Созылмалы тонзиллит: неліктен ауру пайда болады, оның белгілері мен бадамша бездерді қай уақытта алып тастау керек

Созылмалы тонзиллит: ол неге пайда болады

Кейде адам жылдар бойы ауыздан шығатын жағымсыз иісті немесе бадамша бездеріндегі түйіндерді маңызды емес мәселе ретінде қабылдайды да, мұның созылмалы қабыну үдерісінің көрінісі екенін білмей жүреді. Лайқос дәрігер-оториноларинголог Гүлия Аманғалиевамен созылмалы тонзиллиттің неліктен дамитыны, оның ангинадан несімен ерекшеленетіні, оның қалай емделетіні мен қандай жағдайда ота жасату қажеттілігі туындауы мүмкін екендігі жайында әңгімелесті.

Созылмалы тонзиллит дегеніміз не

Созылмалы тонзиллит – бұл таңдай бадамшаларының ұзақ уақыт қабынуы. Басқа да созылмалы патологиялар секілді оның да салыстырмалы тыныштық (ремиссия) пен асқыну кезеңдері кезектесіп отырады.

Оған вирустық және бактериялық инфекциялар, жиі болатын ангиналар, ағзаның жергілікті немесе жалпы қорғанысының төмендеуі себеп болады. Ауыз қуысының аурулары, соның ішінде тіске байланысты түйткілдер қосымша рөл атқарады, сол себепті тіс пен қызыл иектің жағдайын үнемі қадағалап отырған маңызды.

Тонзиллитті ангинамен жиі шатастырып жатады. Ангина – жіті ауру, әрі ол тамақтың қатты ауырсынуымен, жоғары температурамен, қалтыраумен және жалпы көңіл-күйдің нашарлауымен бірге жүреді.

Созылмалы тонзиллит әлдеқайда байқаусыз өтуі мүмкін. Ремиссия кезеңінде дене қызуы мен қатты ауырсыну болмайды, дегенмен адам аузынан шығатын жағымсыз иісті, бадамша бездеріндегі ақ немесе сарғыш түйіндер мен тамақтағы ыңғайсыздықты байқайды. Кейбір науқастар температураның 37°C дейін сәл көтерілетінін айтады, алайда бұл белгі тонзиллитке мүлдем тән емес.

Созылмалы тонзиллиттің қандай белгілері болуы мүмкін?

Аурудың өзіне тән басты белгісі – бадамша бездеріндегі түйіндер. Олар шұңқыршаларда (тіндер арасындағы қуыстар) түзіледі және құрамында бактериялар, жасушалардың қалдықтары және басқа да компоненттер болады.

Басқа да жиі кездесетін көріністері:

  • Ауыздан шығатын жағымсыз иіс.
  • Тамақта қандай да бір зат тұрғандай немесе оның қышуы.
  • Жұтыну кезіндегі ауырсынумен бірге жүретін мезгіл-мезгіл асқынулар.

Белгілердің айқындылығы әркімде әрқалай жүріп жатады, сондықтан түйіндерге бола диазнозды өз бетімен қою орынсыз.

Созылмалы тонзиллит басқа мүшелерге әсер ете ала ма?

Кейбір жағдайларда созылмалы тонзиллит нысана-мүшелер деп аталатын ағзалардың зақымдануымен байланысты болып келеді, мәселен, жүрек, бүйрек және буындар. Дәл осы асқыну жағдайлары мен жиі болатын өршулердің салдары мәселені хирургиялық емдеу арқылы шешуде негізгі факторға айналады.

Егер ангиналардан кейін немесе тонзиллит кезінде буындарда біртүрлі ауырсыну сезімі, ісінулер, несеп шығарудағы өзгерістер немес жүректің ауыруы пайда болса, мұның барлығын автоматты түрде бадамша бездеріне аудармай, шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Созылмалы тонзиллитті қалай анықтайды?

Диагнозды дәрігер-оториноларинголог (ЛОР) қояды. Маман емделушінің шағымдарын бағалайды, ауыз жұтқыншақты, таңдай бадамшалары мен лимфа түйіндерін тексереді. Қажет болған жағдайда микрофлора мен оның антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтау мақсатында жұтқыншақтан жағынды алу тағайындалады. Дәрігер талдамаларды ғана емес, сонымен бірге жалпы клиникалық жағдайды, яғни, асқыну жайттарының жиілігі мен тіндердің жай-күйін ескереді.

