Шашты ауыстырып орналастыру: не нәрсеге дайын болу керек

Шашты ауыстырып орналастыру: қалың шашты қайтару бойынша бағыттауыш

Шаштың түсуі – миллиондаған адамдардың тап болатын түйткілі. Оның себептері әртүрлі болғанымен, нәтижесі біреу ғана – өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендеуі. Медицина саласы тиімді шешім – шашты ауыстырып орналастыруды ұсынады. Трихолог Лаура Әбдібаева Лайқос жобасына процедураның қалай өтетіні мен нені күту керектігін әңгімелеп берді.

Шаш неге түседі және қауіп аймағына кімдер кіреді

Ең жиі кездесетін себебі – тұқым қуалаушылық. Ер адамдарда бұл әдетте тақыр жерлер мен төбел таз түрінде көрініс табады. Әйелдерде шаш бастың кез келген жерінен түсуі мүмкін, әрі шаштың қалыңдығы азаяды.

Басқа себептері:

  • күйзеліс пен гормондық бұзылыс
  • аутоиммунды аурулар
  • шашты агрессивті түрде сәндеу (қатты жиналған шаш үлгілері, афробұрымдар, шаш ұзарту) мен химия
  • дәрі-дәрмектердің жанама әсері
  • косметологиялық немесе хирургиялық ақаулар

Ауыстырып орналастырудың қандай әдістері бар

  • FUT (Strip) – желке тұсынан тері жолағы кесіп алынады, сол жерден шаш түйіншесі шығарылады. Жарақаттық әдіс, тыртықты қалдырады, дегенмен қымбат емес.
  • FUE (Follicular Unit Extraction) – дәрігер бөлек шаш түйіншелерін жинайды. Бұл анағұрлым жеңілірек нұсқа, іздері барынша аз, дегенмен қымбатырақ және хирургтың тәжірибелігін талап етеді.
  • DHI (Direct Hair Implantation) – FUE отасының бір түрі, әрі мұнда шаш түйіншелерін арнайы құралдың көмегімен (Choi-қаламы) бірден ендіреді. Бұл жылдамырақ, анағұрлым қымбат, алайда жақсы нәтиже беретін нұсқа.
  • ARTAS (роботтандырылған ауыстырып орналастыру) жоғары нақтылық пен адами факторды барынша азайтатынымен ерекшеленеді. Шаштың барлық түрлеріне жарамды бола бермейді, қымбат тұрады және барлық клиникаларда қолжетімді деуге болмайды.

Кімге шашты ауыстырып қондыруға болады, ал кімге болмайды

Болады:

  • егер сізде донорлық аймақ бар болса (әдетте желке тұсы);
  • егер шаштың түсуі тұрақталса;
  • егер жалпы денсаулық қалыпты болса;
  • 25 жас және одан жоғары (оған дейінгі шақта шаштың түсуі әлі тұрақталмаған болуы ықтимал).

Болмайды немесе мүмкін:

  • белсенді түрде тақырбастану (шаштың түсуі жүріп жатыр);
  • кейбір тері және жүйелі аурулар кезінде;
  • егер донорлық шаш жеткілікті болмаса;
  • жүктілік пен емізу кезеңдерінде;
  • ауыр дерттер – бақыланбайтын қант диабеті, онкологиялық аурулар және т.б.

Шашты ауыстырып қондыруға қалай дайындалу керек

  • 2-4 апта бұрын – алкоголь, темекі шегу мен қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектерді қабылдаудан бас тарту.
  • Жеті күн бұрын – шашты қимау, күйзеліс пен ұйқының қанбауынан аулақ болу, дәрумендер мен ББҚ қабылдауды тоқтатқан жөн.
  • Процедура өткізілетін күні – ұйқыны жақсылап қандырып алу, ыңғайлы киімді кию (бас арқылы шешілмейтін киім).

Маусым: ең дұрысы, күз немесе көктем – ыстық та емес, салқын да емес, күтім жасау тәртібін сақтауға қолайлы.

Темекі түтіні теріңізді қалай құртады және мұндайда не істеуге болады
Бұл туралы дәрігер – косметолог-трихолог әңгімелейді Неліктен темекі шайыры мен оның жану өнімдері ерте қартаюдың…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-tabachnyi-dym-unichtozhaet-vashu-kozhu-i-chto-s-etim-delat/

Үдеріс қалай өтеді

Шашты ауыстырып орналастыру жергілікті анестезия көмегімен өткізіледі және 4 сағаттан бастап 8 сағатқа дейін созылады, бұл тұста барлығы жұмыстың көлеміне байланысты – кейде ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Әуелі донорлық аймақтан (әдетте желке жағынан) шаш түйіншелері алынады, кейіннен олар микроскоп астында сұрыпталады. Содан соң тақырланған учаскелерде микротіліктер жасалады, сол жерлерге дайын шаш түйіндері орнатылады. Анестезияның арқасында адам процедура кезінде ауырсынуды сезбейді, ал оның әрекеті аяқталғанда жеңіл ісіну мен сезімталдық болуы бек мүмкін – мұны тіс дәрігерінің қабылдауына барумен салыстыруға болады, шыдауға болатын жағдай.

