Сәнді шаштың иесі болудың жолы қандай? - Лайқос

Сәнді шаштың иесі болудың жолы қандай?

Шаш – әдемілік пен тартымдылықтың белгісі, табыс пен өзін-өзі бағалаудың ең үздік нұсқасының кепілі. Дерматокосметолог әрі трихолог Лаура Әбдібаева үй жағдайында шаштың жақсы өсуі үшін қандай құралдардың тиімді болатынын, ал қандай жағдайларда маманның көмегіне жүгінген абзал екенін айтып береді.

Ежелгі заманнан бері адамдар шаштарының қалыңдығы мен сұлулығына белсенді қамқорлық танытып келген. Бұрынғы рецепттерде аюдың майынан бастап үгітілген араларға дейінгі ингредиенттердің таңғаларлық үйлесімдерін кездестіруге болады. Қазіргі уақытта, әлбетте, мұның бәрі де өз өзектілігін жоғалтқан: осылайша, мәселен, бүгінде шарап полиэтиленгликольдерге алмастырылған, қысқаша жазылуы – PEG. Олар үшін белсенді заттектерді ерітуге, косметикалық құралдардың біркелкі массасын сақтау мен мүйізденген жасушалардағы ылғалды ұстауға көмектесетін жоғары ылғал тартқыштық қасиеті тән.

Шашқа арналған сыртқа қолданатын аталмыш құралдардың барлығы да жақсы, дегенмен мына бір нәрсені есімізден шығармағанымыз маңызды: сау шаш – бұл, ең бірінші кезекте, ағзаға деген жалпы қамқорлық таныту деген сөз. Осылайша, мәселен, темекі түтіні шашқа орны толмас зиян келтіруі әбден мүмкін: онсыз да шаш жағымсыз иістерді ұзақ уақытқа дейін сақтай алу қасиетінен бөлек, көміртегі тотығы қанағымын төмендетеді, тері мен шаштан оттегіні шығарады. Ол зақымдалған және құрғақ бола түсіп, өзінің түсі мен жылтырлығын жоғалтады. Әрі кейіннен шашты нәрлендіру және қалпына келтіру қиынға соғатыны айқын, сондықтан егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге мән беріп жүрсеңіз, онда бұл жаман әдетіңізбен қоштасқаныңыз әлдеқайда оңайырақ. Темекі шегуден әзірге біржолата бас тартуға дайын емес адамдар үшін шешімнің бір нұсқасы ретінде темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қарастыруға болады. Олардың денсаулыққа тигізетін зиян деңгейі төменірек келеді, өйткені шылымға қарағанда қыздырылатын темекі ықтимал зиянды заттектерді 95% азырақ шығарады.

Сонымен шашты қалай қалыңдатуға болады? Біріншіден, салқын сығу әдісімен алынған өсімдік майларының кең таңдауын пайдаланыңыз: олар нәзік хош иіске ие, ал құрамында – қаныққан қышқылдар, бірқатар дәрумендер мен минералдар, және, тіпті, табиғи ылғалдандырғыш гиалурон қышқылы бар.

Екіншіден, шашқа күтім жасаған кезде эфир майлары – хош иісті ұшпа заттектер де өте пайдалы бола алады. Жоғары өтімділігінің арқасында олар шаштың үстінде көзге көрінбейтін жұқа қорғаныс қабығын түзейді, әрі сірқабықты тегістей отырып, шаштың ішіндегі ылғалды «жапсыратын» іспетті, осылайша шаш анағұрлым жұмсақ, жылтыр, күшті және сау бола түседі.

Темекі түтіні теріңізді қалай құртады және мұндайда не істеуге болады
Бұл туралы дәрігер – косметолог-трихолог әңгімелейді Неліктен темекі шайыры мен оның жану өнімдері ерте қартаюдың…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-tabachnyi-dym-unichtozhaet-vashu-kozhu-i-chto-s-etim-delat/

Эфир майларын таңдау ісімен қатаң түрде тек қана мамандар айналысады: дерматолог, трихолог, ароматерапевт. Нақ осы мамандар шаш жоғалтудың себебін де анықтауға көмектеседі. Мұны бас терісінің қабыну үдерістері тудыруы мүмкін, ал шаш құрылымының бұзылуы асқазан-ішек жолының бұрыс жұмыс істеуі салдарынан, сондай-ақ дәруменді-минералды тапшылық, гормоналды бұзылыстар, ұйқы тәртібінің бұзылуы, жаман әдеттер, мойын-алқым аумағындағы микроциркуляцияның бұзылуы, мойын аймағындағы остеохондроз, тұрақты түрде болатын күйзелістер, бас массажының жасалмауы мен бас терісінің спазмдары себебінен болады.

