Кардиолог Евгений Аверин: «Сау жүректің кепілі – сау немқұрайлылық»
Әйгілі кардиологпен сұхбат
Біз жобасы белгілі кардиолог Евгений Аверинмен кездесіп, жүрек ауруын кеуде тұсындағы басқа ауырсынулардан қалай ажыратуға болатындығын, баспа ауруы мен жүректің ауыр дерттері арасында қандай байланыс бар екендігін, кардиологтың қабылдауына бармас үшін жаман әдеттердің зиянын қалай төмендетуге болатындығы және көптеген басқа да жайттар туралы анықтап алды.
Қарапайым адамдар білуге тиіс жүрек ауруларының ең жиі кездесетін белгілері туралы айтып беріңізші.
– Ең алдымен бұл жерде, бәлкім, адамдардың көбі гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы туралы ойлайтын шығар. Алайда рет-ретімен қарастырып көрейік. Егер гипертензия туралы айтар болсақ, бұл ең көп таралған ауру болып келеді. Көбінесе күретамырлы қысымның көтерілуі (яғни, бұл дегеніміз жоғары күретамырлық қысым) секілді жайттың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер – бұл шүйде аймағындағы ауырсынулар, көз алмасындағы ауырсыну сезімі, самайдағы тамырдың соғуы, көз алдындағы кішкентай қара нүктелердің көрінуі. Сонымен қатар жүрек айнуы, тіпті, лоқсу да (егер күретамырлық қысым жоғары көтерілсе) болуы мүмкін. Осының барлығына да назар аударған абзал.
Екінші маңызды блок – бұл жүректің ишемиялық ауруы. Әдетте бұл дерт туралы адамдар не біледі? Осы кезде төс сүйегінің артында ауырсыну сезімі пайда болады. Алайда бұл әрдайым классикалық сызба бойынша жүре бермейді. Сондықтан – егер мойынның сол жағына, төменгі жақтың сол жағына қарай жаңғырып ауыру болса, сол қолға қарай жаңғырып ауыру және саусақтардың ұйып қалуы сезілсе, демек бұл төс сүйегінің артындағы ауырсыну сезімінің баламасы болуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
Сондай-ақ ең бір қауіпті аурулардың бірі – инсульт туралы айта кеткен дұрыс болар. Егер адам бетінің ассиметриясы байқалса, егер сөйлеу қиынға соқса, егер артикуляция бұзылған болса, егер тілді шығарған кезде ол бір жаққа қарай қисайса, адам күлімсірей алмаса, ауыз бұрыштарының бірі төмен түссе – бұның барлығы да инсульттің белгілері болып келеді. Және де, қол немес аяқ қимылдамаса, тыңдамаса, демек бұл да ишемиялық инсульттің айқын белгілері.
«Жүрек шаншиды» деп айтатын кезімізде «жүрек» ауруы ретінде қабылдайтын ауырсынудың себебі көбінесе кардиологиялық емес деген болжау бар. Бұл рас па?
– Келесі нәрсені анықтауға мүмкіндік беретін дифференциалды диагностика болады: бұл ауырсыну жүрекке қатысты ма, әлде оның себебі жүрекке қатыссыз ба? Айталық, егер адамның кеуде тұсында бір, екі, үш сағат бойы ауырсыну сезімі болса, демек, бұл жағдай жүрекке байланысты емес. Өйткені егер адамда инфаркт болса, онда сол адам бар болғаны 20 минуттан кейін не қайтыс болады, не есеңгіреу халіне душар болады. Сондықтан бірнеше сағат немесе бірнеше күнге созылатын ауырсыну көбінесе жүрек ауруына жатпайтыны анық.
Тағы да бір маңызды белгі – денедегі бөртпелер. Науқаста зостер немесе белдемшелік теміреткі болған кезде – осы тұста пайда болатын ауырсынуларды жүрек аурулары ретінде қабылдап, осылайша адамдар жиі қателесіп отырады. Егер дене терісіне мұқият зер салсаңыз, ол жерде қабырға доғасы бойынша қабыршықтардың пайда болғаны, дененің бөрткені көрініп тұрады. Егер осындай жайттар бар болса, онда бұл көбінесе жүрек ауруларына байланысты жағдай емес. Жүрекке қатыссыз ауырсынулар дене қалыбына байланысты өзгеруі мүмкін. Ал егер жүректің өзі ауырса, адам қалай бұрылып, қалай айналса да, ауырсыну сезімі бірдей бола береді.
Жүрек аурулары мен психологиялық жағдай – тікелей тәуелділік бар ма? Күйзеліс жүрек денсаулығына қалай әсер етеді?