Қалыпқа келу қалай жүріп жатады

  • Алғашқы 3 күн – тек қана арқамен жатып, 45 градус бұрышта ұйықтау керек, әрі монша, бассейнге бару мен шашты сәндеуге арналған құралдарды қолдануға болмайды.
  • 7-10 күн – шаш ауыстырып орналастырылған жерге тимеу, бас киім кимеу.
  • 2 аптадан кейін – ауыстырып қондырылған шаш түсе бастайды (бұл қалыпты нәрсе!).
  • 3-6 ай – жаңа шаш өсе бастайды.
  • 9-12 ай – ақырғы нәтиже.

Отадан кейін шашқа қалай күтім жасау керек

Шашты ауыстырып орналастырғаннан кейін жұмсақ күтімді ұстанған аса маңызды: арнайы сусабын мен көбікті пайдалана отырып, басты ақырын жуғаныңыз абзал, процедура жасалған аймақты ысқылау мен тарауға болмайды. Алғашқы апталарда сауналар, бассейндер, күнге күю мен шашты сәндеуге арналған кез келген құралдарды қолданудан аулақ болыңыз. Әсіресе, темекі тарту мен алкоголь тұтыну орынсыз болып келеді, өйткені олар қан айналымын нашарлатады және жазылуды баяулата түседі, осылайша бас терісін оттегі мен қоректік заттардан айрады.

Егер сіз әзірге шылым шегуден бас тартуға дайын болмасаңыз, хиттерлерді қарастыруға болады. Кәдімгі темекіге қарағанда мұндағы темекі жанып кетпейді, тек қана қыздырылады, соның арқасында зиян 95% төмендейді. Бұл тамырлар мен тіндердің қалпына келуіне болатын теріс әсерді азайтады және қалыпқа келу кезеңіндегі уақытша ымыраға айнала алады. Барынша жақсы нәтижені қамтамасыз ету үшін, кем дегенде, қалыпқа келу уақытында жаман әдеттен бас тартқан абзал, ал ең дұрысы, біржолата арылу.

Ықтимал асқынулар:

  • ісінулер
  • қышу
  • бірқалыпсыз өсу
  • қабыну (сирек кездеседі)

Шашты ауыстырып орналастыруға байланысты қауіптер мен жанама әсерлерді мейлінше азайтуға болады, ол үшін клиника мен дәрігерді дұрыс таңдап, жасалған отадан кейін барлық ұсынымдарды қатаң орындау қажет. Трансплантантты қабылдамау – өте сирек кездесетін жағдай, өйткені адамға сол өзінің шаш түйіндерін ауыстырып қондырады. Жұмыс дұрыс жасалған кезде бәрі де барынша табиғи көрінеді, тіпті, шаштараз да айырмашылықты байқамайды.

Шашты ауыстырып орналастырудың тиімділігі

Егер барлық ұсыныстар орындалса, 95-98% жағдайда шаш ұласып жалғаса өседі. Шаштың алғаш өсуі әдетте процедурадан кейін 3-4 айдан соң басталады – жұқа әрі жұмсақ шаш пайда болады, кей кездері ол да түсіп қалады, дегенмен бұл қалыпты нәрсе. Шамамен 6-9 айға қарай өсім тұрақталады, шаш әлдеқайда қалың бола түседі.

Ақтық нәтиже көбінесе 12 айдан кейін көрінеді, сол кезде шаш толымды және қою болады, дегенмен жақсартулар одан әрі жалғасуы да мүмкін. Яғни, ағзаның дербес ерекшеліктері шаштың қалпына келу қарқынына ықпал етеді. Әдетте нәтиже өмір бойы сақталады.

Қорытынды

Қазіргі заманғы технологиялар үдерісті анағұрлым қауіпсіз, тиімді және айналадағылар үшін білінбестей дерлік етеді. Сұраққа саналы түрде қараған маңызды: бұл жақсы дәрігерді таңдау, отадан кейінгі ұсыныстарды сақтау және шыдамдылық танытуды қажет етеді, алайда нәтиже оған тұрарлық.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.