Темекі шегудің салмаққа әсері: майдың көбеюі және зат алмасу

Темекі тарту зат алмасуға қалай әсер етеді?

Дәрігер Алмагүл Ержекенова айтып береді

Темекі тарту және семіздік бүкіл әлем бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің негізгі себептері болып келеді. Шылым шегу ағзадағы майдың жиналуымен қалай байланысты? Не болмаса, керісінше, оның энергия шығынына қатысы қандай? Неліктен темекі шегуден бас тарту көбінесе салмақ қосумен бірге жүреді? Темекі тарту инсулиніңізбен не істейді? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға терапевт, сертификатталған диетолог Алмагүл Ержекенова жауап береді.


НИКОТИН ЭНЕРГИЯ ШЫҒЫНЫН ҚАЛАЙ АРТТЫРАДЫ ЖӘНЕ ТӘБЕТТІ ҚАЛАЙША ТӨМЕНДЕТЕДІ?

 

Қысқа мерзімді болашақта никотин энергияның шығынын арттырады да, әрі тәбеттің төмендеуіне септігін тигізеді, бұл шылымқұмарларда әдетте, темекі тартпайтын адамдарға қарағанда, дене салмағының аздау болатынын, сондай-ақ неліктен темекі шегуден бас тарту көбінесе артық салмақ қосумен бірге жүретіндігін түсіндіреді. Керісінше, әшейінде нағыз шылымқорлардың дене салмағы пассивті темекі тартушылар немесе мүлдем шылым шекпейтіндермен салыстырғанда көбірек болады, әрі бұл олардың жалпы өмір салтымен байланысты болуы мүмкін – мысалы, физикалық белсенділіктің төмен деңгейі, дұрыс тамақтанбау және темекі тарту секілді жайттардың қосындысын айтуға болады, ал бұл артық салмақтың пайда болуына өз ықпалын тигізетіні анық. Сонымен қатар темекі тарту инсулинге деген төзімділікті (қарсы тұра алушылықты) жоғарылатады және май жиналуының орталық семіздігімен байланысты болып келеді. Нәтижесінде темекі тарту метаболизмдік нышынат және қант диабетінің пайда болу қаупін арттырады, ал бұл факторлар жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп-қатерін ұлғайта түседі. Жүрек ауруларының қауіп-қатерін түтін шығармайтын балама нұсқалардың көмегімен төмендетуге болады – жану үдерісі бар қарапайым темекіні тартуға қарағанда, темекіні қыздыруға арналған жүйелерде, мәселен, түтін жоқ және зиянды заттектердің мөлшері 95%-ға дейін азырақ кездеседі. Дегенмен қауіпті толығымен жоққа шығаруға болмайтынын есте сақтаған жөн – сондықтан темекі шегуден тек біржолата бас тарту ғана ең үздік нұсқа болып саналады.

 

Ал салмақ қосу жайлы не айтуға болады? Бүгінгі таңда темекі тарту мен семіздік арасындағы байланыс толықтай зерттелмегенін айта кеткен жөн. Бір жағынан, осыған дейін айтқанымдай, никотин энергияның шығындалуын лезде ұлғайтады және тәбетті төмендете алады, ал екінші жағынан, зерттеулер көрсетіп отырғандай, нағыз шылымқорлардың (яғни, күніне біраз темекіні шегіп тастайтындардың) дене салмағы пассивті темекі тартушыларға қарағанда жоғары болады. Соңғы уақытта шылым шегудің адам ағзасындағы майдың үлестірілуіне әсер ететіндігі туралы дәлелдер көбейіп келеді. Сондықтан шылымқұмарлар арасында, сол секілді темекі тартпайтын адамдар арасында да шылым шегу дене салмағын бақылап отырудың тиімді әдісі деген кеңінен таралған сенім шындыққа сай келмейді.

 

ТЕМЕКІ ТАРТПАЙТЫНДАРҒА ҚАРАҒАНДА, ШЫЛЫМҚҰМАРЛАРДЫҢ ДЕНЕ САЛМАҒЫ АЗЫРАҚ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?

 

