
ӨСОА кезінде темекіден хиттерлерге көшу: балама ма, әлде өзін-өзі алдау ма?
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс алу жолдарының ең қауіпті дерттерінің бірі. Ол бірте-бірте дамитынына қарамастан, әлем бойынша өлім-жітім жағдайлары арасында үшінші орынға ие болып отыр. Қауіптің басты факторы – темекі тарту. Темекі шегуден біржолата құтылу адамның хал-күйін жақсартатыны, асқынуды басатыны мен өмірді ұзартатыны белгілі.
Дегенмен темекіден бас тарту баршаның қолынан келе бермейтіні хақ. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, ӨСОА дертіне шалдыққан науқастардың шамамен 70% шылым шегуді жалғастыра береді екен. Дәл осы себептен балама құрылғылар – хиттерлер жайлы әңгімелер қозғалып жүр. Олардың ӨСОА ауруы бар науқастарға шынымен де қаншалықты көмектесе алатыны мен қауіптің қай жерде жасырынғаны туралы Лайқосқа дәрігер-пульмонолог Бекдәулет Әкімниязова айтып береді.
Хиттерлер темекіден несімен ерекшеленеді
Қарапайым шылым жанады, әрі осы тұста 7000 астам химиялық заттек бөлінеді. Хиттерлерде темекі жанбайды, ол тек қана 250-350 °C дейін қыздырылады. Осының арқасында зиян келтіретін канцерогендер мен шайырдың түзілуі жоққа шығарылады. Алайда бұл олардың мүлдем қауіпсіз екендігін білдірмейтіні хақ.

Зерттеулер не дейді?
Кейбір зерттеулер көрсетіп отырғандай, хиттерлерге толықтай ауысқан ӨСОА дертіне шалдыққан науқастарда асқыну жағдайлары кемиді, жөтел азаяды, әрі жүктемеге көндігу қабілеті жақсара түседі. Дегенмен мына бір жайт аса маңызды: бұл тек қана темекіден толық бас тартқанда және түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысқан кезде ғана іске асады. Егер адам темекіні де, хиттерлерді де («қосарлы қолданыс») пайдаланып жүрсе, мұның ешқандай пайдасы болмайды.
Сонымен бірге мынадай мәліметтер де бар: темекіге қарағанда хиттерлерді қолданған кезде өкпенің қабынуы азырақ болады. Алайда бұл «сау жағдай» емес, бұл зияны төмендетілген өнімдерді қолдану. Сондай-ақ хиттерлердің аэрозолінде бәрібір қауіпті заттектер кездеседі, әрі олар тамырлар мен өкпенің жасушаларын зақымдай алады.
Қауіп қайда жасырынған?
Зерттеулер көрсеткендей, ұлпа мен тамырлар бәрібір зақымдалады екен, ал инфекциялар кезінде ағзаның қорғанысы әлсіздене түседі. Ең бастысы, кез келген алмастырумен салыстырғанда темек шегуден біржолата арылу әлдеқайда тиімді болып шықты.
Хиттерлерді ұзақ уақыт бойы қолданудың салдары әзірге жеткілікті дәрежеде зерттелмеген: тәуелсіз зерттеулер аз, ал қолда бар деректер әрі қарай растауды талап етеді.
Шешім емес, ымыра
Әзірге темекі шегуді біржолата тастауға дайын емес адамдарға аралық қадам ретінде хиттерлерді қарастыруға болады. Темекімен салыстырғанда олар қауіптің бір бөлігін төмендете алады, дегенмен мына бір нәрсені қаперімізден шығармайық: никотин бәрібір қала береді. ӨСОА кезінде өкпені қорғап қалудың ең жақсы әрі сенімді тәсілі – бұл темекіден мүлдем бас тарту. Барлық қалған нұсқалар – осы мақсатқа жету жолындағы уақытша ымыра ғана.