
Қазақстандықтар барған сайын көбірек темекі тартып жүр. Не істеуге болады
Қазақстанда темекі тартуға қарсы күрес жүргізуге бағытталған бар күш-жігерге қарамастан, шылым шегетін адамдар саны өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының зерттеу нәтижесіне сәйкес, елдегі темекі тартатын адамдар саны ұлғая түсті. Дегенмен жақсы жаңалығымыз да бар: темекіні тұтынудың денсаулыққа деген зиянды әсерін төмендетуге көмектесетін әдістер пайда болып отыр.
Қазақстанда қанша адам темекі тартады?
Сауалнама мәліметтері бойынша ересек қазақстандықтардың 20,7% темекі тартады екен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда сәл көбірек, сол кездегі көрсеткіш 19,4% құраған. Алматы, Астана мен Шымкент қалаларында тұрғындардың 20% шылым шегеді. Ауылдық жерлерде – 22,3%. Көбінесе ер адамдар (39,8%) темекі тартады, ал шылымқұмарлар арасындағы әйелдер саны 7,6% құрап отыр.
Бұл тұста атап өтуді қажет ететін маңызды бір жайт: пайыздық арақатынас бойынша темекі тартатын адамдардың саны төмендеп бара жатқандай көрінсе де (2014 жылы бұл көрсеткіш 22,4% құраған), шын мәнісінде ол ұлғайып келеді. 2024 жылы Қазақстан халқының саны 20,29 млн адам болса, демек шылымқұмарлардың 20,7% – бұл шамамен 4,2 млн адамды құраған деген сөз. Темекіні тұтыну күрт өсіп жатыр.
Темекі түтіні шылым шекпейтіндерге қалай әсер етеді?
Маңызды түйткіл – пассивті темекі тарту, бұл жағдайда адамдар басқа біреудің темекісінен шығатын түтінмен тыныс алуға мәжбүр. Сауалнаманың мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандықтардың 9,2% күн сайын үйлерінде, 6% – жұмыс орындарында, 11,5% – дәмханалар мен мейрамханаларда темекі түтініне тап болып отырады.
Қазақстандықтар темекі тартудың қауіптілігін түсіне ме?
Адамдардың көбі (85,8%) темекі тарту ауыр дерттерді қоздыра алатынын ұғынады. Дегенмен олардың азғантай бөлігі ғана (небәрі 4,6%) жақындарының шылым шеккенін қаламайтындарын айтып отыр. Бұл дегеніміз адамдар темекі тартудан болатын зиянды түсінгенімен, өз отбасыларында бұған тыйым салуға әркез дайын еместігін білдіреді.
Адамдар темекі тартуға деген тыйымға қалай қарайды?
Сауалнамаға атсалысқандардың басым бөлігі (72,2%) қоғамдық орындарда темекі тартуға толық тыйым салуды қолдап отыр. Бұл адамдардың көбі таза ауаның денсаулық үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғынатынын, әрі осындай шараларды қолдауға дайындығын көрсетеді.
Балама: темекі тұтынудың зияны анағұрлым азырақ тәсілдері
Шылым шегетін адамдардың саны артып келе жатқанына қарамастан, темекі тұтынудың балама тәсілдері бар – мысалы, хиттерлер. Осы құрылғыларда темекі жанып кетпейді, тек қана қажетті температураға дейін қыздырылады. Бұл дәстүрлі темекіні тарқан кезде пайда болатын уытты заттектердің бөлінуіне жол бермеуге септігін тигізеді.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, хиттерлердің зияны әлдеқайда аз, өйткені олардың құрамындағы шайыр мен канцерогендер секілді залалды заттар мөлшері төменірек болып келеді. Бұл олардың мүлдем қауіпсіз екендігін білдірмейді, дегенмен олар кәдімгі темекіге қарағанда айтарлықтай жақсы. Сондай-ақ әзірге темекіден біржолата бас тартуға дайын емес адамдар үшін хиттерлер жақсы балама нұсқаға айнала алады.
Қорытынды
Қазақстандағы темекі тарту түйткілі өзекті күйінде қалып отыр, алайда темекіден болатын зиянды төмендету мүмкіндігі бар. Хиттерлер темекі шегуден мүлдем бас тартуға дайын емес жандарға денсаулыққа деген қауіптің деңгейін азайтуға көмектесе алады. Бұл тұста мемлекет те, қоғам да осындай инновацияларды қолдап отырғаны және адамдарды темекінің зияны мен балама нұсқалар туралы хабардар етуді жалғастырғаны маңызды.