
Неліктен созылмалы стресс темекі қорабынан да қауіптірек?
8 сұрақ
Стресс кезінде көбінесе қандай гормон бөлінеді?
Стрестің сыртқы белгісі не болуы мүмкін?
Созылмалы стресс миға қалай әсер етеді?
Күйзеліс жүрек-қан тамырларының жүйесіне қалай ықпал етеді?
Стрестің қандай түрін күніне 15 дана темекіні шегумен салыстыруға болады?
Ағза төзімділік деңгейінің шегіне жеткенін қаншалықты жиі айтып тұрады?
Қандай аурулар созылмалы стрестің салдары болуы мүмкін?
Күйзеліс кезінде қанша сағат ұйықтау ұсынылады?
Баршамыздың білетініміз: темекі тарту зиянды нәрсе. Оның әрбір қорабында да жазылған – «Шылым шегу өлтіреді». Ал созылмалы стресс жайында тура осылай айтылмайды, дегенмен ол бұдан да қауіпті болуы бек мүмкін. Оның иісі жоқ, оны жанынан көруге болмайды, қолыңызда да із қалдырмайды – алайда ол ағзаңызды іштен баяу әрі байқаусыз бұзатыны рас. Күйзелістің денеңізге қалай ықпал ететінін анықтауға дәрігер-терапевт Алмагүл Ержекенова көмектеседі.
Созылмалы стресс дегеніміз не?
Егер қатты күйзеліс – бұл жүйенің «жарылысы» («ұр немесе қаш») болса, онда созылмалы стресс – ұзаққа созылған бомбалау. Қанға картизол мен адреналин бөлінеді де, біз әрекет етуге дайын боламыз. Егер мұндай реакция қысқа мерзімді болса, бұл қалыпты нәрсе.
Алайда егер мазасыз күй бірнеше күн емес, апталап, не болмаса бірнеше айлап созылса, адам ағзасы ұдайы әрі шамадан тыс жүктеме жағдайында өмір сүреді. Гормондар, тіпті, «қауіп-қатер» болмаған кезде де бөлінуді жалғастыра береді. Бұл созылмалы стресс деп аталады – яғни, дене босаңсымайды және қалпына келе алмайды.
Сізде созылмалы стресс екенін қалай түсінуге болады?
Алаңдауды туғызатын белгілер – бұл:
- тіпті, ұйқыдан кейін де кетпейтін шаршағандық
- бастың жиі ауыруы
- ашуланшақтық
- беймазалық
- тамақтану бұзылысы
- үш аптадан артық созылатын ұйқысыздық
Көптеген соматикалық аурулар – асқазанның ойық жарасы, гипертония, әйелдер циклінің бұзылуы – созылмалы күйзелістің бетпердесі болуы ықтимал.
Кейде талдаулардың өзі де норманы көрсетіп тұрады, алайда іште барлығы керісінше болады. Дәл осы себептен дәрігерлер соңғы уақытта күйзелістің жасырын белгілеріне жиі назар аударып отырады: жүрек қалай жұмыс істеп тұр, гормоналды фон қалайша өзгерген, адам қаншалықты шаршаулы әрі эмоциялық тұрғыдан әлсірегені қандай дәрежеде екен.
Созылмалы стрестің салдары таңғалдырады:
- Жүрек-қан тамырларының жүйесі: гипертония, жоғары қан ұйығыштығы, инфаркт пен инсультке ұшырау қаупі.
- Иммунитет: жиі болатын суық тию, ұзаққа созылатын аурулар.
- Гормондар: әйелдер циклінің бұзылуы, ұрықтылықтың төмендеуі, шаршағандық пен салмақ қосу пайда болады.
- Психика: мазасыз ауытқулар, депрессия, үрейлі шабуылдар.
- Когнитивті қызмет: есте сақтау қабілеті, әрі зейін қоюдың нашарлауы, атқарушылық функциялардың төмендеуі.
- Қартаю: стресс жасушалар мен жалпы ағзаның қартаюын жылдамдата түседі.
Бұл көбіне-көп жұмыстағы шамадан тыс жүктеме, дау-жанжалдар, жалғыздық, болашақ алдындағы қорқыныш салдарынан болып жатады. Біз оның қалайша жинақталатынын, тіпті, байқамай қалуымыз да мүмкін: әшейін аз ұйықтаймыз, шаршаймыз, ашуланамыз және неліктен өзімізді нашар сезінетінімізді түсінбей отырамыз.