Сан алуан зерттеулер шылымқұмарлардың дене массасының индексі (ДМИ) темекіні тартпайтын адамдармен салыстырғанда төменірек екендігін көрсетіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүрек-қан тамырлары ауруларын бақылау жөніндегі зерттеулерінде шылым шекпейтін адамдарға қарағанда шылымқұмарлардың ДМИ көрсеткіші төмен болатыны анықталған. Темекі тартудың дене массасына деген ықпалы зат алмасу үдерісі жылдамдығының артуы арқасында салмақ жоғалтуға, метаболизм тиімділігінің төмендеуі немесе калорияларды қабылдаудың азаюына (тәбеттің нашарлауы) әкеліп соқтыруы мүмкін, әрі осының барлығы да темекінің тұтынылуына байланысты болып отыр. Темекі тартудың метаболизмдік ықпалы шылымқұмалар салмағының анағұрлым төменірек болуының себебін түсіндіре алады. Зерттеулерге сәйкес, бір темекіні тартудың өзі 30 минуттың ішінде энергияның шығындалуын 3%-ға жоғарылауын тудырады. Ал әрқайсысының құрамында никотиннің мөлшері 0,8 мг тең келетін 4 шылымды тартып шығу тыныш күйдегі энергияның шығындалуын 3 сағаттың ішінде 3,3%-ға арттыра түседі. Зат алмасу үдерісі метаболизмдік спектрде бағаланып отырған нағыз шылымқорларда 1 күн ішінде 24 темекіні тарту жалпы энергия шығынын тәулігіне 2230 ккал. бастап 2445 ккал. дейін ұлғайтады. Шылым шегудің семіздікке шалдыққан адамдардың энергия шығынына деген ықпалы әлдеқайда төменірек болып келеді, сонымен қатар бұл физикалық белсенділік пен физикалық даярлықтың дәрежесіне де байланысты. Бірнеше зерттеуде темекі тартудың созылмалы метаболизмдік әсеріне баға беріледі, әрі мұндағы нәтижелер бір-біріне тіптен қарама-қайшы. Ол жерде көрсетілгендей, 30 күн бойына темекі шегуден бас тартқаннан кейін шылымнан арылған әйелдердің тыныш күйдегі зат алмасу деңгейі темекі тарту кезіндегі көрсеткішінен 16%-ға төмен болған, ал дене салмағының артуы тыныш күйдегі зат алмасу деңгейінің төмендетілгенімен және калориялылықтың артқанымен байланысты болып шықты. Басқа зерттеушілер темекі тартуды тоқтатқаннан кейін энергия шығынына қатысты белгілі бір өзгерістерді анықтаған жоқ. Сонымен бірге темекі шекпейтін адамдарға қарағанда шылымқұмарларда гипотиреоздың (қалқанша безінің ауруы) пайда болу қаупі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін, бұл да зат алмасу үдерісі жылдамдығының бәсеңдеуіне септігін тигізе алады. Темекі шегуден мүлдем бас тарту гипотиреоздың пайда болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Дегенмен шылымнан күрт бас тарту адамның бойында күйзелісті тудырса, онда кем дегенде жану үдерісін бодырмайтын, демек, зиянды қосылыстардың да көбісіне жол бермейтін темекіні қыздыруға арналған жүйелерге (ТҚЖ) ауысуға болады.

 

Метаболизмдік қасиеттерден бөлек, никотин шылымқұмарларда да, темекі шекпейтін адамдарда да қарын ашу сезіміне әсер етпеді, алайда тамақтану барысында калорияларды азырақ тұтынуға әкеледі. Физикалық белсенділік зат алмасу үдерісін жылдамдата түседі және дененің салмағын қадағалауға көмектесе алады, дегенмен шылым шекпейтіндерге қарағанда, әдетте шылымқұмарлардың физикалық тұрғыдағы белсенділігі әлдеқайда төмен болады.

 

ЖАПОНИЯДАН БІРАЗ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ КЕЛТІРСЕК. НЕЛІКТЕН ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТҚАНДАР СОНДА ДА САЛМАҚ ҚОСАДЫ?

Жапониядағы Киото медициналық орталығының зертеушілері темекіден бас тартқан адамдардың артық салмақ қосуына әкеліп соқтыратын факторларды зерттеген. Олардың анықтағаны бойынша адамның никотинге деген тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым көбірек салмақ жинайды екен. Темекіден арылуға көмектесетін клиникада күніне шылымның орта есеппен алғанда бір қорабынан артық шегетін орташа жасы шамамен 60-қа келген 186 пациент зерттелген. Темекі шегуден бас тартқаннан кейінгі үш айдың ішінде никотинге деген тәуелділігі жоғары адамдар ең көп салмақ жинаған болып шықты – шамамен 1,1 кг.

 

Зерттеуге қатысқан адамдардың көпшілігі жапсырғыштар немесе варениклин (Chantix) секілді никотинді алмастыратын терапияның қандай да бір түрін қолданғандықтан, салмақтың артуы аса қатты байқалмады, ал егер олар зерттеудің екі қатысушы сияқты темекі шегуден толық бас тарқандарында (никотинді алмастыратын терапиясыз), олай болмас еді. «Жалпы алғанда дене салмағының артуы темекі шегуден бас тартуға деген ұмтылысты тежейтін фактор болып саналады. Осындай ойларға сүйене отырып, темекіні тастау бойынша емделудің тиімділігі мақсатында темекі шегуден бас тартудағы алғашқы амбулаторлық тексеру кезінде пациенттің шылымды тастағаннан кейін қосуы ықтимал артық салмақты анықтап алған қажет, әрі сәйкесінше, салмақты бақылап отыру керек», – деп қорытындылады зерттеушілер. Темекіден арыла отырып, артық салмақ қосқысы келмейтін адамдар никотинді алмастыратын терапия немесе түтін шығармайтын девайстар секілді темекінің баламалары болып саналатын құралдарды өтпелі нұсқа ретінде қолданып көре алады, – ал содан кейін біржолата бас тартуға тырысып көргендері абзал.

