
Ринопластика дегеніміз не және ол қай уақытта керек
Бүгінгі таңда мұрынға жасалатын оталар – сирек кездесетін нәрсе емес, бұл қазіргі заманғы медицинаның бір бөлігі. Соңғы мәліметтер бойынша ринопластика әлем бойынша ең көп сұранысқа ие бес хирургиялық араласудың бір түрі болып келеді. Алайда оның артында әрдайым эстетикалық себеп тұра бермейді – негізінен басты мәселе денсаулық пен өмір сапасында жатыр. Лайқос оториноларинголог маманы Гүлия Аманғалиевадан бәрін егжей-тегжейлі анықтады.
Ринопластика мен септопластика дегеніміз не
Ринопластика – бұл хирургияның көмегімен мұрын пішінін өзгерту. Ол эстетикалық (мәселен, дөңесті алып тастау немесе мұрынды түзету) немесе функционалдық болуы мүмкін, яғни, тыныс алуды қалпына келтіру қажет болған жағдайда.
Септопластика – бұл кеңсірікті, яғни, мұрынды екі жартыға бөлетін қабырғаны түзелеу бойынша жасалатын ота. Дәл осы кеңсіріктің қисаюы көбінесе мұрынның үнемі бітеліп қалуын, қорылдау мен созылмалы қабынуды тудырады. Статистика бойынша осындай ерекшелікпен адамдардың шамамен 70-80% өмір сүреді екен.
Неліктен кеңсірік қисаяды
Мұрынның кеңсірігі екі бөліктен – шеміршектен (алдыңғы) және сүйектен (артқы) тұрады. Жасөспірім шақта, яки, бет қаңқасы белсенді түрде өскен кезде сүйекпен салыстырғанда шеміршек жылдамырақ өседі де, осының салдарынан кеңсірік бір жаққа ығысуы әбден мүмкін. Сонымен бірге қисаю туа біткен немесе қандай да бір жарақат – соққы алғаннан, құлау немесе спорттық зақымнан кейін болуы ықтимал. Егер бұл ретте адам қалыпты тыныс алса, онда ота жасау қажет емес. Алайда мұрын тұрақты түрде бітеліп жатса, қорылдау мен бастың ауырсынуы бар болса, онда лор маманына барған абзал.
Қай уақытта ота жасау қажет
Ота жасауға деген көрсетілімдер медициналық және эстетикалық болып екіге бөлінеді.
Медициналық көрсетілімдерге жататындар:
- тыныс алуға байланысты созылмалы қиындықтар, әсіресе, бір танау арқылы дем алу;
- шырыштың жұтқыншақтың артқы қабырғасы бойынша ағуы;
- үнемі болатын синуситтер, гаймориттер, ЖРА;
- қорылдау, ұйқының бұзылуы, тыныс алудың тоқтау эпизодтары (ұйқы апноэсы);
- мұрынның жиі қанауы, бастың ауыруы, оттегі жетіспеушілігінен болатын шаршағандық.
Эстетикалық көрсетілімдерге – жарақаттан кейінгі асимметрия, мұрын ұшының тым кең болуы немесе дөңес мұрын.
Неліктен қисайған кеңсірік қауіпті болуы мүмкін
Адамның мұрны – жай ғана тыныс алу мүшесі ғана емес, бұл сүзгі әрі бүкіл ағза үшін оттегінің көзі. Ол қызметті дұрыс атқармаған жағдайда күллі дене зардап шегеді: ми және жүрек оттегіні түгел алмайды, ұйқы бұзылады және жалпы хал-жай нашарлайды. Тіпті, кішігірім ауытқу ауа ағынына нұқсан келтіреді де, шырышты қабықтың созылмалы қабынуын, мұрынның бітеліп қалуын, бастың ауырсынуы мен жылдам шаршағандықты тудырады.
Ота қалай жүргізіледі
Қисаюдың бар екендігін нақты анықтау мақсатында лор дәрігерінің көмегіне жүгінген жөн. Диагностиканың алтын стандарты – бұл мұрын мен жұтқыншақты эндоскопиялық зерттеу.
Егер ота шынымен де қажет болса, емделуші алдын ала дайындықтан өтеді: қан талдауын тапсырады, ЭКГ және қуыстардың КТ диагностикасын жасатады. Бұл ұлпаның жалпы жағдайын бағалау мен қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігін анықтау үшін керек.
