Винирлер туралы барлық ақпарат бір мақалада - Лайқос

Арманыңыздағы жымиыс: винирлер туралы не білу керек

Кемшілігі жоқ жымиыс – арман емес, бұл әбден қолжетімді мақсат. Винирлер күрделі араласуды талап етпей, түс және, тіпті, пішіннің өзін өзгертуге көмектеседі. Алайда барлығы қарапайым болып көрінгенімен кейбір жайттарды жете түсінген маңызды – винирлердің қандай түрлері кездеседі, оларды шын мәнісінде қай уақытта орнатқан дұрыс және тек бірнеше қаптамамен шектелуге бола ма? Тіс дәрігері Сергей Винокуров винирлердің қалай жұмыс істейтінін, олар кімдерге қолайлы екенін және орнатпас бұрын не нәрсеге назар аудару керектігін әңгімелеп берді.

Винир дегеніміз не

Винирлер – бұл тістің сыртқы бетіне бекітілетін өте жұқа керамикалық пластинкалар. Олар эстетикалық ақауларды жасыруға көмектеседі, соның ішінде – жарықшақтар, дақтар, тегіссіздік, тістер арасындағы саңылау секілді ақаулар. Сонымен бірге винирлер тістемді де аздап түзетуге, тістің сезімталдығын төмендету мен тіс кіреукесінің одан әрі бұзылуынан қорғауға көмектеседі.

Дұрыс күтім жасалса, винирлердің қызмет ету мерзімі 10-15 жылды құрайды, тіпті, одан да көп уақытқа созылуы бек мүмкін. Оларды мінсіз қалпында сақтау үшін келесідей қарапайым ережелерді ұстанған маңызды:

  • ауыз қуысының гигиенасын тұрақты түрде сақтау;
  • тісті құрал-сайман ретінде қолданудан бас тарту (мәселен, жаңғақтарды шағу немесе бөтелкелерді ашу үшін);
  • жаман әдеттерді азайту.

Винирлерді тек бірнеше тіске ғана орнатуға бола ма?

Егер түйткіл шектеулі болса, винирлерді 2-4 тіске қоюға да болады. Ең бастысы, қаптамалардың пішіні мен реңкі басқа тістермен бірдей болуы керек. Тәжірибелі тіс дәрігерінің жұмысынан кейін винирлердің табиғи болып көрінуі соншалық, тіпті, оларды кәдімгі тістерден тек стоматологтың өзі ғана ажырата алады.

Тісті қайрау дегеніміз не және бұл не үшін керек

Винир дәл бекітілуі және барынша табиғи болып көрінуі үшін тістің пішінін аздап өзгерту керек, яғни, оны қайрау қажет. Дәрігер тіс кіреукесінің небәрі 0,3-0,7 мм ғана алып тастайды, осылайша керамикалық қаптаманың тығыз жабыстырылуы қамтамасыз етіледі. Кейбір жағдайларда винирлердің бекітілуі тісті қайраусыз-ақ жүргізілуі мүмкін, дегенмен бұл ережеден тыс жайт болып саналады. Процедура жергілікті анестезия арқылы жасалады, сондықтан ауырсыну сезілмейді. Азғантай жайсыздық пайда болуы мүмкін, алайда алаңдаудың қажеті шамалы.

Мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: егер винир қайралған тіске орнатылса, тісті бұрынғы қалпына келтіруге болмайды. Винирлердің өздерін алмастыруға болғанымен, олардың астындағы тістер сәл өзгертілген болып қалады. Бұл винирлерді орнату ұзақ мерзімді шешім дегенді білдіреді. Алмастырудың себептеріне жарықшақтар, сызаттардың пайда болуы, керамиканың қараюы немесе бекітілуінің нашарлауы жатқызылады.

Радикалды диеталар тіс денсаулығына қалай әсер етеді
Біздің ағзамыз — нағыз күрделі машина. Не жейтініміз бен оны қаншалықты жиі тұтынатынымыз жалпы денсаулықтың…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/radikaldy-dietalar-tis-densaulygyna/

Винирлер және тіс қаптамасы: айырмашылығы неде?

Тіс қаптамасы (тіссауыт) – бұл тісті жан-жағынан қаптайтын «қалпақшалар». Оларды тіс қатты бұзылған және елеулі қорғанысты қажет ететін жағдайда қойдырады.

