Тамақтанудағы мінез-құлық: тамақ нағыз апат белгісіне айналған кезде
Тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы (ТМБ) ересек адамдардың да, жасөспірімдердің де түйткіліне айналып отыр. Бұл денсаулық пен өмір сапасына айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін. Лайқос дәрігер-диетолог Алмагүл Ержекеновамен мұндай бұзылыстарды қалай айырып тану мен күресуге болатынын талқылады.
Тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы дегеніміз не
ТМБ – бұл психикалық аурулардың тобы. Олардың белгілері – тамақ қабылдау кезіндегі мінез-құлық пен денеге деген көзқарастың бұзылуы.
ТМБ–ның негізгі түрлері:
- Тәбетсіздік. Адам артық салмақ қосу қорқынышы салдарынан саналы түрде тамақты аз жейді. Мұндай адамдар көбінесе өз денесін бұрмаланған көзқараспен қабылдайды: қатты жүдеп кеткеніне қарамастан, «майлы» мықындарын байқайды.
- Мешкейлік. Адам алдымен тамақты шамадан тыс жеп қояды, ал кейіннен әдейі құсады, іш өткізгіш дәрілерді теріс пайдаланады, әбден әлсіреп қалғанша дейін өзін спортпен азаптайды. Мешкейлікке тап болған адамдар көбінесе жасаған әрекеттері үшін ұят пен кінәлік сезімдерді бастан кешіреді.
- Обсессивті-компульсивті артық тамақтану. Адам қарын ашу сезімінен емес, мазасыздықты басу мақсатында тамақтанады. Мәселен, «Мен 10 піспенанды тауыспағанымша тоқтай алмаймын, әйтпесе күнім жаман өтеді».
- Невроздық артық тамақтану. Тамақ өзін-өзі тыныштандырудың тәсіліне айналады: адам басшысымен араздасқаннан кейін үйіне келеді де, тортты тұтастай жеп қояды.
Аса қатты таралмаған бұзылыс түрлері де бар: орторексия (дұрыс тамақтануға деген жабысқақ талпыныс), диеталық тәуелділік (тұрақты түрде диеталарды ұстану, тамақтануды шектеу).
ТМБ себептері неде
- Сұлулық стандарттарының қысымы
- Отбасылық нұсқаулар мен «Тауысып же, әжеңді ренжітіп аласың» секілді сөздер
- Өмірде болған жарақаттар немесе зорлық-зомбылық
- Перфекционизм мен бақылау қажеттілігі
- Өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі
- Жасөспірім шақтағы салмақ немесе сыртқы келбетке байланысты мазақтау
- Генетикалық бейімділік
- Мазасыздық пен күйзеліс
ТМБ бар–жоғын қашан тексерген абзал
Егер сізде немесе жақын адамыңызда келесі белгілер көрініс тапса, мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс: тамақ, калориялар, салмақ, сыртқы келбет туралы жабысқақ ойлар; көңіл-күйдің жиі құбылуы, тынышсыздық, депрессия; жалғыз отырып, не болмаса жасырын түрде тамақтану әдеті, «жазалау» мақсатында қалжырататын жаттығулар; іш өткізетін дәрілерді, лоқсуды, несеп айдайтын дәрілерді қолдану; қатаң диеталар, белгілі бір азық-түлік түрлерінен бас тарту.
ТМБ-ның физикалық және психологиялық салдары
- Гормоналды бұзылыстар (етеккір циклының бұзылуы)
- Асқазан-ішек жолына байланысты түйткілдер, шаштың түсуі, терінің құрғақтығы
- Аритмия, әлсіздік, құмартудың жоғалуы
- Ең ауыр жағдайда – өлім
- Жүрек-қан тамырлары жүйесіне қатысты мәселелер
- Сүйек жүйесіне байланысты түйткілдер (остеопороз)
- Асқазан-ішек жолына байланысты мәселелер (іш қату, жүрек айну)
- Иммундық жүйенің әлсіреуі
- Мазасыздық, үрейлі шабуылдар, депрессия
- Әлеуметтік оқшаулану, кездесулерден қашқалақтау
- Зейін қою түйткілдері
Неден бастаған жөн
Бұл жайт бірінші кезекте не нәрсе мазалайтынына байланысты. Егер дәрумендер мен нәрлі заттар жетіспеушілігінің белгілері байқалса, онда терапевт маманына, содан кейін диетологқа барған абзал. Егер психикалық хал-жайға байланысты түйткілдер болса, онда алдымен психотерапевтке, ал сосын диетологтың қабылдауына жүгіну керек. Диетолог, ең алдымен, белгілері онша айқын болмаған кезде және маманмен жай ғана сөйлесу мен ас үлесін өзгерту арқылы жағдайды түзетуге болғанда ғана керек, дегенмен мұндай жағдаяттар сирек кездеседі. Ең дұрысы, әсіресе, асқынған жағдайларда, барлық дәрігерлердің көмегі бір уақытта көрсетілуі қажет.
