
Бет терісінің қызаруын қалай жеңуге болады – косметологтың кеңестері
Сіз айнаға қараған кезде мұрын айналасында, екі бетте немесе иек астында қызыл түсті тамырлы торды байқайсыз ба? Бұл суыққа деген реакция немесе эмоциялар емес – бұл купероз. Қан тамырлары өзінің икемділігін жоғалтады да, кеңейе түседі және көзге көрінеді. Купероз – эстетикалық түйткіл ғана емес, сондай-ақ бұл терінің ерекше күтімді қажет ететіні жайындағы белгі. Ол қалай пайда болады, қауіп кімге төніп тұр, әрі мұнымен не істеуге болатыны туралы сарапшы-косметолог Лаура Әбдібаева әңгімелеп береді.
Купероз дегеніміз не және оның көріністері қандай
Купероз – бұл қан тамырлардың кеңеюінен пайда болатын терідегі ауру. Ол ұсақ қан тамырларының өз созылғыштығын жоғалтқанда, әрі тарылуды тоқтатып, кеңейген түрінде қала берген кезде туындайды. Бұл «жұлдызшалар» немесе «торлар» – жай ғана косметикалық ақау емес. Мұның артында терідегі микроциркуляцияның бұзылуы жатыр, ал бұл жайт терінің қабынуы мен мерзімінен бұрын қартаюына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Купероздың алғашқы белгілері – бұл терінің суыққа, стресс немесе физикалық жүктемеге деген жауап ретіндегі мезгіл-мезгіл қызаруы. Уақыт өте келе тұрақты тамырлы тор пайда болады. Көбінесе купероз ыстықтау, шаншу немесе, тіпті, дызылдау сезімімен бірге жүреді.
Купероздың негізгі себептері
- Тұқымқуалаушылық. Жіңішке тамырлары бар ақсары, жұқа тері тұқымқуалау арқылы жиі беріледі.
- Гормондарға байланысты өзгерістер. Жүктілік, климакс, гормонды контрацептивтерді қабылдау куперозды тудыруы ықтимал.
- Асқазан-ішек жолының аурулары. Гастрит, дисбактериоз ушыққан ішек синдромы терінің қоректенуін нашарлатады.
- Жүйелік аурулар. Күретамырлы қысымның көтерілуі мен аутоиммунды аурулар тамырлы тордың пайда болу қаупін арттырады.
- Күйзеліс пен ұйқының жеткіліксіздігі. Созылмалы күйзеліс, ашу қысу мен ұйқысыз түндер тамырларға шамадан тыс жүктемені түсіреді.
Ішкі себептерден басқа теріге сыртқы факторлар да әсер етеді: температураның күрт құбылуы, агрессивті күтім (спирт негізіндегі тониктер, скрабтар), алкоголь, ащы тағамдар, ультракүлгін сәулелер мен дәрумендердің, соның ішінде әсіресе С дәруменінің жетіспеушілігі.
Купероз көбінесе беттің қандай аймақтарын зақымдайды
Қауіп тобына кім кіреді?
- Жұқа, ақсары және сезімтал теріге ие адамдар – олардың терісі әлдеқайда жылдам қызарады және суық пен күйзелістен нашар қорғалған.
- Әйелдер – гормондар мен айтарлықтай жұқа келетін терінің салдарынан купероз 4 есе жиірек кездеседі.
- 30-45 жастан жоғары адамдар – бұл жаста тамырлар өзінің созылмалылығын жоғалтады, ал күйзеліс пен нашар күтімнің салдары анағұрлым айқынырақ көрінеді.
- Сауна мен солярийді жақсы көретін жандар – температураның құбылуы қан тамырларының сынғыштығын тудырады.
- Шылымқұмарлар мен алкоголь әуесқойлары – осы әдеттің екеуі де тамырларға нұқсан келтіреді.
- Тұқымқуалаушылық немесе созылмалы ауруларға тап болған адамдар (қалқанша без, аутоиммундық дерттер) – олардың қан тамырлары осал болып келеді.
Купероздан құтылуға бола ма?
Купероз – бұл созылмалы күй. Оны толықтай алып тастау мүмкін емес, өйткені кеңейген қылтамырлар өзінің созылмалылығынан айырылғаны қашан. Алайда қазіргі заманғы косметология мен дерматология тұрақты түрде сақталатын ремиссияға қол жеткізуге көмектеседі: қан тамырларды қатайту, тамырлы тордың көрініп тұрғанын алып тастау және терінің тегіс реңкін қалпына келтіру. Жетістікке жетудің кілті – бұл кешенді тәсілді қолдану.
