Суық тию мен тұмауды емдеу: қай кезде антибиотиктер қажет және қандай дәрілерді ішуге болмайды

Суық тию мен тұмауды дұрыс емдеудің жолы: сізді қателіктерден сақтайтын кеңестер

8 сұрақ

1. Суық тиюдің алғашқы белгілері кезінде не нәрсе жақсы көмектеседі?

2. 37,5 °C температурасын төмендету керек пе?

3. Салқын тиюді алкогольмен емдеуге бола ма?

4. Тұмау кезінде антибиотиктер қажет пе?

5. Сарымсақ вирустардан қорғануға көмектесе ме?

6. Суық тигенде не ішкен дұрыс?

7. Салқын тигенде жұмысқа баруға бола ма?

8. Бөлменің ауасын ылғалдандыру керек пе?

Суық басталысымен оның сенімді серіктері де бірге келеді, бұл – салқын тию мен тұмау. Симптомдардан жылдам арылудың жолы қандай және бұл үдерісті тездетудің керегі бар ма екендігін дәрігер-терапевт Алмагүл Ержекенова айтып берді.

Тұмауды суық тиюден қалай ажыратамыз

Салқын тию және тұмау – бұл вирустық аурулар, алайда олардың симптомдары әртүрлі.

Суық тию – бұл әдетте мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың аздап ауыруы, әлсіздік.

Тұмаудың белгілері – дене қызуының қатты көтерілуі, қалтырау, бастың шыдатпайтын ауруы, сырқырау, шаршағандық.

Бұл екі ауруды бір-бірінен ажырата білу маңызды: егер салқын тиюмен күресу айтарлықтай жеңіл болса, тұмау кейде асқынып кетіп, жүрек пен өкпені ауруға шалдықтырады. Сондықтан оларды әртүрлі тәсілдермен емдеу керек.

Суық тию мен тұмауды қалай емдейміз

  1. Тынығу – ағзаңыздың қалпына келуіне уақыт беру маңызды, физикалық жүктемеден аулақ болғаныңыз абзал.
  2. Сұйықтық ішу – оны көбірек ішіңіз (су, шөп шайлары, нәрсулар). Лимон мен таңқурай қосылған шайдың құрамында С дәрумені бар және ол тамақтың ауырғаны мен мұрынның бітелуін жеңілдетуге көмектеседі.
  3. Ылғалдандыру – ауа ылғалдауышын пайдаланыңыз немесе ингляцияларды жасаңыз (эвкалипт немесе түймедақ қосыңыз), бұл әсіресе үйіңіздегі ауа құрғақ болғанда және қатты жылыту маусымында аса маңызды.
  4. Жаман әдеттерден бас тарту:
  • Алкоголь. Бұл ағзаны сусыздандырады, иммунитетті әлсіретеді, тамақтағы қабынуды күшейтеді, дәрілермен өзара әрекеттесуі және ұйқыны бұзуы мүмкін, осылайша сауығу үдерісін баяулатады.
  • Темекі тарту. Темекі түтіні тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, иммунитетті әлсіретеді, сауығу үдерісін баяулатады және асқыну қаупін арттыра түседі, мысалы, бронхитті тудыруы мүмкін. Адамдардың көбі салқын тиюдың салдарынан жаман әдетінен бас тартуға дайын болмайды (алайда, бұл бекер!). Мұндай жағдайда хиттерлерді қарастыруға болады. Олар темекінің жануына жол бермейді, зиянды заттектердің ағзаға түсуін төмендетеді және мұрын мен тамақтың шырышты қабықтарын тітіркендірмейді.
  • Ауыр және майлы тамақ. Бұл ас қорыту үшін көп күш жұмсауды талап етеді, әрі ағзаны инфекцияға қарсы күресуден алаңдатады, қабынуды күшейтеді және қалпына келуді бәсеңсітеді. Оның орнына жеңіл тағамдарды – көжелер, көкөністер, жемістер және иммунитетті нығайтуға көмектесетін дәрумендер мен минералдарға бай азық-түлік түрлерін таңдаған абзал.

Суық тию мен тұмауға қарсы қандай дәрілер мен дәрумендерді ішу керек

Дәрі-дәрмек

  • Қызуды басатын – дене қызуын түсіру және хал-жайды жеңілдету үшін.
  • Вирусқа қарсы – тек тұмау кезінде ғана қабылдау қажет. Белгілер пайда болғаннан кейін алғашқы 48 сағат ішінде қабылдай бастасаңыз, тиімді болуы мүмкін. Олар аурудың ұзақтығын қысқартуға көмектеседі.
  • Гистаминге қарсы (аллергиядан) – тамақ пен мұрынның бітелуін жеңілдету, ісінуді басу үшін.
  • Тамақ пен мұрынға арналған спрейлер

Дәрумендер

  • C дәрумені – иммунитетті нығайтады.
  • D дәрумені – инфекциялардың қаупін төмендетеді, әсіресе, қыс мезгілінде
  • мырыш – егер белгілер пайда болғаннан кейін алғашқы 24 сағаттың ішінде қабылданса, қалпына келу үдерісін жылдамдатады
  • пробиотиктер – иммунитет үшін маңызды ішек флорасын қалпына келтіреді

Суық тию мен тұмау кезінде қарсы көрсетілген препараттар

Антибиотиктер

Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді! Оларды салқын тию мен тұмау кезінде қабылдаудың керегі жоқ, себебі бұл аурулар вирустардан туындайды.

