Темекіден бас тарту үшін миды қалай баптауға болады. Қаладың да, тастадың
Неліктен ойыңдағыны визуализациялау осыншама кеңінен таралған, бұның пандемияға қандай қатысы бар және жаман әдеттерге ие адамдар үшін бұл несімен пайдалы болуы мүмкін? Материалымызда анықтайық.
Жұлдызнама, нумерология, таро карталарына қарап бал ашу және позитивті ойлау тәжірибелері әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралып отыр, сонымен бірге осының бәрі мүмкіндігінше көп ізбасарларды тартуда. Бүгінгі таңда дүниені танудағы баламалы тәсілдердің қоғамда орныққаны соншалық, тіпті, бұл қазіргі заманғы мәдениеттің бір бөлігіне айналған іспетті: медиа құралдары нумерологиялық болжамдарды жарияласа, Instagram желісінде зодиак белгілері туралы мемдер «қыдырып» жүр, ал гурулар мақсатқа жету жолында нәпсіні тізгіндеуге үйеретуде.
Жоғарыда көрсетілген дәстүрлі емес тәсілдер мына бір басты идеяға негізделеді – аңсаған ойыңызға барынша тезірек жету. Дәл осындай мысалға тілектер марафондарының халық арасында кеңінен жайылғандығын да жатқызуға болады, олардың барысында жаттықтырушылар қатысушыларды дұрыс армандауға және жоспарланып отырған жетістіктерді көз алдарына елестетуге үйретеді. Визуализациялаудың балама атауы – манифестинг. Нақ осы ұғым жоспарланған өзгерістердің орындалуын жеделдетуге көмектесетін позитивті ойлаудың үдерісін көрсетіп отыр, мейлі бұл баспана сатып алу, мейлі лайықты серіктесті табу немесе өмірді уландыратын жаман әдеттен бас тарту болсын.
Бәлкім, соңғысы бірнеше себепке байланысты ең үлкен қызығушылықты тудыратын шығар. Біріншіден, өйткені бұл манифестинг туралы, яғни, белгілі бір нәрседен бас тарту емес, тек қана бірдеңені алу немесе тұтыну тәсілі секілді түсініктерді жояды. Екіншіден, себебі бұл шынымен де өмірдің сапасын арттыруға және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен, визуализацияның көмегімен темекіден бас тартудың бірнеше әдісі бар, дегенмен олардың көбісі бірыңғай тұжырымдамаға сәйкес құрылады. Ең алдымен адам жаман әдеті үшін жауапкершілікті өзіне артуы және темекі тарту – өз таңдауының нәтижесі екендігін мойындауы тиіс, демек, ол кез келген мезетте баламалы жолды таңдай алады деген сөз. Содан соң шылымқұмар оны темекіге не итермелейтінін байқап анықтауы қажет. Мәселен, шылымқорлар көбінесе күйзелістен және шылым шеккенде дофаминнің бөлінуіне байланысты темекіге қол созатын көрінеді. Темекі тартуға арналатын үзілістердің ең жиі кездесетін себептерін анықтау триггерлерді болдырмауға немесе азайтуға көмектеседі де, сондай-ақ жайсыздықтың шынайы себебін түсінуге септігін тигізеді.
Жауапкершілікті өз мойнына алғаннан кейін манифестинг зиянды әдеттен бас тартудың себебін табуға ғана емес, сонымен қатар өзіңізді темекі шекпейтін – әлдеқайда сау, жігерлі және өнімді адам ретінде елестетіп көруді ұсынады. Осындай визуализацияның әсерін аффирмациялар арқылы, яғни, медитацияға ұқсайтын позитивті түрдегі өзін-өзі сендіру амалының көмегімен күшейтуге болады. Сонымен бірге манифестингті қолданатын сарапшылар осындай тәжірибелерді күнделікті қайталанатын шаруалар немесе жұмыс міндеттерімен айналыспаған кезіңізде, әрі керекті бейнелерге асықпай зейін қоюға мүмкіндігіңіз болатындай, таңертең немесе ұйықтар алдында пайдалануға кеңес береді.
Темекі тартатын адам дәстүрлі емес әрі көмекке келетін тәжірибенің арқасында жаман әдетінен құтыла алатындығы туралы идеяның тартымдылығына қарамастан, бұл әркімге бірдей жарамды бола бермейді екен. Әсіресе, позитивті ойлаудың күшіне сенбейтін адамдар үшін сәйкес келмеуі әбден мүмкін. Сонымен бірге дүние жүзінде мақсаттарға жетудің анағұрлым оңтайлы тәжірибелері де баршылық. Соның бірі – зиянды төмендету тұжырымдамасы болып саналады. Ол адам денсаулығына деген зиянды барынша төмендететін темекі тарту тәсілдерінің балама нұсқаларын табуға көмектесуге бағытталған. Мәселен, түтінсіз құрылғыларға ауысу, бұл жерде қарапайым темекімен салыстырғанда, жану үдерісі жоқтығының арқасында зарарлы шайыр мөлшері 95%-ға дейін азырақ бөлінеді.
Әрине, визуализациялаудың әмбебап тәсілі жоқ және әрбір әдіс адамға сәйкес келуі де мүмкін, сол секілді тиімсіз де болуы әбден ықтимал. Қолданыстағы тәжірибелерді біріктіретін негізгі нәрсе – сенің әлемге жіберіп отырған ойларыңның белгілі бір оқиғалар немесе өзгерістер арқылы қайта оралатыны туралы идеясында жатыр. Әлбетте, бұл тәсілдің ғылымилығы дәлелденбеген. Сонымен қатар манифестинг тәжірибесі мамандар арасында да нағыз алаңдаушылықты туғызып отыр: күйзеліске ұшыраған адамдар басты түйткіл олардың позитивті ойлағысы келмейтіндігіне байланысты дегенге сеніп, өздерінің эмоционалдық жағдайын одан бетер нашарлатып жіберуі мүмкін.
Дегенмен тәжірибенің адамдар арасында кеңінен жайылғандығын жаман әдеттерден құтылуға деген ұмтылыспен ғана емес, сондай-ақ белгсіздікпен де байланыстыруға болады. Мәселен, Францияның жастары пандемия кезінде жұлдызнама мен таро карталарына белсенді түрде жүгіне бастағаны белгілі. Өз өміріміз бен болашағымыз үшін бақылаудың жоқтығы танымның баламалы әдістерін қарастыруымызға мәжбүр еткізеді, әрі бұл орынды нәрсе – өйткені, тұрақтылыққа деген негізгі қажеттілігімізді қанағаттандыру арқылы біздер мазасыздыққа оңай төтеп беріп, күтпеген жағдайларға бейімделеміз. Сонымен бірге визуализация расында да бір жаңашыл дүние емес. Орнықтылықтан алшақтап, ғарышнама, жұлдызнама немесе балама медицинаға деген қызығушылықтың күрт өсуі адамзат тарихында сан рет кездесіп, қайталанып отырған жайт деуге болады. Бәлкім, мұндағы басты нәрсе олардың кейбір адамдарға өз өмірлерін өзгертуге және мінез-құлқы немесе әдеттеріне байланысты байқылауды сезінуге мүмкіндік беретінінде болар. Бұл, әсіресе, әртүрлі себептердің салдарынан жаман әдеттерінен бас тарта алмай жүрген адамдарға қатысты болып отыр.