Дерматологтың кеңесі
Дерматолог диагностиканы өткізіп береді және теріңіздің ерекшеліктері мен купероздың дәрежесін ескеретін терапияның жеке бағдарламасын құрастырады. Бұл ауруды өз бетімен емдеу ұзақ мерзімді нәтижеге жеткізуі сирек кездеседі және терінің күйін нашарлатып жіберуі әбден мүмкін.
Косметологиялық процедуралар
Лазерлік терапия зақымдалған қан тамырларды бұзады, ал нәтижесі екінші процедурадан кейін-ақ көзге көрінерлік болады. Жанама әсерлер әдетте жеңіл ісіну мен қызару түрінде көрініс табады. Фототерапия (IPL) анағұрлы жұмсақ әдіс, өйткені, тіпті, сезімтал тері үшін де жарамды. Ол терінің қызаруын азайтады және беттің реңкін тегістейді, ал терінің қалпына келу үдерісі небәрі 1-2 күнді ғана алады. Ангиопротекторлық коктейльдермен (мәселен, С дәрумені, рутин, амин қышқылдары) жасалатын мезотерапия тамырлы қабырғаны іштен нығайту мен терінің реактивтілігін төмендетуге көмектеседі. Осындай процедуралардан соң пайда болатын көгерген жерлер 3-7 күнге дейін сақталуы мүмкін, дегенмен мұның әсері тұрарлық нәрсе.

Темекі тарту, алкоголь және қатты күйзелістен бас тарту
Темекі, алкоголь және күйзеліс тамырлы қабырғаны бұзады, қылтамырлардың сынғыштығын арттырады және қабынуын қоздырады. Темекіні тастау – денсаулығыңыз үшін ең жақсы таңдау, алайда егер сіз әзірге дайын болмасаңыз, хиттерлерді байқап көріңіз: мұнда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, сол себептен теріге зиян келтіретін шайыр мен канцерогендер азырақ түзіледі. Хиттерлердің құрамында никотин бар болғанымен олар темекімен салыстырғанда залалды әлдеқайда аз тигізеді.
Алкоголь де қан тамырлардың күйіне кері әсер етіп, олардың кеңеюін тудырады және қылтамырларға болатын жүктемені жоғарылатады.
Эмоцияларды да қалағалап отырған аса маңызды: созылмалы күйзеліс жағдайында (ал бүгінде осындай күйде адамдардың 80% өмір сүріп келеді) терінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаның қорғаныс қасиеті төмендейді, тері мен қан тамырлары жасушаларының қалпына келу үдерісі баяулай түседі.
Теріні күн мен экстремалды температуралардан қорғау
Температураның күрт өзгеруі (аяз, аптап ыстық, бу бөлмесі) мен ультракүлгін сәулелерден аулақ болғаныңыз абзал. Бұл жайттар қан тамырларды зақымдайды және олардың ұлғаюын қоздырады.
Агрессивті скрабтар мен спирт негізіндегі тониктерден бас тарту
Қатты скрабтар, қышқылды пилингтер мен құрамында спирті бар тониктер теріге зақым келтіреді және тамырларды одан бетер әлсіретіп жібереді. Бұл, әсіресе, купероз асқынған кезде қауіпті. Оның орнына құрамында С, К мен PP дәрумендері және тыныштандыратын компоненттері – түймедақ, қырмызыгүл, сұлы сығындылары бар косметиканы таңдаған дұрыс. Сонымен бірге рутин және атбас талшын сарысулары да көмектеседі, олар тамырларды қатайтады және олардың сынғыштығын төмендетеді.
Антиоксиданттарға бай теңдестірілген тамақтану
Жеткілікті мөлшердегі антиоксиданттарға (A, C, E дәрумендері, селен, мыс, омега-3) бай ас үлесі қан тамырларды нығайту мен терінің жалпы күйін жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге суды да жеткілікті көлемде ішкен абзал.
Құрамында SPF бар құралдарды жыл бойы қолданыңыз
Минералды сүзгілермен, құрамында мыс және титан диоксиді бар өнімдерге басымдық берген жөн. Химиялық сүзгілер болса, теріні қосымша түршіктіруі және оның күйін нашарлатып жіберуі ықтимал.
Қорытынды
Купероз – бұл үкім емес. Дұрыс күтім, теріге ұқыпты қарау және маманға тұрақты түрде барып тұру терінің денсаулығын сақтау мен бет ажарының жастығы мен сенімділікті қайтаруға көмектеседі. Алғашқы белгілерді уақытында елеген маңызды: адамның жасы ұлғайған сайын тамырлы тор анағұрлым айқын бола түседі, сондай-ақ ұлғаюы да мүмкін. Бастысы, маманның көмегіне дер кезінде жүгіну, дұрыс күтімді таңдау мен мына жайтты қаперден шығармау қажет: теріміз – бұл бүкіл ағза денсаулығының айнасы.