Жөтелге қарсы препараттар

Жөтелді басатын дәрілер қауіпті болуы әбден мүмкін, әсіресе, жөтел қақырықты шығаруға көмектескен жағдайда. Олар шырыштың іркілуіне әкеліп соқтырады, әрі бактериялық инфекциялардың қаупін арттырады. Оның орнына муколитиктерді қолданған дұрыс (мәселен, Мукалтин), бұл қақырықты сұйылтуға көмектеседі.

Үлкен мөлшерлердегі қызу басатын препараттар

Дене қызуын «нөлге» дейін түсіре отырып, сіз ағзаңызға күрес жүргізуге кедергі етесіз. Оған қоса бұл дәрі-дәрмектер бауыр, бүйрек, асқазан немесе жүрек-қан тамырлары жүйесінің дерттеріне шалдыққан адамдарға қарсы көрсетілуі бек мүмкін. Бұл тұста барынша қауіпсіз құралдарды таңдау үшін дәрігердің кеңесін алған маңызды. Дене қызуы 38,5-тен жоғары болған жағдайда ғана төмендетілуі тиіс.

Алкоголь қосылған препараттар

Салқын тиюге қарсы қоспалы құралдар (мәселен, алкоголь қосылған сироптар) басқа дәрілермен әрекеттесуі немесе жанама әсерлерді – ұйқышылдық немесе бас айналуды тудыруы ықтимал.

Суық тию мен тұмау кезіндегі қандай жағдайда дәрігер антибиотиктерді тағайындауы мүмкін

Антибиотиктер салқын тию және тұмау секілді вирустық инфекцияларға қарсы тиімсіз болып келеді, өйткені олар тек бактериялық инфекцияларға ғана әсер етеді. Дегенмен кейде дәрігер оларды тағайындай алады – егер вирустық жұқпаның аясында бактериялық инфекция басталса. Мысалы:

  1. Бактериялық асқыну – пневмония, бронх қабынуы, қойнаудың қабынуы, отит.
  2. Ұзақ уақытқа созылған жоғары температура – қызуды басатын дәрілердің қабылданғанына қарамастан, 3-5 күннен артық сақталатын дене қызуы, әрі егер хал-жағдай нашарлай түскенде: жөтел күшейгенде, кеуде тұсында, әрі құлақтың ауырсынуы басталғанда, сары немесе жасыл түсті қою шырыштың бөлінуі.
  3. Созылмалы ауруларға шалдығу – қант диабеті, жүрек немесе өкпе аурулары иммунитетті әлсіретеді. Дәрігер бактериялық асқынудың алдын алу үшін антибиотиктерді тағайындауы мүмкін.

Дәрігерге қашан барғаныңыз абзал

  • Егер дене қызуы бірнеше күн бойы түспесе немесе жоғарыласа.
  • Кеуде тұсы, құлақ немесе мұрынның қатты ауырсынуы.
  • Егер симптомдар нашарласа немесе 7-10 күннен кейін де кетпесе.
  • Егер іріңді шырыш пайда болса немесе тамақ ішкенде тамағыңыз ауырса.

Қорытынды

Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз және дәрігердің көмегіне уақытында жүгінгеніңіз абзал. Дәрі-дәрмектерді, әсіресе антибиотиктерді бұрыс пайдалану (өйткені олар вирустарға әсер етпейді) жанама әсерлерге, бактериялар тұрақтылығының дамуы мен асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал мөлшерлемесі дұрыс болмаған жағдайда немесе дәрілер уақтылы қабылданбаса, ауру белгілерін бүкпелеуге болады, әрі бұл дәрігерге пневмония секілді ауыр дертті дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермейді.

Салқын тию мен тұмауға қарсы күресте ең бастысы – бұрыс емдеу арқылы өзіңізге зиян келтіріп алмау. Есіңізде болсын: интернеттен алынған кеңестерден гөрі дәрігердің кеңестері әрдайым сенімді болмақ. Ағзаңызға қамқорлық танытыңыз, иммунитетіңізді нығайту үшін оны дәрумендермен қамтамасыз етіп отырыңыз және бір рөмке арақ сияқты дақпырттардан аулақ болыңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.