Тісті кәсіби тазалау: тіс дәрігері жасайтын процедура жайында

Тісті кәсіби тазалау: ол не үшін керек және кімдерге жарамды

Тісті таңертең және кешкісін тазалау өте маңызды. Ал тістің бетінде пайда болатын өңез бен тасқа қарапайым щетканың шамасы келе ме? Стоматологтар тісті кәсіби түрде тазалау үшін жарты жылда бір рет келіп тұруға кеңес береді. Лайқос тіс дәрігері Сергей Винокуровтан процедураның барысы қалай өтетінін, ол не үшін қажет және біздің денсаулығымызға қалай әсер ететінін сұрастырды.

Тісті кәсіби тазалау дегеніміз не

Халықаралық зерттеулердің мәліметтері бойынша 10 ересек адамның төртеуі тіс дәрігеріне жиі бармайды, ал әрбір төртінші адам құрамында фторы бар пастамен тісін күніне екі рет тазаламайды екен. Мұндай әдеттер уақыт өте келе тіс өңезінің жинақталуына, қызыл иектің қабынуы мен дәрігердің көмегінсіз түзетуге болмайтын басқа да түйткілдерге апарып соқтырады.

Кәсіби тазалау – бұл стоматолог-гигиенашы жүргізетін процедура. Қажетті құралдар мен аппараттардың көмегімен ол үйде тазалауға келмейтін тіс өңезінен, тастар мен пигменттенуден құтқарады.

Стандартты процедураға не кіреді:

  1. Ультрадыбыстық тазалау қатты тастарды бұзады және кетіреді.
  2. AirFlow – дақтар мен өңезді жұмсақ түрде алып тастайтын ауа, су және соданың ағыны.
  3. Жылтырату тіс өңезінің жиналмауы мақсатында тістің бетін тегіс қылады.
  4. Фторлау (көрсетілімдер болса) тіс кіреукесін қатайтады және сезімталдықты төмендетеді.

Процедура мүлдем қауіпсіз: заманауи ультрадыбыстық ұштықтар тіс кіреукесі мен қызыл иекті жарақаттамай, жұмсақ жұмыс істейді.

Vector аппараты секілді анағұрлым тереңірек нұсқасы да бар. Оны қызыл иек қабынған кезде немесе оның астында тіс тасы болғанда қолданады. Vector қол жеткізу қиын жерлерді тазартады, бактериялар мен өңезді кетіреді, алайда мұны жұмсақ түрде және ауырсынуға жол бермей жасайды.

Неліктен тіс щетканың өзі жеткіліксіз

Үй жағдайындағы гигиена, тіпті, мінсіз болған күннің өзінде де, тазалағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң тіс өңезі пайда болады. Уақыт өте келе ол минералданып, бактериялар үшін тамаша орта – тіс тасына айналады. Бұл бактериялар қызыл иектің қабынуын (гингивит), жағымсыз иісті, тісжегі мен пародонтитті тудырады.

Мұндай аурулардың алдын алу үшін тіс дәрігерлерінің қабылдауына барып тұрған абзал – тісті кәсіби тазалау қызыл иек пен тіс кіреукесінің денсаулығын сақтайды. Сонымен бірге: ауыздағы созылмалы қабыну жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады, ас қорыту үдерісіне қатысты түйткілдерді тудырады. Асқазан-ішек жолының аурулары да ауыз қуысының күйіне әсер етеді: сілекейдің құрамы өзгереді, құрғақтық, жағымсыз иіс пен тістің сезімталдығы пайда болады. Гастрит және рефлюкске шалдыққан кезде асқазаннан шығатын қышқыл тіс кіреукесін бұзуы мүмкін, сондықтан тісті ғана емес, сондай-ақ асқазанды да емдеген маңызды.

Тісті қалай күту керек: ауыз қуысының денсаулығы бойынша нұсқаулық
Егер тісті сирек немесе бұрыс тазалап жүрсеңіз, онда қабыну, тісжегі және, тіпті, жүрекке байланысты түйткілдерге…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/tisti-qalaj-kutu-kerek/

Эстетика мәселесі

Тазалағаннан кейін тіс әлдеқайда ақшылдау бола түседі – шамамен 1-2 реңкке ағарады. Бұл ағарту емес, бұл кофе, шай, шарап немесе темекіден болатын сары өңезден құтылудан кейінгі тіс кіреукесінің табиғи түсін қайтару болып отыр.