– Әрине, күйзеліс жүрек-қан тамырларының жүйесіне тікелей әсер етеді. Өйткені сонау Ганс Сельенің (күйзеліс теориясының негізін қалаушы ғалым) өзі сипаттаған күйзеліс адам үшін бейімделу реакциясы болып келеді. Дегенмен егер күйзеліс шамадан тыс болса, яғни, күрделі бір жағдайға тап болу, не болмаса ол тұрақты түрде (созылмалы) болса, онда күйзеліс бейімделу реакциясынан қиратушы реакцияға ауысады. Оның патогенезіне – симпатикалық деп аталатын жүйке жүйесінің белсендірілуі кіреді. Мұндай жағдайларда гормондардың орасан зор үлесі бөлініп шығарылады: соның ішінде адреналин, норадреналин, кортизол, әрі олар қысқаша күйзеліс барысында адам ағзасының барынша жұмылдырылуы мен күйзеліске қарсы төтеп беруді қамтамасыз ете алады. Ал ұзақмерзімді күйзеліс кезінде олар жүректі тоздырады да, осы тұста тахикардия, яғни, жүректің жиі соғуы сияқты жағдай пайда болады. Мұндай жүрек соғуы жүректі үнемсіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Соның нәтижесінде бұл күретамырлы қысымның көтерілуі және жүректің ишемиялық ауруына әкеліп соқтырады. Сондықтан ұзақмерзімді күйзеліс – адам ағзасы үшін өте жаман нәрсе.
Бірнеше санды ғана келтіріп өтейін: адамдардың шамамен 40%-ы мазасыздық күйін бастан кешеді. Әрі егер осы мазасыздық күйлер ұзақ уақытқа созылса, онда бұл жағдайлардың жартысында қандай да бір психосоматикалық ауруларға, соның ішінде жүрек ауруларына да әкеліп соқтыруы ықтимал. Күйзеліске жататын клиникалық түрде айқын көрінетін депрессия – адамдарда анағұрлым аз кездеседі, дегенмен іс жүзінде ондай диагноз қойылмайды десек те болады. Ал скрининг жүргізілген кезде, кем дегенде, әрбір бесінші адам емделмеген клиникалық депрессияға ұшырағандығы анықталып отырады. Бұл, әрине, басқа ауруларды есепке алмағанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына апарып соқтырады екен.
Алайда керісінше жағдай да баршылық – бұл тұста жүрек-қан тамырлары аурулары жоғары мазасыздық, күйзеліс және депрессияға әкеледі. Осының классикалық жағдайы инфаркт болып саналады. Алғаш рет және бірнеше инфаркттарды бастан өткерген адамдардың жартысынан көбінде депрессия мен мазасыздық сезімі болады.
Жүрек ауруларының даму қаупінің себептері қандай? Темекі тарту – жүрек аурулары дамуының негізгі қауіп факторы екендігі рас па?
– Баршаға белгілі қауіп факторларының қатарына – қимыл-қозғалысы аз өмір салты, тұзды шамадан тыс көп тұтыну, майларды жоғары мөлшерде тұтыну және басқа да жайттар жатқызылады. Сондай-ақ темекі тарту – осы факторлардың көшін бастап тұрғандығын айтуға болады. Interhat әлемнің 52 елі арасында үлкен зерттеу жүргізген еді. Соның нәтижесінде қандағы холестерин мөлшерінің көбеюі және күретамырлы қысымның көтерілуі – бұл миокард инфарктісі мен инсульттің даму қаупінің ең маңызды факторлары екендігі анықталған. Ал үшінші орында, тіпті, қант диабеті емес, темекі тарту тұрған екен. Сондықтан темекі тарту – бұл өзгертуге келетін ең басты, әрі түрлендірілетін факторлардың бірі болып келеді.
Ұлттық бағдарламалардың қолданылуы арқасында шылымқұмарлар санын азайта алу мүмкін болған Скандинавия елдерінің (Финляндия, Швеция) популяцияларында жүрек-қан тамырлары ауруларының саны 50%-дан астам көрсеткішке дейін төмендеген.
Пассивті темекі тарту, яғни, темекі түтінін деммен жұту жүрекке әсер ете ме?
– Иә, әлбетте. Темекінің жану үдерісінен пайда болатын осы бір зиянды заттектердің көп бөлігін белсенді шылымқұмарға әсер етеді деп саналатындығына қарамастан, пассивті шылым тартушы да темекіден болатын шайыр мен түтінді алып отырады. Ал пассивті темекі шегу тұрақты түрде болса, шын мәнісінде, мұны қазіргі уақытта белсенді темекі тарту секілді қауіп факторына теңестіруге әбден болады.