 

Темекі шегуден бас тартқаннан кейін артық салмақ қосу көптеген жағдаяттарға байланысты болады, соның ішінде:

– тәбеттің жоғарылауы;

– зат алмасу жылдамдығының төмендеуі;

– физикалық белсенділіктің төмендеуі;

– адам ағзасындағы майдың тасымалдануына әсер ететін липопротеинлипаза белсенділігінің артуы.

 

Киото ғалымдары осыған дейінгі зерттеулерді егжей-тегжейлі зерттей келіп, темекі шегуден бас тартқаннан кейін, орташа есеппен алғанда, ер адамдар бар болғаны 2,7 кг-ға жуық салмақ қосса, әйелдер небәрі 3,6 кг-ға жуық қосатынын анықтаған. Екі жыныс өкілдерінің де темекіден арылған шамамен 10%-ы ғана 12,7 кг немесе одан да көп салмақ жинайды.

 

Дегенмен шылым тартуды тастағаннан кейінгі артық салмақтың жиналуы әдетте 3 жылға жуық уақытқа ғана созылады, ал темекі шегуден біржолата құтылу денсаулық үшін жақсы әрі ұзақмерзімді шешім болып қала бермек.

 

Темекі тұтынумен байланысты көптеген қатерлі ісік ауруларынан басқа, сондай-ақ шылым шегетін адамдарда соқырлық немесе остеохондроздың пайда болу қаупі, аяқ-қолдың ампутациясы немесе белсіздіктің даму ықтималдылығы әлдеқайда жоғары болып келеді.

 

Темекі тұтыну метаболизмнің жылдамдығын арттыра отырып, адамның салмағына әсер еткенімен, оның денсаулыққа деген зиянды ықпалы бірнеше қосымша келіден анағұрлым көбірек.

ТЕМЕКІ ШЕГУДЕН БАС ТАРТУ ҮДЕРІСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ПЕН ТИІМДІ ТАМАҚТАНУ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Темекі тартудан кейінгі күн тәртібіне фитнес пен салауатты тамақтануды қосу салмақ жинауды жеңілдетуге көмектесе алады, әрі Киото зерттеушілері никотинге деген тәуелділігі жоғары адамдарға дәл осыны қолға алуды ұсынады. Дене шынықтыру жаттығулары және салауатты тамақтану артық салмақ қосудың алдын алып қана қоймай, сонымен қатар артық салмаққа байланысты жүрек түйткілдерінің пайда болу тәуекелі және глюкозаға деген төзімділіктің (қант диабеті алдындағы жай-күй) төмендеу қаупін азайтады.

 

Бір жағынан, артық салмақ қосу темекі шегумен шектелуі мүмкін, себебі энергия шығыны артып, тамақ тұтынылуы азаяды. Сонымен қатар шылым тарту әлсіреуге әкеліп соқтыратын өкпенің қатерлі ісігі және қатерлі ісіктердің басқа да түрлері секілді аурулардың даму қаупінің үлкен факторы болғандықтан, шылымқұмарлардың төмен салмағы клиникаға дейінгі ілеспе ауруға байланысты салмақ жоғалтудың нәтижесі болуы әбден мүмкін. Екінші жағынан, әсіресе әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жағдайы төмендеу адамдар арасында темекіні тұтыну тәуекелді өмір салтының басқа да пішіндерімен қиюласып жатады, әрі олар артық салмақтың жиналуына өз септігін тигізетіні хақ (дұрыс тамақтанбау және төмен физикалық белсенділік).

 

Темекі шегуден бас тартқаннан кейін салмақ қосу турасындағы қорқыныш сезімі көптеген адамдар үшін осы қадамды жасауға кедергі келтіруі мүмкін болса да, олардың мына бір жайтты түсінгендері абзал: темекі тарту дене массасын қадағалап отырудың тиімді әдісі емес, бұл семіздіктің алдын алуға көмектеспейді және висцералдық майдың жиналуы мен метаболизмдік нышанат пен қант диабетінің даму қауіп-қатерін арттыруы ықтимал. Егер сіз әдетте шылым шегуді тастаған соң болатын артық салмақ қосу қаупіне байланысты алаңдап жүрсеңіз, онда никотинге деген тәуелділігіңіз анағұрлым жоғары болмай тұрғанда, әрі нәтижесінде таразыда көргіңіз келетін саннан әлдеқайда көп килограмм жиналмай тұрғанда, темекіден дәл қазір бас тартқаныңыз дұрыс.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

 

КорректорЕлена Залевская
Редактор Александр Молодой
Дизайнер Мария Шишкова
Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]