Эфир майларын қолдану арқылы процедуралардың әсерін жылдам және қауіпсіз арттырудың жолы:

  1. Шаш тамырын нығайту және сояуын қалыңдату үшін майларды басты жуғанға дейін және уқалаумен бірге қолдану керек, әрі оларды алдын ала, сонымен бірге 40 минуттан кем емес, алайда 2-3 сағаттан аспайтын уақытқа айрықтарға жағу қажет.
  2. Ұштарын нығайту үшін майларды басты жуғаннан кейін қолданған дұрыс, бұл әсіресе шаштың ұштануы, құрылымының бұзылуы жағдайында аса пайдалы.
  3. Шашты сәндеген кезде шамадан тыс қызып кетуінен қорғау үшін жуылғаннан кейін біршама дымқыл бұйраланған шашқа май құрамын пайдаланғаныңыз жөн, өйткені бұл жағдайда құрал шаштың ішіне еніп кетпей, бетінде қалады да, қосымша қорғаныш тосқауылды жасай отырып, ылғалдың тым артық булануына жол бермейді.
  4. Жылтыр үшін және ультракүлгін сәуелелерден қорғау мақсатында құрғақ шашқа арналған құрамды жағыңыз және термоқорғанысты міндетті түрде қолданыңыз.

Эфир майларының күнделікті процедуралар үшін жарамайтынын қаперіңізден шығармаңыздар, оларды аптасына 1-3 реттен артық пайдалануға болмайды, сонымен бірге себореялық дерматит, теңге қотыр, қайызғақ болған жағдайда тек қана жеке көрсетімдер бойынша қолдануға рұсқат етіледі. Шашқа күтім жасау үшін оларды 3-6 ай бойына тұрақты түрде аптасына бір рет қолданудың өзі жеткілікті, әрі бұл зақымдану дәрежесіне байланысты болып келеді.

Сонымен қатар жеке хал-жағдайыңызға, және де жаман әдеттеріңіздің бар-жоғына назар аударуға кеңес беремін. Осыған дейін айтып өткенімдей, темекі тарту шаштың денсаулығына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Сондай-ақ мынадай бір деректі де қосқым келеді, уақыт өте келе түк фолликулаларының капиллярлық жүйесі азайып қалады, жұқарады, олар бітеледі де, оттегі мен басқа да қоректік заттектердің шаш түбіне жеткізілуі бұзылады. Ал осының нәтижесінде түк фолликулаларының көлемі кішірейеді, олар әлсіздене түседі де, шаштың түсуі басталады.

Никотин мен алкогольдің әсері ішкі мүшелердің бүкіл функционалдылығына таралады, соның ішінде қалпына келу үдерісін, қантүзілімді, токсиндердің шығарылуын баяулатады, әрі қан мен ағзаның ішкі орталарын қышқылдандырады. Осының нәтижесінде адам ағзасы мұндай жүктемеге мүлдем төтеп бере алмай, жүйе бүтіндей бұзылады. Бұл тұста жасуша, тін, мүшелер мен жүйелердің өліміне әкеліп соқтыруы ықтимал нағыз ауыр салдары пайда болады.

Қорытындылай келе, шаш әрдайым өз иесінің күші мен энергиясының белгісі болып саналғанын айтқым келеді. Сондықтан шашыңызды мүмкіндігінше ұзақ уақытқа дейін әдемі, әрі сау қалпында сақтауға тырысқаныңыз абзал. Өз шашыңызға мұқият күтім жасап, бұл – денсаулығыңыздың бір айнасы екендігін қаперіңізден шығармаңыздар.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]