Қолың дерт көрмесін: қол жастығын қалай сақтаймыз - Лайқос

Қолың дерт көрмесін: қол жастығын қалай сақтаймыз

Қолдың тегіс, нәзік және әдемі терісі – табиғаттың сыйы. Алайда оның өз жастығы мен сау түрін қаншалықты ұзақ сақтайтыны тек қана өзімізге байланысты екен. Қол әртүрлі әсерлерге ұдайы ұшырап тұрады, сондықтан терінің қартаюы тезірек жүреді. Дерматокосметолог әрі трихолог Лаура Әбдібаева қолға күтімді қалай жасау керектігі туралы әңгімелейді.

Әжімдер, пигменттік дақтар, көзге көрініп тұратын тамырлы тор – қартаюдың қашып құтылмас белгілері. Оған қоса сыртқы ортаның жағымсыз факторлары, темекі тарту және тұрмыстық химияның ықпалы теріні сұлуландыра түспейтіні хақ. Осының барлығы да терінің мерзімінен бұрын қартаюына, сусыздануы мен құрғақтыққа әкеліп соқтырады, сол себептен біздің қолымыз ерекше күтім мен қамқорлықты қажет етеді.

Сыртқы факторлардың әсері

Пигменттік дақтардың пайда болуы мен қол терісінің мерзімінен бұрын қартаюының алдын алу үшін үйіңізден сыртқа шықпас бұрын, тіпті, қыс мезгілінде де SPF деңгейі 30 кем емес күннен қорғайтын иісмайды қолдану қажет. Ал тұрмыстық химияны қолданған кезде әрдайым резеңке қолғапты кигеніңіз дұрыс.

Сонымен бірге қан айналымын айтарлықтай нашарлата түсетін және қартаю үдерісін анағұлым жылдамдататын темекі тарту секілді жаман әдеттерден бас тартқан өте маңызды. Осыған дейін жарияланған материалдарымның бірінде мен шылым шегудің жалпы терінің жай-күйіне қалайша әсер ететіні туралы әңгімелеген едім. Атап айтқанда, темекі түтіні қол терісін айтарлықтай нашарлата түседі, ал никотиннің әсерінен тырнақ сарғаяды және өз әсемдігін жоғалтады. Мұндағы ең жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту. Алайда, егер сіздің тәуелділігіңіз аса қатты болса, онда кәдімгі шылымды, мәселен, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге (хиттерлерге) ауыстыру арқылы теріге деген зиянды төмендетуге болады. Бұл темекінің теріге беретін жағымсыз әсерін бірнеше есе азайта түседі.

Ауыр зақымдануға тап болған жағдайларда (мәселен, экзема кезінде) дәрігердің көмегіне жүгіну және қажеттілік болса, қалпына келтіру мақсатында кортикостероидтар қосылған жақпа майлар секілді фармпрепараттарды пайдаланған абзал. Егер қол терісі зақымдалса (жарықтар, тітіркену), құрамында пантенол, декспантенол, аллантоины бар иісмайларды қолдану арқылы дұрыс қалпына келтіру үдерісін қамтамасыз еткен маңызды, бұл иісмайлар жарықтардың жазылуы мен қабынуға жол бермеуге септігін тигізеді.

Теріні жасарту мен қалпына келтіруде косметологта жасалатын процедуралар тиімді көмектеседі: химиялық пилингтер мен инъекциялар. Сүт және гликоль секілді AHA-қышқылдары қосылған пилингтер жасушалардың жаңаруын ынталандырады және тері тонусын жақсартады. Сонымен бірге лазерлік процедуралар да кеңінен танымал, өйткені олар пигменттік дақтарды жояды және терінің құрылымын жақсартады. Бұл тәсілдер ауырсынбайды деп айтуға болады, дегенмен қажет болған жағдайда анестезияның да қолданылуы әбден мүмкін.

