптігі инсулиннің кенет бөлінуіне апарады, ал инсулин тестостеронмен рецепторлар үшін бәсекеге түседі. Нәтижесінде либидо төмендейді.
- Фастфуд және трансмайлар. Құрамында трасмайлар бар өнімдер (чипстер, бүйрекшелер, дүкендегі тәтті пісірмелер) майлардың алмасуын бұзады, тамырларды бітеп тастайды, тестостерон деңгейін төмендетеді. Олар артық салмаққа апарады, демек қозуға байланысты түйткілдер пайда болады.
- Алкоголь. Оны шамадан тыс тұтыну адам ағзасының барлық жүйелерінің жұмысына нұқсан келтіреді. Ал сыраның құрамында фитоэстрогендер – ерлердегі тестостеронның өндірісін тежейтін әйел гормондарының өсімдік аналогтары кездеседі.
- Кофе. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, егер кофе шамадан тыс көп ішілсе, тестостерон деңгейі төмендейді екен. Күні бойына тұтынылатын кофе шыны-аяқтарының санын қысқартқан абзал.
- Темекі. Дәстүрлі темекіні тарту қан айналымын нашарлатады және жеңсікқұмарлыққа әсер ете отырып, тестостерон деңгейін төмендетеді.
Шектеуге тұрарлық азық-түлік тізіміне бұршақ тұқымдастарды, пісірмелер мен квасты, өйткені олардың да құрамында фитоэстрогендер бар; соя өнімдерін, шоколадты, газдалған сусындарды, ақ нанды, ысталған өнімдер мен жалбызды қосуға болады.
Әсерін күшейтудің жолы
Мына бір жайтты түсінген маңызды: зиянды тамақ жыныстық денсаулыққа байланысты түйткілдердің жалғыз себебіне айналуы сирек кездеседі. Көбіне-көп дұрыс тамақтанбау қимыл-қозғалысы аз өмір салты, темекі тарту, алкоголь, күйзеліс, нашар экология және созылмалы аурулармен қатар жүреді.
Егер сіз жаман әдеттеріңізден әзірге толықтай бас тартуға дайын болмасаңыз, ең болмағанда ағзаға болатын залалды қысқартқаныңыз маңызды. Мәселен, спирттік ішімдіктердің мөлшерін азайтыңыз немесе хиттерлерге ауысыңыз – олар темекі тартудан біржолата бас тарту жолындағы өтпелі кезең ретінде болуы мүмкін, әрі қарапайым темекімен салыстырғанда зиянды 95% дейін төмендете алады. Мұндағы бар гәп хиттерлердің темекінің жану үдерісіне жол бермейтіні мен адам ағзасының өмір үшін маңызды жүйелерін бұзатын шайыр, тұншықтырғыш газ және күйдіргіш канцерогендерді шығармайтынында жатыр. Сіздің интимдік денсаулығыңызға арналған ең жақсы шешім – бұл барлық жаман әдеттерден құтылу болып отыр, алайда таңдау әрдайым өзіңізде екені сөзсіз.
Егер өз либидоңызды қолға алуды тек қана ас үлесінен бастауға бел бусаңыз, қандай да бір ғажаптарды күтпей-ақ қойыңыз. Бұл жерде әркез кешенді тәсіл қажет, ал кейбір жағдайларда дәрігердің де кеңесі керек болуы мүмкін. Барлығы денсаулық жағдайы мен мақсаттарға байланысты – әмбебап тәсіл болмайды.
Қорытынды
Тұрақты нәтижелерге мезеттік шешімдердің көмегімен емес, жетілу бойынша тек ұзақ мерзімді және жүйелі жұмыстың арқасында ғана қол жеткізуге болатынын ұмытпаған абзал. Афродизиактар көмектесуі мүмкін, дегенмен нақты және тұрақты әсер үшін дұрыс әрі теңдестірілген тамақтану өміріңіздің бір бөлігіне айналуы тиіс. Есіңізде болсын: біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақ ішеміз.