
Темекі тарту жылына 7 млн адамды өлтіреді. Хиттерлер балама ретінде бола ала ма?
Темекі тартудың зияны: көншітпейтін статистика
Адамдар күллі әлем бойынша темекі тартуды жалғастырып келеді: бүгінде тұрақты шылымқұмарлардың саны 1,17 млрд асады екен. Шылым шегу жыл сайын 7 млн адам өлімінің себебіне айналып отыр. Бұл ағзаға залал келтіретін әдеттен арылудың, мүмкіндігінше жұмсақ, жолы бар ма және темекі тарту кезінде тамырларымызға не болады?
Шылым шегудің баламалары: жеңілірек бәле ме, әлде жаңа қауіп пе?
Соңғы 20 жылдың ішінде нарықта, өндірушілердің мәлімдеуінше, темекінің зиянды әсерін төмендететін никотиндік және темекі бұйымдары пайда болған. Олардың қатарына никотиндік паучтар (еріннің артында ұстап соруға арналған пакеттердегі қойылтылған никотин), электронды темекі (Қазақстанда тыйым салынған), әрі қыздырылатын темекі бұйымдары (хиттерлер) жатқызылады. Хиттерлердің жұмыс істеу қағидаты келесідей: темекі құрылғының ішінде дәстүрлі шылым беретіннен гөрі әлдеқайда төмен келетін температурада қыздырылады.
Хиттерлердің жүрек пен тамырларға әсері: эксперименттер не дейді?
Қос бәленің жеңілірегі таңдалған кезде сол таңдау орынды ма? Мұның нақты жауабы жоқ, дегенмен анықтап көруге тырысайық, ол үшін хиттерлер мен кәдімгі темекінің жүрек пен тамырларға әсерін салыстырып көрейік. Осы мақсатта ғалымдар зертханаларда (in vitro) және жануарларға (in vivo) эксперименттер жүргізген. Зерттеулердің бір бөлігін хиттерлердің өндірушілері, ал бір бөлігін тәуелсіз ғалымдар қаржыландырған еді.
Келесі жайттар анықталған: 1) бір экспериментте егеуқұйрықтарда жалғыз стиктің әсерінен кейін тура қарапайым темекіден сияқты тамырлардың жұмысы бұзылған екен; 2) басқа зерттеуде барлық темекі бұйымдары, соның ішінде хиттерлер мен вейптер, түтін немесе бумен, тіпті, бір реттік түйісуден кейін тамырлардың кеңею қабілетін нашарлатып жіберген.
Хиттерлердің темекімен салыстырғандағы артықшылығы: пайдасы бар ма?
Ғалымдар келесіні анықтады:
Темекіге қарағанда хиттерлер зиянды азырақ тигізеді.
- «Жаман» холестеринді (ТТЛП) арттырмайды, оның орнына, тіпті, «жақсысын» (ЖТЛП) шамалы жоғарылатады.
- Тамырлардағы холестерин түйіншектерінің түзілуіне азырақ ықпал етеді.
- Жүрек пен тамырларға байланысты гендердің жұмысына нұқсан келтірмейді.
Сонымен бірге сегіз ай бойы хиттерлер қолданылғаннан кейін тышқандарда:
- Май алмасу үдерісі нашарлаған жоқ.
- Атеросклеротикалық түйіншектер пайда болмаған.
- Жүрекке байланысты түйткілдер (салмағы, құрылымы, жұмысы) туындамаған.
- Бауырда үлкен өзгерістер болған жоқ (темекі болса, қышқылдандыру стресін тудырады және бауырдың жұмысын бұзады).
Қорытындысы мынадай: осы мәліметтерге сүйенсек, хиттердің зияны шын мәнісінде қарапайым темекіден гөрі азырақ. Алайда бұл оның мүлдем зиянсыз әрі қауіпсіз екендігін білдірмейді, мұнда жай ғана денсаулық үшін қауіп шынымен де төменірек болып отыр. Дегенмен темекі шегуден болатын кез келген зияннан толықтай құтылудың жалғыз тәсілі – бұл осы залалды әдеттен біржолата бас тарту.