Темекі түтіні теріңізді қалай құртады және мұндайда не істеуге болады
Бұл туралы дәрігер – косметолог-трихолог әңгімелейді Неліктен темекі шайыры мен оның жану өнімдері ерте қартаюдың…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-tabachnyi-dym-unichtozhaet-vashu-kozhu-i-chto-s-etim-delat/

Қолдың күтімі бойынша басты ережелер

Қолыңызды ұқыпты түрде сақтау мен жастығын ұзарту үшін күтім бойынша дұрыс әдеттер көмектесе алады. Бұл тазарту, ылғалдандыру, нәрлендіру және тері қорғанысын қамтамасыз ету. Қолыңызды жуған кезде судың температурасын қадағалағаныңыз маңызды: ыстық немесе салқын су онша пайдалы болып саналмайды, қолды бөлме температурасындағы суға жуғаныңыз абзал. Қолды жуып болғаннан кейін сулы-липидті тепе-теңдікті бұзбас үшін жұмсақ сүлгімен мұқият сүртіп алғаныңыз жөн.

Әрбір күтім тазартудан басталады

Бұл қол күтіміне де байланысты айтылған. Күнделікті қол жуу, әсіресе, дезинфекциялық әсері бар құралдарды жиі қолдану теріні құрғатып жіберуі ықтимал. Жұмсақ, агрессивті емес құралдарды пайдаланғаныңыз абзал. Сонымен бірге құрамында ылғалдандыратын құрауыштары (глицерин немесе алоэ вера), бейтарап pH бар өнімдерді таңдағаныңыз жөн.

Теріні анағұрлым терең тазарту және жаңарту үшін аптасына екі-үш рет жұмсақ скрабтарды қодануға болады. Ұнтақталған өрік дәнегі немесе қант, кофенің қоюы секілді нұсқаларды байқап көріңіз. Тұрақты қабыршақтану мүйізделген жасушаларды кетіру мен терінің құрылымын жақсартуға көмектеседі.

Теріні ылғалдандыру – екінші кезең

Қол терісі өзінің жұмсақтығы мен иілімділігін сақтап қалуы үшін тұрақты түрде ылғалдандыруды талап етеді. Гиалурон қышқылы, несепнәр, ши майы, жожоба және пантенол қосылған иісмайларды, әсіресе, қолыңызды жуғаннан кейін және ұйықтар алдында қолданыңыз. Құрғақ немесе жетілген тері үшін антиоксиданттар, пептидтер және коллаген қосылған сарысуларды қосыңыз, сонымен қатар парафиндік ванналарды да қолданғаныңыз дұрыс. Жылы парафин ылғалдандыратын құралдардың әсерін күшейте отырып, сондай-ақ белсенді компоненттердің терең сіңірілуіне септігін тегізетін жылыжай эффектісін береді.

Қалпына келтіру – аса маңызды

Түн – теріні қалпына келтірумен айналысу үшін тамаша уақыт: гиалурон қышқылы мен коллаген қосылған арнайы маска-патчтарды қолануға болады, олар ұсақ әжімдерді кетіруге көмектеседі.

Қолдың зақымданған және тым құрғақ терісі үшін A, E, F дәрумендері бар нәрлендіретін иісмайлар, маскалар мен майларды пайдаланған абзал.

Түнде қолыңызға майларды жаққаннан кейін мақта қолғаптарды киіп алғаныңыз дұрыс.

Сұлулықты жылдам қалпына келтіруге болады, дегенмен алдын алу шаралары турасында қаперімізден шығармағанымыз жөн: жылдың суық мезгілдерінде тері желден жарылып қалмауы үшін қолыңызға қолғапты киіп жүріңіз.

Әдемі қол үшін не қажет

Сау тері ағзаның хал-күйін көрсетіп тұрады. Оның әдемілігі үшін дәрумендер мен антиоксиданттар қосылған теңдестірілген тамақтану, жеткілікті мөлшерде су ішу, физикалық белсенділік пен сапалы ұйқы маңызды болып келеді. A, E, C, B5 дәрумендері, мырыш, биотин және Омега-3 терінің иілімділігі мен қорғаныш қызметтерін сақтап отырады. Иісмайлар мен майларды қолдана отырып, қолға үнемі жасалатын уқалау қан айналымы мен терінің тонусын жақсартады.

Күнделікті күтім, қорғаныс, алдын алу шаралары және жаман әдеттерден бас тарту сізге қол терісінің жастығы мен әдемілігін ұзақ жылдар бойына сақтауға көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]