Шәуеттің сапасы: ол неге байланысты және еркектің репродуктивті денсаулығын қалай тексеруге болады

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Шәуеттің сапасы тек жас шамасы мен тұқымқуалаушылыққа ғана байланысты емес. Оған тамақтану, ұйқы, күйзеліс, жаман әдеттер және, тіпті, саунаға жиі бару да әсер етеді. Лайқос дәрігер уролог-андролог және ультрадыбыстық диагностика маманы Бибігүл Исмағұловамен бірге шәуеттің сапасына қандай факторлар ықпал ететінін, ананас шырыны шынымен де оның дәмін өзгерте ала ма екендігін және ер адам шәуетграмманы қашан тапсыруы керектігін анықтайды.

Шәуеттің сапасы дегеніміз не және ол неге байланысты

Жалпы шәуеттің (эякулят) сапасын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалайды: шәует жасушаларының саны, олардың қозғалғыштығы, құрылысы мен пішіні, сондай-ақ шәует сұйықтығының көлемі, оның түсі, иісі, қышқылдығы (pH) және сұйылу уақыты. Оларды көзбен бағалауға болмайды: зертханалық зерттеу керек. Эякуляттың сапасына бірден бірнеше фактор әсер етеді:

  • Жас шамасы. Жылдар өткен сайын шәует жасушаларының концентрациясы, қозғалғыштығы және генетикалық сапасы өзгеруі мүмкін, алайда тек жастың өзі ұрықтылық (бала өрбітуге қабілеттілік) бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
  • Салмақ және тамақтану. Фастфуд, тәтті газдалған сусындар, майлы және қуырылған тағамдар, сондай-ақ қозғалысы аз өмір салты артық салмаққа және шәует көрсеткіштерінің нашарлауымен байланысты зат алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.
  • Ұйқы мен күйзеліс. Созылмалы ұйқысыздық пен ұзаққа созылған эмоциялық ширығу гормондық реттелуге ықпал етеді, ал ол шәует жасушаларының түзілуіне атсалысады.
  • Қатты қызыну. Монша мен саунаға жиі барып тұру, жоғары температураның ұзақ уақыт бойы әсер етуі, тіпті, автокөлік орындығын үнемі жылыту шәует жасушаларының түзілуін уақытша нашарлатуы ықтимал. Әсіресе, ұрпақ өрбітуді жоспарлап жүрген ер адамдар мұқият болуы керек.

Темекі тарту мен алкогольдің шәует жасушаларына әсері

Шылым тарту ерлердің репродуктивті қызметіне өзінің кері әсерін тигізеді. Темекі түтініндегі заттектер тотықтырғыш күйзелісті (жасушалардың агрессивті молекулалардың салдарынан зақымдануы) күшейтеді және шәуетті түзетін жасушаларға зиян келтіреді. Осының нәтижесінде олардың шоғырлануы, қозғалғыштығы және қалыпты пішінді болып келетін енуыздың үлесі төмендейді.

Репродуктивті денсаулыққа төнетін қауіпті азайтудың ең жақсы жолы – темекі шегуден біржолата бас тарту. Егер мұны өз бетінше жасау қиынға соқса, кәсіби маманның көмегіне жүгінуге болады. Егер сіз әзірге бұл әдеттен құтылуға дайын болмасаңыз, хиттерлерді қарастыру арқылы зиянды азайтуға болады. Мұнда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, сол себептен шайыр, тұншықтырғыш газ және канцерогендерді қоса алғанда, 7000 астам химиялық заттектерден тұратын темекі түтіні түзілмейді.

Алкогольді шамадан тыс тұтыну да ерлердің жыныс жүйесінің жұмысын бұзуы бек мүмкін: тестостерон деңгейін, сонымен бірге либидоны төмендетіп, қозу мен шәует көрсеткіштерін нашарлатып жіберуі ықтимал. Сондықтан алкогольден, әсіресе, жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, бас тартқаныңыз дұрыс.

Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?
Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-mozhno-dokuritsya-do-narusheniya-erekcii/

Қандай аурулар шәуеттің сапасына ықпал етуі мүмкін

Шәуетке тек созылмалы аурулар ғана емес, сонымен бірге жақында болған инфекциялар да әсер етеді. Несеп-жыныс жүйесінің қабынба аурулары, мәселен, қуық түбі безінің қабынуы ерекше маңызға ие: олар шәует жасушаларының түзілуін, жетілуін және қозғалысын бұза алады. Сол секілді репродуктивті қызметті онкологиялық аурулар да, кейде оларды емдеу әдістері де нашарлатуы мүмкін: химиотерапия мен сәулелік терапия шәуеттің түзілуіне жауапты жасушаларды зақымдауы ықтимал. Жеке бір қауіп факторы – стероидтарды бақылаусыз қабылдау: олар өз гормондарының өндірілуін тежейді және шәует жасушаларының санын айтарлықтай төмендете алады.

Шәуеттің дәмі мен иісі: ананас шырыны оны жағымды ете түсетіні рас па?

Шәуеттің дәмі әртүрлі ер адамдарда әртүрлі болады және бұл аурудың белгісі емес. Ол шәует сұйықтығының құрамына, тамақтануға, әдеттерге және су ішу тәртібіне байланысты болып келеді: кофе, ішімдік, темекі мен ащы тағамдардың көптігі кейде оны айқын көрсетеді. Табиғи иісті көбінесе хлор немесе теңіз тұзымен салыстырады. Егер ол күрт жағымсыз немесе әдеттегіден тыс болса, әсіресе, басқа да белгілер байқалса, дәрігерге көрінген абзал: мұның себебі қабыну немесе инфекция болуы мүмкін.

Ананас шырыны шәуеттің дәмін жағымды етеді деген кеңінен таралған пікір бар. Маманның айтуынша, ашық хош иісті және жеміс қышқылдары бар өнімдер теориялық тұрғыдан шәует сұйықтығының дәміне жанама әсер етуі ықтимал. Дегенмен нақ осы ананас шырыны дәмді айтарлықтай өзгертетіні жайында сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.

Шәуетграмма дегеніміз не және оны қашан тапсырған жөн

Шәуетграмма – бұл шәуеттің сапасы мен енуыздың күйін бағалауға, сонымен бірге қабыну белгілерін анықтауға көмектесетін шәует талдауы. Оны келесі жағдайларда тапсыру ұсынылады:

  • жүктілікті жоспарлау кезінде;
  • ер адамның балалары болса да, ерлі-зайыптылардың бала көтеруде қиындықтары болса;
  • репродуктивті қызметке әсер етуі мүмкін аурулардан кейін;
  • егер дәрігер ұсынса, емдеу кезінде немесе одан кейін көрсеткіштерді бақылау мақсатында.

Жүктілікті жоспарлау кезінде ер адамның тексерілуін ерлі-зайыптыларда қиындықтар туындаған сәтке дейін кейінге қалдырмаған дұрыс.

Тар ішкиім мен шәует

Жалпы тар ішкиім шәуетті бұзатыны рас па? Жуырда бұл тақырып бойынша ең ауқымды зерттеу шықты: мұнда 27 мыңға жуық ер адам салыстырылды. Ол туралы басты жайттар карточкаларда көрсетілген.

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Шәуетграммаға қалай дайындалу керек

Нәтиже анық болуы үшін зертхана мен дәрігердің ұсыныстарын орындаған аса маңызды. Әдетте зерттеу алдында келесі кеңестер беріледі:

  • жыныстық қатынас пен шәует шығарудан 2 күннен 7 күнге дейін, ең оңтайлысы, 3-4 күн бойы тартыну;
  • бірнеше күн бұрын монша, сауна мен бу бөлмесіне барудан бас тарту;
  • алкогольді тұтынбау;
  • дәрі-дәрмектерді, әсіресе антибиотиктерді қабылдап жүргеніңіз жайлы дәрігерге хабарлау;
  • жіті аурулар кезінде (әсіресе, жоғары температура болса) және созылмалы аурулар асқынғанда мүмкіндігінше талдау жасамағаныңыз абзал.

Мен өз тәжірибемде сәл басқа әдіс-тәсілді ұстанамын: шәуетті мұқият дайындықтан кейін ғана емес, ер адамның әдеттегі өміріне барынша жақын жағдайда бағалау маңызды. Бірыңғай жағдай ретінде ауру кезеңін айтуға болады, бұл тұста талдауды кейінге қалдырған дұрыс. Нақты ұсыныстар зертханаға және зерттеу мақсатына байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Ерлердің репродуктивті денсаулығы: шәуеттің сапасына не әсер етеді және оны қалай тексереді

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.