Ауа жетпей алқынғанда
Темекі түтіні түскен өкпенің жағдайы нешік?
Шылымқордың өкпесіне никотиннен бұрын темекі түтіні мен оның құрамында кездесетін шайыр және канцерогендер зардабын тигізеді. Жанған темекі адамға несімен зиян? Залалы аздау балама нұсқалар бар ма?
КІРПІГІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ
Темекі түтінінде мыңдаған химиялық қоспа бар. Оның ішінен қаттысын да, газ тәріздесін де, тіпті радиоактив компоненттерді де табуға болады. Ары қуалай бастасаңыз, шайыр және металл қоспа секілді қатты заттардың өкпеге ең үлкен зиян әкелетінін, себебі тыныс жолдарына тұрып қалатынын, сәйкесінше оларға өз-өзін тазалау міндетін атқаруға бөгет болатынын көресіз.
Еуропалық респиратор қауымдастығының сарапшысы, профессор Рикардо Полоза бұл процесті былай сипаттайды:
«Тыныс жолдарын сырттан келген түрлі бөлшектерден қорғап, әдетте алға-артқа қозғалып тұратын микроскопиялық кірпікшелер дұрыс жұмыс істеуден қалады».
Аталған процесті қиындататын себептерді түсінудің арқасында мамандар түтінсіз балама нұсқаларды, яғни темекіні қыздырудың электронды жүйелерін ойлап табуға көмектесті. Мұндай құрылғылар шылымқорға «темекі тарту» атты әдеттен бас тартпай-ақ ағзаға түсетін аса зиянды фактордан қорғануға көмектеседі.
Жалпы, тыныс жолдарына түскен «кісіөлтіргіш» бөлшектерден құтылу үшін ағзамыз жалқық бөле бастайды, ол өз кезегінде созымалы жөтел мен бронхит тудырады. Тынбайтын жөтелдің салдарынан шылымқордың өкпесі созылып-жиырылатын икемін жоғалтады, альвеолдар созылып кетеді және эмфизема деген ауру пайда болады.
Өмір сүруге қажет бұл органда жазылмайтын сырқатқа айналатын өкпенің обструктивті созылмалы ауруы да осы қатарда тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, тек 2019 жылдың өзінде бұл дерттен әлемде үш миллионнан астам адам өлген. Және қайтыс болғандардың 90%-да обструктивті ауру темекі түтіні кесірінен пайда болған.
Шылым шегу «шақыратын» сырқаттардың қатарында өкпе туберкулезі де бар. Иммун жүйесі мықты адамның ағзасына түскен Кох таяқшасы бірден жойылады. Алайда түтін кесірінен әлсіреген шырышты қабықта зиянкес микробактерия жапапй көбейе бастайды. Статистикамен дауласу қиын: дәрігерлердің айтуынша, туберкулезбен темекі шекпейтіндерге қарағанда шегетіндер 4 есе көп ауырады екен.
ҚОЯН БОЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
БҰҰ деректеріне сәйкес, ерлер арасындағы өкпе обырынан болған өлімнің 90%-ы ерлер темекі түтінінен екен. Әйелдерге қатысты бұл сан 80%-ды құрайды. Ұйымның баяндамасында ДДСҰ Еуропалық аймағындағы кеңірдек, ауатамыр және өкпе қатерлі ісігінен келген 10 өлімнің 9-ы шылымға деген құмарлықтан пайда болған.
Темекі түтіні құрамына кіретін химиялық қоспалардың жоғары пайызы канцероген саналады. Олар ағза үшін қауіпті, себебі жасуша ДНҚ-сы бағдарламасын бұзады, салдарынан жасушалар бағынбай кетеді, жаппай көбейіп, қатерлі ісікке алып келеді.
Айтпақшы, темекі түтінінде канцероген қоспалардың бар екенін 100 жылдай бұрын аргентиналық дәрігер Анхель Роффо дәлелдеп кеткен болатын. Бірнеше ай ішінде ол темекі қарамайынан (шайыр, темекі түтінінің қатты бөлшегі деп те біліңіз) алынған затты қоянның құлағына жағып отырады, ақыры жануарда қатерлі ісік пайда болып, асқына бастайды.
ӨЗ-ӨЗІНЕН ЖАЗЫЛЫП КЕТТІ!
Екі жыл бұрын ғалымдар есті алатын қорытынды жариялады. Nature журналында жарияланған зерттеудің нәтижесіне сәйкес, бүлінбеген жасушалар канцерогенді мутацияларды жойып, өкпені қалпына келтіре алады екен. Әрине, ол үшін шылымқор зиянды әдеттен бас тартуы керек. Бір қызығы, қатерлі ісіктен ұзақжылдық «өтілі» бар адамдардың өзі жазыла алады дейді.
«Тыныс жолдарын әлдебір «сиқырлы әдіспен» қалпына келтіретін жасушалардың белгілі бір тобы бар… Бұған тамаша мысал да айтуға болады: 40 жастан кейін шылымды тастап кеткен пациенттерде бүлінбеген жасушалар регенареациясы басталды», – деп атап өтті BBC-ге берген сұхбатында Сенгер институтының зерттеушісі айтып берді Питер Кэмпбелл.
Шылым шегуден бас тарта алмайтын (шылымқорлар арасында мұндай адамдар үлесі айтарлықтай жоғары), алайда зиянды азайтқысы келетін жан үшін никотин тұтынудың түтінсіз жүйелеріне өту балама нұсқа болмақ. Бұл электронды құрылғыларда жоғарыда аталған, темекі түтінінде кездесетін және адам саулығы үшін үлкен қауіп төндіретін шайыр, ыс газы жоқ.
Кәдімгі темекінің шоғындағы температура 1100 градусқа дейін баратын болса, қыздыру жүйелерінде бұл көрсеткіш 350 градустан аспайды, яғни темекі жанбайды, сәйкесінше ағзаға келетін зиян 95%-ға дейін азаяды.
Аударған Димаш Зиядин