Бұрынғы уақытпен салыстырғанда заманауи септопластиканың жарақаттау қаупі анағұрлым төмен. Бүгінде жіңішке құралдар мен эндоскопиялық жабдықтар қолданылып келеді, әрі бұл мұрынды түзетуді әлдеқайда нақты жүргізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында толықтай қалыпқа келу бір айдан бастап жарты жылға дейінгі уақыт аралығын қамтуы ықтимал. Ал екі-ақ аптадан кейін қарапайым өмірге оралуға болады, дегенмен дәрігердің ұсыныстарын ұстанған аса маңызды, сонымен бірге жаман әдеттердің әсерін төмендеткен дұрыс.
Неге жаман әдеттерден бас тартқан маңызды
Темекі түтіні мұрынның, әсіресе, шырышты қабаты үшін қауіпті. Кеңсірік қисайған жағдайда демді жұтқан кезде ауа ағыны ұдайы шырышты қабықтың тек бір ғана аймағына соғылады да, оны жарақаттайды. Отадан кейін темекі тарту мен алкогольді тұтыну мұрынның қанап кету қаупін арттырады, өйткені бұл кезеңде ұлпа мен тамырлар іркілдек және осал болып келеді, сондықтан отаның нәтижесі тұрақты болмауы бек мүмкін. Дәрігерлер, кем дегенде, отаға дейін бір ай бұрын және бір ай кейін міндетті түрде темекі шегуден бас тарту мен ішімдіктері шектеуді ұсынады.
Егер сіз әзірге жаман әдеттерден біржолата бас тартуға дайын болмасаңыз, ең болмағанда, зиянды төмендетуге тырысыңыз: темекінің санын қысқарту немесе хиттерлерді қолдануды қарастыру – бұл құрылғылар темекіні жақпайды, тек қана қыздырады. Олар шырышты қабық үшін ерекше қауіпті түтіннің, шайыр мен канцерогендердің түзілуіне жол бермейді.
Алкогольге келер болсақ, оларды моктейльдерге, құрамында алкоголі жоқ шарап немесе сыраға алмастырып көріңіз. Бұл ағзаға қылапқа келуге кедергі етпей, жайлылық пен өмірдің үйреншікті ырғағын сақтап қалуға көмектеседі. Дегенмен кез келген жағдайда да сіздің мұрныңыз бен жалпы ағзаңыз үшін ең жақсы шешім – бұл темекі шегуден біржолата бас тарту екені сөзсіз. Бұл отадан кейінгі қалыпқа келу үдерісін жылдамдатып қана қоймай, сондай-ақ жалпы хал-жағдайды, тыныс алу мен өмір сапасын айтарлықтай жақсарта түседі.
Ринопластикадан кейін қалыпқа келудің жолы
Отадан кейін дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтаған аса маңызды. Бірнеше апта бойы спортпен шұғылдануға, моншаға баруға, ұшақпен ұшуға, қатты сіңбіру немесе мұрынды ұстауға болмайды. Басты көтеріңкі қалыпта ұстап ұйықтаған, ыстық тамақ пен сусындарды ішуден аулақ болған жөн, әрі бөлмедегі ауаның ылғалдығын бақылауда ұстаған пайдалы.
Дұрыс күтім болған жағдайда асқынулар өте сирек кездесетіні рас. Оларға жеңіл ісіну, қысқа мерзімге иіскеу сезімінің жоғалуы немесе қан кету жатады. Әдетте барлығы да алғашқы апталардың ішінде өтеді.
Сұлулық пен психология
Кей кездері емделушілер медициналық және эстетикалық түзетуді бір отаның ішінде біріктіруі мүмкін. Бұл уақытты үнемдейді, қалыпқа келу кезеңін қысқартады және денеде ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі қабылдаудағы үйлесімділікке жетуге септігін тигізеді.
Алайда, егер адам өмір сапасын жақсарту мақсатында емес, отаны ішкі комплекстерге байланысты жасатқысы келсе, тәжірибелі хирургтар әдетте эстетикалық ринопластикадан бас тартуға кеңес береді. Мұндай жағдайларда хирургиялық араласудан бұрын психологтың кеңесін алған пайдалы, себебі кез келген пластикалық ота басқалардың үміттеріне сәйкес болу үшін ұмтылыс емес, саналы түрде жасалған қадам болуы тиіс.
Қорытынды
Еркін тыныс алу, қорылдамай ұйықтау, созылмалы гаймориттерден зардап шекпеу мүмкіндігі – осының барлығы да адамның хал-жайы мен күш-қуатына тікелей ықпал етеді. Ең бастысы, өз денсаулығыңызды кәсіпқой мамандарға тапсыру мен симптомдары өмір сүруге кедергі етсе, шешімді кейінге қалдырмау.