Қазақстан: темекіге ең танымал екі балама қалай ерекшеленеді? - Лайқос

Қазақстан: темекіге ең танымал екі балама қалай ерекшеленеді?

Қыздырылатын темекі бұйымдары (хиттерлер) мен электронды темекі (вейптер) – бұл темекінің түтін шығармайтын баламалары, әрі олар әдетінен бас тартуды жоспарламайтын ересек шылымқұмарлар үшін зияны анағұрлым азырақ таңдауға айнала алады. Алайда екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар, сондықтан шешім қабылдар алдында оларды ескерген өте маңызды.

Егер сіз хиттерлер ме, әлде вейптер ме деген таңдау алдында тұрсаңыз, бірден бірнеше нәрсені ескергеніңіз абзал: бірінішіден, Қазақстанда 2024 жылдың 20 маусымынан бастап вейптердің сатылымына ресми түрде тыйым салынған. Ал сұйықтықтарды арнайы білімсіз, әрі үй жағдайында жасау жалпы өмір үшін қауіпті болуы әбден мүмкін. Екіншіден, вейптермен салыстырғанда хиттерлер сертификатталған өнім болып келеді және жарақат көзі ретінде жаңалықтар легіне ілікпейді: осыған дейін бірнеше рет вейп батареясының жарылуы салдарынан оның пайдаланушысы зардап шеккені турасында хабарланған болатын. Хиттерлер мұндай қауіпті төндірмейді.

Ал енді кәдімгі темекінің баламалары болып саналатын осы екі нұсқаның айырмашылықтарын анықтап көрейік.

Кәдімгі темекі пайдаланыла ма?

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар шынайы темекіні пайдаланады, әрі ол арнайы құрылғының көмегімен белгілі бір температураға (350 °C) дейін ғана жеткізіледі. Бұл никотин мен хош иісті заттектердің жанбай-ақ бөлінуіне мүмкіндік туғызады. Қарапайым темекіге қарағанда мұндай аэрозольдің құрамындағы зиянды заттектердің мөлшері 95%-ға аз болып келеді.

Вейптердің құрамында темекі жоқ. Олар қыздыру үдерісінің нәтижесінде буланатын никотин мен хош иістендіргіштері бар сұйықтықтар негізінде жұмыс істейді.

Түтін бар ма?

Жоқ. Вейптер де, темекіні қыздыруға арналған жүйелер де түтінді түзбейді, өйткені мұнда жану үдерісі жоқ. Оның орнына олар пайдаланушының деммен бірге жұтатын аэрозоль буын шығарады. Дәл осы себептен оларды түтін шығармайтын өнімдер деп атайды, әрі нақ осыған байланысты темекімен салыстырғанда мұндағы зиян айтарлықтай аз.

Ал жалпы никотиннің өзі бар ма?

Қыздыру жүйелеріне арналған стиктердің құрамында никотин бар, әрі ол табиғи жолмен темекіде болатыны хақ.

Вейптерде де никотин баршылық – оны булануға арналған сұйықтықтарға қосады. Кейбір сұйықтықтар никотинсіз болуы да бек мүмкін.

Нені таңдаған дұрыс?

Кез келген шылымқұмар үшін ең жақсы таңдау – бұл темекі мен никотиннен біржолата бас тарту екендігі айқын. Темекінің жану үдерісі кезінде түзілетін канцерогендер, шайыр және тұншықтырғыш газ тыныс алу мүшелері және басқа ағзаларға да едәуір соққы береді. Әдетте темекі тартумен байланыстырылатын қатерлі ісіктер, инсульттер және басқа да ауруларды никотин емес, ал дәл осы заттектер қоздырады.

Егер темекі шегуден бас тарту қолыңыздан келмесе, дәстүрлі темекімен салыстырғанда түтін шығармайтын балама нұсқалардың зияны айтарлықтай төмен болуы мүмкін екенін қаперіңізден шығармаңыз. Жану үдерісін алып тастау жалпы барлық қауіптерден құтылуға көмектеспесе де, залалды химиялық заттектердің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік: темекіні қыздыруға арналған бұйымдарды да, электронды темекіні де мүлдем қауіпсіз деуге келмейді. Өнімнің екі түрінде де адамның әдеттенуін тудыратын никотин бар. Олар зиянды тәуелділігінен бас тарта алмай жүрген немесе әдетінен арылғысы келмейтін тек ересек шылымқұмарларға ғана арналған. Егер сіз темекі тартпасаңыз, онда мұны бастамай-ақ та қойыңыз. Ал егер темекі шексеңіз – бұл әдетіңізден құтылғаныңыз абзал. Егер темекіні тастау қолыңыздан келмесе, зияны анағұрлым азырақ келетін балама нұсқаларды қарастырып көріңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 2]