
Неліктен шылымқұмарға иіс газы туралы білген маңызды
Әрбір шегілген шылым – бұл никотин ғана емес, сонымен бірге тұншықтырғыш газдың (СО) бір порциясы. Ереже бойынша бір темекі жанған кезде осы заттектің мөлшері 10 мг артық бөлінбеуі тиіс. Алғаш қарғанда бұл сан өте аз болып көрінеді, дегенмен ағза үшін бұл нағыз үлкен сынақ. Лайқос «көзге көрінбейтін жаудың» біздің денсаулығымызға қалай әсер ететіні мен қауіптерді төмендетуге бола ма екендігін анықтады.
Иіс газы дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Тұншықтырғыш газ – бұл жанудың жанама өнімі. Оның түсі де, иісі де, дәмі де болмайды, сондықтан оны байқау мүмкін емес. Басты мәселе оның – «табиғи тұншықтырғыш» екенінде жатыр.
Сіз шылымды ішке тартқаныңызда СО сол сәтте өкпеге еніп, бірден қанға сіңіп кетеді екен. Бұл жерде ол өзін аса агрессивті ұстайды: өмірлік маңызға ие оттегімен салыстырғанда ол гемоглобинмен 200 есе жылдамырақ қосылады. Осы тұста мынадай қосылыс түзіледі – карбоксигемоглобин. Нәтижесінде қан оттегіні ағзаның мүшелеріне тасымалдау қабілетінен айырылады. Бұл кезде дәрігерлер гипоксия (оттегінің жетіспеуі) деп атайтын жай-күй басталады.
Бүкіл дене – соққы астында
Қандағы «ауа» жеткіліксіздігі салдарынан бүкіл ағза зардап шегеді, алайда негізгі соққы жүрек пен миға тура келеді:
- Жүрек жұмыс істеу үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдаланады: Мүшелерге оттегіні қандай да бір жолмен жеткізу мақсатында ағза артық қызыл қан түйіршіктерін шығара бастайды. Қан қоюланып, тұтқыр бола түседі. Бұл ретте жүрекке осы «қоймалжыңды» екі есе күшпен тартуға тура келеді, ал бұл инфаркттардың қаупін күрт арттырады.
- Тамырларға қауіп төніп тұрады: Қою қан мен тамырлардың зақымданған қабырғаларының үйлесімі – тромбтар мен инсульттерге әкеліп соқтыратын тікелей жол.
- Бұлшықет пен жүйке: қоректенудің тапшылығы салдарынан жүйке жасушалары әлдеқайда тезірек өледі, ал бұлшықетте тұрақты әлсіздік пайда болады.
Созылмалы улану
Тұншықтырғыш газ өзінің жинақталуымен ерекше қауіпті. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, адам ағзасына жинақталған СО мөлшерінің, ең болмағанда, жартысын шығару үшін шамамен 8-12 сағат қажет. Егер адам жиі темекі тартса, оның ағзасы жай ғана тазарып үлгермейді екен. Демек, шылымқор ұдайы интоксикация жағдайында өмір сүріп жатады.
Қауіпті барынша азайтудың жолы қандай?
СО-ның залалды әсерінен құтылудың ең тиімді тәсілі – бұл темекі шегуден біржолата бас тарту екені сөзсіз. Соңғы темекіден кейін небәрі бір тәулік өткен соң қан құрамындағы оттегінің деңгейі қалпына қайта келтіріледі.
Әзірге толыққанды бас тартуға дайын емес адамдар үшін ғылым зиянды төмендетудің тұжырымдамасын ұсынып отыр. Негізгі идея – нақты жану үдерісіне жол бермеу:
- Никотиндік терапия. Жабыстырғыштар мен сағыздар (мүлдем СО бөлмейді).
- Түтінсіз жүйелер (хиттерлер). Мұндағы темекі жанбай, тек қана қыздырылатындықтан, қарапайым шылыммен салыстырғанда бөлінетін тұншықтырғыш газдың деңгейі 98% төменірек болып келеді.
Қорытынды
Мына бір жайтты қаперімізден шығармайық: балама нұсқаларға ауысу уытты жүктемені төмендетеді, дегенмен темекі тартуды тіптен қауіпсіз етпейді. Денсаулық үшін ең жақсы таңдау – бұл таза ауа.