Темекіні қыздыру жүйелері мен стиктер турасында: негізгі сұрақтар

Стиктер: қауіпсіз тұтынудың шегі бар ма?

Сіз күніне қанша стикті тартасыз? Күнделікті шегілетін стиктердің санын азайту қарапайым темекіден бас тарту секілді әсерге ие бола ала ма? Әрі стиктердің ішкі құрылымы қандай? Осы мақалада біз ТҚЖ және стиктерге байланысты ең көкейкесті сауалдарға жауап беруге тырысамыз.

ТЕМЕКІНІҢ ҚАУІПСІЗ САНЫ БОЛМАЙДЫ

Біз әртүрлі сарапшылармен бірлесе отырып, бұл туралы сан рет әңгімелеген едік. Көптеген шылымқұмарлар күніне 1-2 темекіні тарту денсаулыққа онша теріс әсер етпейді деп қателесіп жатады. Дегенмен зиянды төмендетуге тырысып, күніне небәрі бір темекінің өзін тұтынатын адамдар, мүлдем шылым шекпейтіндермен салыстырғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупінің 50%-ға ұлғаятындығына тап болады, ал инсульттің болу ықтималдылығы 30%-ға жоғарылайды.

 

Зерттеу анықтағандай, денсаулық үшін қауіпсіз болып саналатын және жоғарыда көрсетілген аурулардың дамуына жол бермейтін шегілген темекі саны болмайды екен. Ал адам ағзасына никотинді жеткізудің балама тәсілдеріне келер болсақ, мұндағы жағдай қандай? Стиктерді алсақ, барлығы да дәл осылай жұмыс істей ме?

 

СТИКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ?

Балама нұсқалар адам ағзасына шынымен де зиянды азырақ тигізеді ме? Өйткені стиктер мен темекі өздерінің құрамы жағынан өте ұқсас келеді ғой?

 

Бұл жерде сәл басқаша жағдай. Стиктердің құрылымы темекінің құрылымынан айтарлықтай ерекшеленеді. Шылым негізінен темекі толтырғышынан тұрады, ал оның бір ұшына сүзгі бекітілген. Ал стиктің ішкі құрылымына келер болсақ, оның біраз бөлігін буды сүзгілеу жүйесі алып жатады, әрі ұзындығының шамамен үштен бір бөлігі ғана толтырғышы бар капсулаға беріледі. Стиктің сүзгісі негізгі үш компоненттен тұрады:

 

  1. Мүштік ретінде қызмет атқаратын ағаш немесе мақта целлюлозасынан жасалған ацетатты сүзгі.
  2. Артық ылғалды сіңіріп алатын және буды жайлы температураға дейін салқындататын жүгері крахмалы немесе полисүт қышқылынан (полиактид) жасалған биополимерлі сүзгі.
  3. Биополимерлі сүзгі мен темекі капсуласын бөліп тұратын ацетатты талшықтан жасалған іші қуыс сүзгі.

 

СТИКТІҢ ІШІНДЕ ҚАНША НИКОТИН БАР

Ресейлік ғалымдар Погар темекі-сигаралық фабрикасында өткізілген тәуелсіз зерттеудің негізінде бір ғана брендке жататын стиктер мен темекілердің физика-химиялық құрамдарының салыстырмалы талдауын жүргізді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, стиктер мен темекілердегі никотиннің мөлшері шамамен бірдей болып шықты: стиктерде – 1,7% және темекілерде – 1,78%. Бұл сүзгісі бар бір күшті темекінің құрамындағы никотиннің мөлшеріне сәйкес келіп, әрі бір стиктегі никотиннің шамамен 0,6–0,7 мг мөлшерін құрап отыр.

 

КҮНІНЕ ҚАНША СТИКТІ ШЕГУГЕ БОЛАДЫ?

Күніне стиктерді тұтынудың рұқсат етілген нормасын бағалау үшін адам ағзасына түсетін никотин мөлшері мен оның денсаулыққа деген әсерін ескеру керек. Норманы бағалау бірнеше аспектіге тәуелді болып келеді, соның ішінде адамның жалпы денсаулығының хал-күйі, темекі тарту қарқындылығы, жасы, салмағы және, тіпті, жынысына да байланысты.

 

Орташа есеппен алғанда күн сайын темекінің бір қорабын тартатын адам никотиннің 12–14 мг мөлшерін алып отырады. Бір килограмм салмаққа никотиннің 5 миллиграмм мөлшерінде адамның денсаулығы үшін зиян пайда бола бастайтыны туралы жайтты ескере отырып, бұл мөлшердің көп саналмайтындығын айта кеткен жөн, әрі басқа да айтарлықтай маңызды факторларды есепке алмасақ, бұл жағымсыз сезімдерді тудырмауға тиіс. Дегенмен өздерін мүлдем шектемейтін шылымқұмарлар да болады, олар күніне темекінің екі қорабын тартуы бек мүмкін, әрі осылайша никотиннің екі есе көп мөлшерін алып отырады. Осындай аса мол дозалар адам денсаулығына айтарлықтай әсер етуі ықтимал. Сонымен бірге темекі түтінінде тұншықтырғыш газ, шайыр, формальдегид, бензол, ацетальдегид және күйе секілді уытты заттектердің бар екендігін ескерсек, стиктерді пайдалану денсаулыққа деген залалды әсерді төмендете алатындығы белгілі болады, өйткені бұл жерде қарапайым темекімен салыстырғанда зиянды заттектердің мөлшері 95%-ға азырақ болып келеді.

 

Соңғы зерттеулер мен сауалнамалардағы мәліметтерге сәйкес, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысқан кезде сіз осыған дейін шеккен темекі санына негізделсеңіз де әбден болады. Кейбір шылымқұмарлар бір стиктегі ішке тарту санының шектеулі келетіндігінен жайсыздық сезіміне тап болуы мүмкін – әдетте олардың саны 14-16 аспайды. Сол себептен бір темекіні тартып шығуға қарағанда стикті қолдану кезеңі біршама қысқалау болып келеді, әрі бұл бейімделу үшін біршама уақытты қажет етеді.

 

Сонымен қатар темекіні қыздыруға арналған жүйелер пайдаланушыларының көпшілігі атап көрсеткендей, ауысудың бастапқы кезеңі жайлы болуы үшін стиктердің саны көбірек бола алады. Алайда уақыт өте келе, яғни, бейімделу кезеңінен кейін, шылымқұмарлар өздерінің темекі тартуға деген құлшынысының төмендейтінін байқайды. Қажетті әсерге қол жеткізу үшін оларға бір стиктің өзі де жеткілікті болмақ.

 

Дегенмен түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу да, не болмаса күніне шегілетін стиктер санын қысқарту да, барлық қауіп-қатерлерді жоққа шығара алмайды, сондықтан темекі шегуден тек біржолата бас тарту ғана ең үздік шешім бола алатыны сөзсіз. Естеріңізде болсын, темекіні тастау ешқашан да кеш емес.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]