Қай дәрігерге бару керек және мәселені өз бетімен шешуге бола ма
- Психотерапевт немесе психолог себептерін анықтау мен психотерапия әдістерін таңдауға көмектеседі. Топтық терапияға қатысуға болады, мұнда өзара қолдау адамның жазылып кетуіне септігін тигізеді.
- Психиатр бұзылыстарды диагностикалайды (депрессия, мазасыздық), қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекті тағайындайды.
- Диетолог немесе нутрициолог тамақтануды түзетеді, тағамдық әдеттерді қалпына келтіру мен нәрлі заттардың тапшылығына жол бермеуге көмектеседі.
- Эндокринолог гормоналды бұзылыстарды анықтайды (мәселен, етеккір циклының бұзылуы, зат алмасуға байланысты түйткілдер).
- Терапевт денсаулықтың жалпы жайын бағалайды, ТМБ салдарын білу үшін талдауларды тағайындайды.
- Невролог маманы ТМБ-ның жүйке жүйесіне деген әсерін зерттейді (бас ауруы, әлсіздік, қимыл-қозғалыс үйлесіміне қатысты мәселелер).
ТМБ кезінде не көмектесе алады
Тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуымен жұмыс істеудің мінсіз жүйесі – бұл параллельді психотерапия, тамақтану бойынша кеңес беру, айналадағылардың қолдауы мен жаман әдеттерден бас тарту.
Маңызды: ТМБ кезінде темекі тарту мен алкоголь секілді жаман әдеттер күйзеліске төтеп беру немесе салмақты қадағалаудың әдісіне жиі айналады. Алайда олардан бас тарту – қалыпқа келу жолындағы маңызды қадам: бұл физикалық жағдайды да, сол секілді психикалық жағдайды да жақсартады.
Егер сіз әзірге жаман әдеттеріңізден біржолата бас тартуға дайын болмасаңыз, бұл – қалыпты нәрсе. Шағын заттан бастаңыз: мәселен, темекі тартудың орнына хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар темекіні жандырмайды, тек қана қыздырады. Олардың артықшылығы түтіннің түзілмеуінде жатыр, ал соңғысының құрамында 7 мыңнан астам уытты заттек бар, нақ осыншама залал дәстүрлі темекіні шеккенде пайда болады. Дегенмен ең дұрыс шешім – жаман әдеттерден толықтай бас тарту.
Жақын адамдар қалай көмектесе алады
Қамқорлық таныта отырып, мін тақпай сөйлесіңіз. Мысалы: «Мен сенің қиналып жүргеніңді байқап жүрмін. Саған қалай көмектесе аламын?» Бұл тұста кеңес берудің орнына, тыңдай білген маңызды, әрі маманның көмегіне жүгінгенді ынталандырған абзал. Келесідей сөздерден аулақ болыңыз:
- «Өзіңді қолға ал»
- «Сен арықтап/семіріп кетіпсің»
- «Өңің өзгеріп, жүзің шырайланып кетіпті ғой»
- «Сен дұрыс тамақтанбайсың»
- «Сен тым қатты уайымдайсың»
Сыртқы келбет туралы, тіпті, ақ пейілмен айтылған ескертудің өзі көңілге қаяу түсіруі мүмкін. Оданда қолдау танытқан, қабылдаған және маманды табуға көмектескен дұрыс.
Қорытынды
ТМБ – бұл тамақ жайлы емес. Бұл ауыру, мазасыздық, бақылау мен махаббатқа деген қажеттілік турасында. Бұл ішіңіздегі дауыстың: «Сенің түрің онша емес» деп айтатыны жайында. Сауығып кетудің жолы бар, дегенмен ол оңайлықпен келмеуі мүмкін. Адамдардың көбі ТМБ өмірлеріне енді әсер етпейтіндей тұрақты жағдайға қол жеткізіп отырады. Өзіне де, өзгелерге де қолдау, әрі түсіністік таныту арқылы.