Темекі тарту және оның жүрек денсаулығына деген зияны – бұл танымал тақырып. Дегенмен, бір өкініштісі, көптеген адамдар денсаулыққа байланысты түйткілдерге ие болса да, никотиндік тәуелділік салдарынан темекі шегуден бас тарта алмай жүреді. Осы тұста оларға сайтымызда жарияланатын зиянды төмендету тұжырымдамасы көмекке келеді. Темекіні балама нұсқаларға, яғни, вейптер, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, никотин алмастыратын терапияға ауыстыру кезінде кардиологиялық аурулардың пайда болу қаупінің төмендеуін қалай бағалайсыз?
– Бұл тұста Кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінде жұмыс істеген кезімдегі тәжірибемде жиі болған жағдайлар еске түсіп отыр. Ол жердегі науқастар аса күрделі кардиохирургиялық оталардан кейін үш күн бойы реанимацияда жататын, содан кейін оларды бөлімге ауыстыратын еді. Жаңа ғана реанимация бөлімінен ауыстырылған науқасты қай жерде кездестіруге болады деп ойлайсыз? Барлығы да Кардиологиялық орталық кіреберісінің алдына темекі тарту үшін жүгіретін. Әрі бұл олардың жүректеріне жасалған күрделі отадан кейін болатын. Адамның темекі шегуден бас тарта алмайтыны – бұл, тіпті, күллі әлем үшін аса қиын жағдай болып отыр. Осыдан келіп туындайтын мынадай бір сұрақ бар: егер адам қайткенде де темекіден арыла алмаса, осы жаман әдеттің салдарынан болатын зиянды төмендету үшін не істеуге болады? Міне, бұл жерде жаңағы сіз айтып кеткен нәрселерді – электронды темекі, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді келтіруге болады. Бұл нағыз көмекші құралдар болып келеді.
Баршамыз түсініп отырғандай, темекі 800 градус шамасында жанады, әрі барлық зиянды заттектер дәл осындай жоғары температура кезінде бөлініп шығады да, адамның ағзасына түседі. Ал енді осы жоғары температураны алып тастасақ, әрі оны 200-300 градусқа дейін төмендетіп көрейік. Біз кәдімгі темекінің түтін шығармайтын балама нұсқасына ие боламыз, бұл жерде құрылғы темекі тартуды жалғастыра беруге мүмкіндік тудырып, темекі тарту рефлексін қанағаттандырады да, дегенмен тұтынылатын зиянды заттектердің мөлшерін 95%-ға төмендетеді. Әрі бұл жай менің пікірім ғана емес, бұл туралы дүниежүзінің көптеген елдерінде осы тәсілдің тиімділігін дәлелдеп көрсеткен бірқатар клиникалық зерттеулер айтып отыр. Соның ішінде АҚШ, еуропалық елдер, Жапония және т.б. мемлекеттер бар.
Баспа ауруына жиі шалдыққаннан кейін жүрекке байланысты түйткілдер пайда болуы мүмкін деген сөздер шындыққа сай келе ме? Егер адам балалық шақта және жасөспірім кезінде үнемі баспа ауруымен көп ауырған болса, бұл кейіннен кардиологиялық дерттердің пайда болуына әсер етуі мүмкін бе?
– Біз баспа ауруы туралы сөз еткенде негізінен стрептококтық жұқпа туралы айтып отырамыз. Әрі бұл рас екендігі өкінішті. Стрептококтық жұқпа қанның құрамына түсуі мүмкін, ал ол жүрекке түскен кезде жүрек қақпашаларын зақымдауы ықтимал. Медициналық ортада вегетация деген секілді жайт, яғни, жүрек қақпашаларының үстінде «өскіндердің» пайда болуы туралы айтылады, соның салдары әртүрлі ауруларды қоздырады. Жүрек қақпашалары бір-бірімен бітіп кетіп, осы тұста қақпашалардың тарылуы секілді жағымсыз жағдайлар туындауы әбден мүмкін. Бұл жүрек қақпашаларының дерті болып келеді. Не болмаса осы вегетациялар тромбтардың пайда болуына әкеліп соқтырады, ал тромбтар жүректен шығып, өкпеге түсуі, миға өтуі ықтимал, әрі бұл тромбоэмболиялық асқынуларға апарады.
Жүрегіңізді сау күйінде сақтап қалудың және аурулардың алдын алудың жолы қандай екендігі туралы жақын арада жарияланатын Евгений Аверинмен жүргізілген сұхбатымыздың екінші бөлімінен оқи аласыздар.
Аударған: Рита Сәрсенова