Темекі иіс газын шығарады. Неліктен мұны шылымқұмарларға білген маңызды - Лайқос

Темекі иіс газын шығарады. Неліктен мұны шылымқұмарларға білген маңызды

Өндіріс стандарттарына сәйкес бір темекі жанған кезде бөлінетін тұншықтырғыш газдың мөлшері 10 мг аспауы тиіс. Бір қарағанда көп емес сияқты, алайда бұл адам ағзасына қалайша әсер етеді және зиянды мүмкіндігінше төмендету үшін не істеуге болады?

Сақ болыңыздар, тұншықтырғыш газ

Тұншықтырғыш газ – бұл жану барысында бөлініп шығарылатын көміртегі мен оттегінің қосылысы. Оның түсі, дәмі және иісі болмайды, дегенмен уландырғыш қасиеттері бар – ол адам ағзасындағы оттегінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Адам мұндай жағдайға, мәселен, өртке ұшыраған кезде немесе көліктің пайдаланылған газын деммен бірге жұтқанда тап болуы мүмкін.

Өкпеге түскен кезде СО қанның ішіне еніп кетеді. Бұл жерде ол гемоглобинмен қосылады да, әрі оны оттегіні жеткізу қабілетінен айырады. Қарапайым тілмен айтар болсақ, қан «тыныс алуды» тоқтатады, осылайша оттегінің жетіспеушілігі басталады.

Ми, жүрек және басқа мүшелерге де қауіп төніп тұр

СО жұтқан кезде ми ғана емес, сонымен бірге жүрек те зардап шегеді. Адам ағзасы эритроциттер – қызыл қан түйіршіктерін шығаруды арттыру арқылы оттегі жетіспеушілігінің орнын толтырады. Қан қоюлана түседі, ал жүрекке анағұрлым күштірек жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан шылымқұмарлар арасында инфаркттар мен инсульттерге душар болу жағдайлары жиі кездеседі.

Шын мәнісінде оттегінің жетіспеушілігінен ағзаның барлық жүйелері де зардап шегеді: жүйке жүйесінің жасушалары өледі, ал бұлшықеттер нашар жұмыс істейді.

Үнсіз жан алғыш

Ауа құрамындағы СО мөлшерінің, тіпті, төмен көрсеткішінің өзі тұншығу мен бастың ауырсынуын тудырады. Бұл тұста бірнәрсенің дұрыс еместігін байқамай қалуға да болады: өйткені тұншықтырғыш газ көзге көрінбейді, әрі оның иісін сезуге болмайды.

Жанып тұрған темекідегі СО концентрациясы аса көп емес, дегенмен оның жинақталу қасиеті баршылық. Жинақталған тұншықтырғыш газ мөлшерінің тек жартысынан ғана құтылу үшін сегіз сағат қажет болады. Демек, шылымқорлар созылмалы интоксикацияға ұшырайды екен.

Иіс газының зиянын қалай төмендетуге болады

Тұншықтырғыш газдың әсеріне түспеуге әбден болады – ол үшін темекі шегуден бас тарту қажет. Не болмаса, кем дегенде, ешнәрсені жақпаған абзал. Дәл осындай қағидат бойынша түтін шығармайтын темекінің балама нұсқалары жұмыс істейді – жабыстырғыштар, сағыздар, хиттерлер (темекіні қыздыруға арналған жүйелер). Соңғылары, мәселен, темекіні жақпайды, оны тек қыздырады да, әрі зиянды тұншықтырғыш газды 98% азырақ бөледі.

Темекінің қандай баламасын таңдау – мұны сіз өзіңіз шешесіз. Ең бастысы – олардың ешқайсысын да толықтай қауіпсіз деп санауға болмайтынын естен шығармағаныңыз абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 1]