Кәсіби тазарту жымиысыңызды жақсартады, ауыз қуысындағы жағымсыз иісті кетіреді және деміңізді балғын етеді. Оған қоса бұл, егер ағарту процедурасын жасап үлгерсеңіз, одан болатын нәтижені ұзақ уақытқа созуға көмектеседі.

Тісті дәрігерде қаншалықты жиі тазалату қажет

Ең оңтайлысы, қызыл иегіңіздің десаулығы жақсы болса, әрі сіз темекі шекпесеңіз, онда 6 айда бір рет тазалаған абзал.

Алайда кейбір адамдарға тазалауды жиірек жасаған жөн:

  • шылымқұмарларға (тіс өңезі мен дақтардың жылдам түзілуі салдарынан),
  • кофе, шай және қызыл шарап әуесқойларына,
  • брекеттер, импланттар немесе протездері бар адамдарға,
  • пародонтитке бейім келетіндерге.

Темекі тарту және ауыз қуысының денсаулығы

Шылымқұмарларда тіс өңезі мен тас айтарлықтай жылдам түзіледі. Шайыр тіс кіреукесін сары немесе қоңыр реңкке бояйды, ал никотиинің салдарынан қызыл иектің тамыралы тарылады, осының нәтижесінде олардың жазылуы да нашарлай түседі. Темекі түтіні де сілекейдің құрамы мен өндірілуіне кері ықпалын тигізеді – бұл ауыздың табиғи тазалануының басты құралы. Қалыпты жағдайда сілекей тіс кіреукесінің бетінде қорғаныс үлдірін құрады да, ол өз кезегінде өңездің жабысуына жол бермейді, дегенмен түтіннің әсерінен бұл механизм бұзылып, тіс шөгінділерінің түзілуі жылдамдай түседі.

Кәсіби тазалау пигменттелудің басым бөлігі мен иісті алып тастауға көмектеседі, дегенмен ол темекі тартудың келтіретін зиянның орнын толықтай баса алмайды. Сонымен бірге шылымқұмарларда, тіпті, тұрақты түрде сақталатын үй гигиенасы кезінде де қызыл иек аурулары мен тістен айырылып қалу қаупі жоғары болып қала бермек.

Темекі тартудың барлық салдарынан аулақ болу үшін ең дұрысы шылым шегуден біржолата бас тарту екені шүбәсіз. 2018 жылы ересек шылымқұмарлардың шамамен 55%, кем дегенде, жылына бір рет темекі тастауға талпыныс жасаған еді, алайда небәрі 8% жуығы ғана 6-12 ай бойы темекі тартпауға шыдай алған. Егер сіз әзірге шылым шегуден мүлдем бас тартуға дайын болмасаңыз, кішігірім қадамнан бастаңыз – шегілетін темекінің санын қысқартыңыз, хиттерлерді қарастырыңыз. Дәстүрлі темекіге қарағанда олар құрамында 7000 астам химиялық қосылыстары, соның ішінде канцерогендер, тұншықтырғыш газ, шайыр мен уытты заттектері бар темекі түтінін түзбейді. Алайда денсаулық үшін ең жақсы шешім – темекі тартудан біржолата бас тарту.

Тісті тазалағаннан кейін нәтижесін сақтап қалудың жолы

  • тісіңізді күніне екі рет қылшығы жұмсақ щеткамен тазалаңыз,
  • кәсіби тазалаудан кейін тіс щеткасын алмастырыңыз,
  • тіске арналған жіпті, шайғыш пен ысқыштарды қолданыңыз,
  • тістердің арасындағы аралықты тазалауға арналған ирригаторды қосыңыз,
  • құрамында фтор немесе кальций бар пастаны таңдаңыз (тіс дәрігерінің ұсынысы бойынша),
  • тазалаудан кейін бірінші күндері болса да, кофе, қызыл шарап пен темекі тартуды шектеңіз.

Қорытынды

Кәсіби тазалау – бұл денсаулыққа деген инвестиция. Ол тісжегіден құтылуға, қызыл иекті сау қалпында, әрі жымиысыңыздың әдемілігін сақтауға көмектеседі. Егер, тіпті, үй жағдайында тісіңізге күтім жасап жүрсеңіз де, жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралу болашақта пайда болуы мүмкін түйткілдерден құтқара алады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.