Никотин және оның әсері: темекі шегуден болатын зиянды азайту жолдары

Темекі бақыт көзі іспетті

Ася Казанцева: неліктен біз шылым шегуді ұнатамыз және зардабын азайта отырып шегудің амалы

«НиЖевред» ғылыми журналист Ася Казанцеваның қалайша никотин бізді биохимиялық деңгейде позитивке толтыратыны туралы дәрісін зерттеді. Тағы да бір еске салу үшін: бақыт сыйлайтын қарапайым темекіні – баламалы, әлдеқайда қауіпсіз түріне алмастыруға әбден болады.

(Читайте статью на русском языке здесь)

НЕЛІКТЕН АДАМДАРДЫ НИКОТИН БИЛЕЙДІ?

Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Шылықұмарлардың темекіге деген құштарлығы никотиннің адам ағзасында дофамин гормоны және нейромедиаторының шығарылуын ынталандыратынымен шартталған. Бұл миымыздың көтермелеу, яғни марапаттау жүйесінің ажырамас бір бөлігі және жағымды оқиғалар барысында көп мөлшерде бөлінеді. Мысал келтіретін болсақ, тіл үйіретін стейкті көрген кезде немесе таңертеңгі ауыздықсыз жыныстық қатынас сәттерін айтуға болады.

 

Нәтижесінде адам осыған дейін ағзадағы дофаминнің бөлінуіне әкелген әрекетті қайта-қайта қайталағысы келіп тұрады. Біз келтіріп отырған жағдайда адам үздіксіз темекі қорабына қол созып отырады.

 

«Шылым шегушілерде көтермелеу жүйесі, тіпті, темекінің суретіне-ақ өте жақсы белсенді бола түседі де, ал ақшалай және тағамдық стимулдарға – белсенділігі өте нашар. Демек, шылымқұмар кез келген басқа қалыпты нәрселерден әлдеқайда аз ләззат алады», – деп сендіреді Казанцева.

 

Бұл адам ағзасының никотинге деген реакциясының өте қарапайым сызбасы. Дегенмен ол адамның темекіні тарту әдетіне ұзақ уақытқа әуестенудің себебін толықтай түсінуге мүмкіндік береді.

 

НИКОТИННІҢ ПАЙДАСЫ ТУРАСЫНДА

Жақсы жаңалық та жоқ емес, никотин – өзінің үйреніп кету қабілеттілігінен бөлек, бірқатар елеулі бонустар жиынтығына да ие болып отыр. Мәселен, оның концетрациясы төмен болса, ол ми жұмысын жақсартады. Сонымен қатар оны медициналық және фармакологиялық мақсаттарда да қолданып келеді: ауруды басатын дәрі-дәрмек, Паркинсон және Альцгеймер аурулары, ұшық және ойық жаралы колитті емдеуге арналған құрал ретінде пайдаланылады. Никотин, тіпті, адамның ағзасында да кездеседі: оны бауыр шығарып отырады әрі ол зат алмасу үдерісіне қажетті.

 

Әрі ең бастысы, никотиннің өзін алатын болсақ, ол темекі шегушінің денсаулығына соншалықты зиянды әсер етпейді екен. Шылым шегудің салдарынан пайда болатын барлық аурулар үшін құрамында мыңдаған, әртүрлі заттектер кездесетін темекі түтіні жауапты болып тұр. Және де дәл осы заттектердің жоғары уландырғыштығы сансыз көп зерттеулерде көрсетілген

ҚАРАПАЙЫМ ТЕМЕКІНІҢ БАЛАМАСЫ

Егер белгілі бір нәрсенің алдын алу мүмкіндігі болмаса, онда сол нәрсені басқарып алу керек. Ал егер адамды темекі тарту әдетінен арылтуға қолыңыздан келмесе, онда шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зиянын анағұрлым төмендеткен абзал. Нақ осы ой ғылыми қауымдастықты никотинді тұтынудың түтінсіз өнімдерін ойлап табу идеясына әкелген.

 

Ася Казанцева өзінің дәрісінде осындай өнімдердің үш түрін атап өтеді: снюс, электронды темекі және темекіні қыздыру жүйелері.

Снюс

 

Бұл арнайы жағдайда өсіріліп, айырықша тәсілмен өңделетін және қағаздан жасалған шағын пакеттерге мөлшерлеп қапталатын сұрыпталған темекі. Мұндағы никотиннің үлесі снюсті сору нәтижесінде сілекеймен бірге адамның ағзасына түседі, яғни, бұл жерде ағза мүшелері мен жүйелерін канцерогендермен қамтамасыз ететін және қауіпті патологиялардың пайда болуына әкеліп соқтыратын улы түтін жоқ.

 

Снюс, әсіресе, Швецияда кеңінен таралған. Алайда көптеген елдерде оған (және оның насыбай секілді «жолдастарына» да) тыйым салынып отыр. Соның ішінде Қазақстанда да тыйым бар. Негізі себептері ретінде оған деген қаршадай ғана балалардың ерекше үлкен қызығушылық танытулары және құрамында тосынсыйлар жиі кездесетін майдагерлік жағдайындағы өндіріс келтіріледі. Осындай өнімдердің құрамында кейде зиянсыз құстың саңғырығы ғана емес, сондай-ақ хром, никель, кадмий, қорғасын, күшән және патогендік микробтардың түр-түрі кездеседі екен.

 

Электронды темекі

 

Осындай құрылғылардың ең басты айырмашылығы – бұл жерде темекі мүлдем жоқ, оның орнына шегу барысында буға айналатын, құрамында никотині бар хош иістендірілген сұйықтық қолданылады. Тіпті, жану үдерісі де қарастырылмаған. Зиян келтіретін түтін жоқ. Сонымен бірге шылымқұмар үшін үйреншікті темекі шегу үдерісі, яғни, шылымды ішке тарту, сыртқа шығару жорасы да сақталып отыр.

 

Алайда снюс өндірісіндегідей, электронды құрылғылардың да негізгі түйткілдерінің бірі – қолдан жасалған төмен сұрыпты бұйымдардың көптеп кездесуі болып келеді.

 

Темекіні қыздыру жүйелері

 

Бұл жерде темекі бар болғанымен, ол жанбайды, тек қана 350 °C аспайтын қауіпсіз температураға дейін қыздырылады. Сонымен бірге, мұнда темекі буы пайда болады, дегенмен әдеттегі шылымның түтінімен салыстырғанда оның адам денсаулығына қауіп төндіруі айтарлықтай – 90-95%-ға дейін аз. Бірақ бұл гаджеттерді мүлдем залалсыз деуге болмайды. Әрі өз ағзаңызға деген қамқорлық тұрғысынан жалғыз дұрыс және адал шешім – темекі тартудан біржолата бас тарту болып саналады.

 

Дегенмен, Ася Казанцеваның пікірінше, «әркімнің темекіден қайтыс болуға қасиетті құқығы бар, бәріміз де ересек адамдармыз».

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]