Темекінің зияны және шылымды тастаудың жолы: нені білген маңызды - Лайқос

Шылымқұмарды никотин емес, түтін өлтіреді. Егжей-тегжейін анықтайық

Темекі тарту зиянды нәрсе. Бұл туралы баршамыз білеміз. Темекіні тастау немесе, ең болмағанда, зиянды төмендету қажет екені бәріміздің де есімізде. Дегенмен жалпы темекі қалайша зиян келтіреді? Ол ағзамызда қандай механизмдерді іске қосады және қорқынышты аурулардың пайда болу қаупін қалай төмендетуге болады? Лайқос жауаптарды іздейді.

Темекі несімен зиянды

Ол неден тұратынын анықтап алайық. Дәм мен иіс болуы үшін қоспалары бар темекіні жану реттегіштерімен сіңірілген қағазға орайды, оның бір жағы жіңішке талшықтардан тұратын сүзгімен аяқталады. Ол темекіні тартқан кезде шайырдың бір бөлігін ұстап қалуы тиіс.

Темекіні тұтатқан кезде осы құрылымның барлығы 1000 градусқа дейінгі температурада жана бастайды және түтін түзіледі. Түтіннің құрамында 7 мыңға жуық зиянды заттек бар, соның ішінде 69 заттек – канцероген болып саналады. Тізімде күшәла, бензол, кадмий, дивинил кездеседі… Осы тұста никотин, тіпті, соншалықты қауіпті емес болып көрінуі де мүмкін: ол өзі уытты, дегенмен аз мөлшерде өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт, инсульт және басқа да аурулардан гөрі адреналиннің бөлінуін ғана тудырады, алайда көпшілік осы дерттерді темекі тартумен байланыстыруға әдеттенген және жыл сайын осы аурулардың салдарынан әлем бойынша 7 миллион адам қайтыс болады.

Зиянды қалай төмендетуге болады?

Темекі шегу — бұл бірден бірнеше деңгейде қалыптасатын аса мықты тәуелділік, сондықтан одан арылу қиынның қиыны.

Адамдардың көбі үшін темекіден біржолата бас тарту өте күрделі қадам болып көрінуі мүмкін, алайда, кем дегенде, зиянды төмендетуге әбден болады, әрі осы тұста бүгінде көптеген балама нұсқалар баршылық. Хиттерлер, жабыстырғыштар, сағыздар — темекіге қарағанда зияны азырақ келетін әртүрлі баламалар бар, тек өз нұсқаңызды таңдау ғана қалып отыр.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]