Егерде тіс жалпы алғанда сау болса, дегенмен оның сыртқы түрін жақсартуды қаласаңыз, мәселен, дақтарды кетіру, пішінін тегістеу немесе тістердің арасындағы саңылауларды түзеткіңіз келсе, көмекке винирлер келеді. Егер тіс бүтін, әрі тек қана косметикалық апгрейд жасатуды қажет етсе, онда бұл винирлер мен люминирлер жайлы хикая болмақ. Ал тіс зақымдалған жағдайда – тіссауыт салдыру қажет.

Сізге винирлер керек пе?

Кейде винирлерді орнатудың орнына тістерді кәсіби тазарту немесе ортодонтикалық емдеу шараларын ғана қолдану әлдеқайда тиімді болуы ықтимал – мысалы, егер тістемді өзгерту қажеттілігі болса, брекеттерді орнату. Ағарту процедуралары кетіруге көмектеспейтін дақтар, жарықшақтар, сызаттар болған жағдайда, не болмаса тістің пішіні жайсыздық тудырса ғана винирлерге жүгінеді. Винирлерді орнатуда жас шектеулері қарастырылмаған. Бастысы, ауыз қуысының жалпы жағдайы мен тістердің денсаулығы.

Неліктен винирлер қымбат тұрады

Бір винирдің бағасы – 80 мың теңгеден бастап 500+ мың теңгеге дейін және одан да жоғары болып келеді. Дәрігер мен тіс технигі әрбір винирді миллиметріне дейін ескеріп, оның басқа тістерден ерекшеленбеуі үшін пішіні, түсі мен мөлдірлігін таңдап, айырықша дәлдікпен жасайды. Бұл тұста жоғары сапалы материалдар ғана пайдаланылады – медициналық керамика немесе фарфор, сонымен бірге құрылымның дәл қондырылуы мен оның ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрал-жабдықтар қолданылады.

Неден бас тартуға тура келеді

Винирлерді орнатқаннан кейін кейбір әдеттерді қайта қарастырған абзал – ең алдымен, темекі тарту әдеті. Темекі түтінінің құрамында шайыр кездеседі, ал ол тістің бетіне шөгіп, тіс кіреукесіндегі кішкентай сызаттарға еніп кетеді және уақыт өте келе оны сарғыш түске бояйды. Егер, тіпті, тіс винирдің астында жасырылған болса да, әсіресе, оның материалы жартылай мөлдір болған жағдайда пигментация біртіндеп пайда болуы ықтимал. Сонымен бірге темекі тарту тісжегі қаупін арттыра түседі. Шылым шегуден бас тартқыңыз келмей ме? Онда хиттерлерді қарастырып көріңіз – бұл темекіні жақпайтын, оны тек қана қыздыратын құрылғы. Ол түтінді түзбейді, демек зиянды заттектердің тіс жылтырына деген әсерін төмендетеді және тістің табиғи түсін ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді. Дегенмен естеріңізде болсын: тіс кіреукесін қорғаудың ең сенімді тәсілі темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек.

Сондай-ақ винирлерге деген шамадан тыс жүктеме түсіруден аулақ болған абзал: мұз, жаңғақ және азық-түліктің басқа да қатты түрлерін шағу немесе кеміруге болмайды, ирис пен тағы басқа созылмалы тәттілерді шайнамаңыз. Бұл желімді қосылыстың беріктігін сақтау мен қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.

Винирлерді орнатқан соң қандай қауіптер бар

Сирек, дегенмен мүмкін:

  • Тістердің жоғары сезімталдығы;
  • Тістің өңделмеген бөлігінде тісжегінің пайда болуы.

Тіс дәрігерін сауатты таңдау мен винирлерді орнатқаннан кейін мұқият күтім жасау қауіптерді азайтуға септеседі.

Қорытынды

Винирлер – бұл тек әдемі жымиысқа ие болу мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге сенімділік пен жайлылыққа құйылған нағыз инвестиция. Дұрыс дәрігер, сауатты жүргізілген дайындық пен өзіңізге қамқорлық танытудың арқасында олар сіздің ұзақ жылдар бойғы айнымас одақтасыңызға айналары сөзсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.