Созылмалы тонзиллитті қалай емдейді?

Консервативті әдіс-тәсіл бадамшалардың шұңқыршаларын жуып-шаю мен ЛОР маманының тағайындауымен физиотерапияны (санация процедурасын жарты жылда бір рет өту ұсынылады) қамтиды.

Ішкі мүшелер жағынан асқыну жағдайлары жиі болып жатса, маман хирургиялық емдеуді – тонзиллэктомияны (таңдай бадамшаларын алып тастауды) ұсынуы мүмкін. Бадамша бездерін алып тастау адамды тамақтың жұқпа аурулары алдында өмір бойы қорғаусыз етпейді, алайда ота жасату туралы шешім әрдайым қатаң түрде көрсетілімдер бойынша ғана қабылданады.

Жаман әдеттер бадамша бездерінің күйіне ықпал ете ме?

Шылым тару созылмалы тонзиллиттің туындауы мен асқынуына септігін тигізуі ықтимал, сонымен бірге бұл жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатының созылмалы қабынуын сақтайды.

Темекі түтінінің ықпалы шырышты қабықты тітіркендіреді, оның қорғаныс механизмдерін бұзуы және қабыну үдерісінің сақталуына жағдай жасауы бек мүмкін. Тексеру барысында шылым шегетін адамдарда жұтқыншақтың созылмалы қабыну белгілері жиі анықталып жатады. Егер созылмалы тонзиллит осыған дейін анықталған болса, темекі тарту кезекті асқынуды қоздыратын факторлардың біріне айналады.

Шылым шегуден біржолата бас тарту – темекі түтінінің шырышты қабық пен тыныс алу жолдарына деген ықпалын азайтудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып келеді. Егер әзірге темекіден құтылуға дайын болмасаңыз, хиттерлерді қарастырып көріңіз. Жану үдерісінің жоқтығынан шайыр мен тұншықтырғыш газ түзілмейді, ал темекі түтінімен салыстырғанда көптеген зиянды және ықтимал залалды заттектердің деңгейі, соның ішінде бірқатар канцерогенді қосылыстар да, азырақ болып келеді.

Алкоголь шырышты қабықты тітіркендіреді және оның қорғаныс механизмдеріне әсер етеді.

Салқын тию де қоздырушы факторға айналуы бек мүмкін: жергілікті қанайналым мен шырышты қабықтың қорғаныс механизмдерінің өзгеруі әлдеқашан пайда болған шартты залалды микрофлораның белсендірілуіне жағдай туғызады. Сонымен бірге кондиционер немесе балмұздақ өздігінен созылмалы тонзиллиттің себебі бола алмайды. Ең алдымен, факторлардың қосындысы мен адамның суық тиюге деген жеке шалдыққыштығы маңызды.

Дәрігерге қашан шұғыл түрде қаралған жөн?

Егер тамақтың ауырсынуы қатты әлсіздікпен, жоғары температурамен, қалтыраумен бірге жүрсе, не болмаса тыныс алу мен жұтынуды қиындатса, кідірместен медициналық көмекке жүгінген абзал. Әсіресе, тұншығу сезімі мен тамақтың кенет ісінуі аса қауіпті болып есептеледі.

Егер, тіпті, аурудың белгілері өздігінен кетсе де, жиі болатын ангиналар – ЛОР маманынан кеңес алу үшін салмақты себеп.

Асқыну жағдайларының санын азайтудың жолы қандай?

Иммунитетті нығайту үшін толыққанды ұйқы, теңдестірілген тамақтану, белсенділік пен сапалы демалыс өте маңызды.

Бұл тұста ауыз гигиенасы да ерекше мәнге ие: тіс дәрігерінде тісжегі мен қызыл иек ауруларын тұрақты түрде емдеу адам ағзасындағы қосымша инфекция көздерін жояды. Диагнозы белгіленген емделушілер ЛОР-дәрігерінде бадамшалардың профилактикалық санациясынан уақытында өтіп отыруы мен қоздыратын факторлардың әсерін барынша азайтуы қажет.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.