Неліктен күйзелісті темекі тартумен салыстырады
Зерттеулерге сәйкес созылмалы күйзеліс күнделікті темекі тартудан болатын қауіптен кем түспеуі мүмкін. Мәселен, U.S. Surgeon General мәліметтері көрсеткендей, әлеуметтік оқшаулану (созылмалы стрестің бір түрі) мезгілсіз қаза қаупін арттырады, тура күн сайын шегілетін 15 дана темекі секілді.
Нью-Гэмпшир университеті тарапынан жүргізілген зерттеулер де осыған ұқсас қорытындыға келіп отыр: жалғыздық, созылмалы стресс және эмоциялық шаршау жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, ұйқының бұзылуы, когнитивтік бұзылу мен депрессия қаупін жоғарылатады.
Стресс жағдайында адамның миы қандай да бір жолмен тынышталу үшін жылдам ләззатты сұрап бастайды. Сондықтан адамдар көбіне-көп темекі тартады, артық тамақтанады, алкогольді ішімдіктерді тұтынады немесе телефонның экранына телміріп отырады. Түрлі уайымдар адамды тәуелді мінез-құлыққа итермелейді, ал бұл өз кезегінде жағдайды одан бетер ушықтырып жібереді.
Созылмалы стреспен қалай күресу керек?
Дәрі-дәрмектен емес, өмір салтындағы өзгерістерден бастаған абзал:
- Тәулігіне 7-9 сағат бойы ұйықтау, қатаң кесте бойынша.
- Гаджеттерді азайту – кем дегенде, кешкі уақытта.
- Физикалық белсенділік: аптасына 2-3 рет аэробты және күштік жаттығулармен айналысу.
- Тыныс алу практикалары: 4-7-8 тәсілі, диафрагма арқылы дем алу.
- Саналылық пен медитация: кортизол деңгейін төмендететіні дәлелденген.
- Когнитивті-мінездік терапия: стреске басқаша көзқараспен қарау мен күрделі жағдайларды оңай жеңуге көмектеседі.
- Басқа адамдармен жылы қарым-қатынас: қарапайым естілгенімен, жақын адамдардың қолдауы – күйзеліске қарсы ең бір мықты дәрілердің бірі.
- Темекі шегуден бас тарту. Шылым шегуді толықтай тоқтату – денсаулық үшін ең жақсы таңдау. Дегенмен темекіден бірден құтылу қиынға соқса, не болмаса қайтару нышанатынан қорықсаңыз, хиттерлерді қарастырып көргеніңіз абзал. Кәдімгі шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, тек қана қыздырады, демек бұл зиянды заттектердің деңгейін 95% төмендетеді. Бұл әзірге никотиннен бас тартуға дайын емес, дегенмен зиянды төмендетуді қалайтын адамдар үшін аралық қадамға айналуы әбден мүмкін. Сонымен бірге бұл тұста никотиндік жабыстырғыштар, сағыз, тыныс алу практикалары, спортпен шұғылдану мен маман көмектесе алады.
- Алкогольден бас тарту. Ол күйзелісті жеңілдетпейді, қайта оны тереңдетіп жібереді, ұйқыға нұқсан келтіреді және келесі күні көңіл-күйді нашарлатады. Балама нұсқа ретінде алкогольсіз босаңсу әдістерін байқап көрген абзал – жылы себезгі қабылдау, ароматерапия, кешкі серуендер, йога және алкогольсіз коктейльдер.
Дәрігерге қашан барған дұрыс?
Егер стресс 4-6 аптадан астам уақыт жібермесе, ал шаршағандық, алаңдаушылық, ұйқысыздық немесе ашушаңдық қалыпты өмір сүру мен жұмыс істеуге кедергі етсе, бұған шыдаудың керегі жоқ. Демек бұл жай ғана кезең емес, бұл ағзаның беріп тұрған дабылы, әрі оған көмек қажет.
Мұндай жағдайда психолог, психотерапевт немесе психиатрдың көмегіне жүгінген жөн – маман жағдайды дұрыс бағалау мен қолайлы ем-дом шараларын таңдауға көмектеседі.
Егер қысым, асқазан, жүрек немесе иммунитетке байланысты түйткілдер пайда болса, терапевтке барғаныңыз абзал, маман сізді қажетті тар шеңберлі дәрігерге бағыттайды және жалпы жағдайыңызды қалпына келтіруге септеседі.
Қорытынды
Біз темекі тартудың зиянды екендігін бұрыннан білеміз. Бәлкім, ішкі жай-күйімізге де дәл осылай анағұрлым байыпты қарайтын уақыт келген болар? Қаперіңізден мынаны шығармаңыз: уақытында тоқтау, өзіңізді тыңдай білу мен денсаулықты бірінші орынға қойғаныңыз маңызды.