Темекі тартуға арналған гаджеттердің экологиялық зиянын қалай азайтуға болады

Із қалдырмаймыз

Никотин жеткізуге арналған құрылғыны қалай утилдеу керек?

Саналы әрекет ету – барымыз. Кәдімгі шылым шегуден бас тартып, гаджетке өткен жағдайда пластикті ойланбай пайдалануға бізді батырып жатқан экологиялық апатты жақындата түспеу үшін не істеу керектігі туралы әңгімелейміз.

Темекі түтінен келетін зиянды азайтуға никотин жеткізуге арналған заманауи құрылғылар көмектесе алады. Өз денсаулығын ойлаған шылымқорлар соған өтіп жатыр. Себебі қызған темекі (жанған темекіге қарағанда) зиянды заттарды айтарлықтай аз бөледі және шылымды мүлдем қойып кете алмаған жандар үшін қатері төмен балама нұсқа бола алады. Алайда өзіңе тиетін зиянды азайтқың келсе, қоршаған ортаға келер зиянды не істемек керек?

 

ҚАУПІ НЕДЕ?

Электронды құрылғыларды қоқысқа тастай салу экологияны сақтауға көмектеспейді. Өкінішке қарай, мұндай девайстар табиғатта жатып, шіритін қасиеттен ада. Пластиктен әзірленген сыртының толықтай ыдырауына ғана 600 жыл кетеді. Ал кейбір құралда шіру кезінде атмосфераға шығып кететін улы заттар болуы мүмкін.

 

Сонымен қатар шамамен 20 шаршы метр топырақ пен 400 литрды суды улай алатын аккумулятордың дұрыс утилденбеуі де экология үшін қатерлі. Улау деп асыра айтып тұрған жоқпыз, себебі құрамында сынап, қорғасын, кадмий және сілті бар. Соңғысы ауыр металдармен қосылып топыраққа түскен соң жер астындағы суға қосылады, ақыры өзен-көлдерге залалын тигізеді.

 

Қазақстанда мұндай гаджеттерді утилдеуге маманданған ұйымдар жоқ. Яғни қызметтен шыққан девайсты толықтай өткізіп жібере алмайсыз. Сонда не істемек керек? Кең таралған құрылғылардың мысалында түсіндіріп көрейік.

 

ТАУАРДЫ АЙЫРБАСТАУҒА БОЛМАЙДЫ

Экология тұрғысынан алып қарасақ, кез келген көпреттік құрылғы бірреттік дүниеге қарағанда әлдеқайда пайдалы. Мысалы, темекіні қыздыру жүйелері пластик пен металды шашпай, никотин қабылдауға болатын әдістердің бірі.

 

Бірақ девай қандай да бір себеппен бұзылып қалса немесе жаңа моделі шығып, ескісін керек етпесеңіз, не істеу қажет? Ертеңін ойлаған өндірушілер trade-in ұсынады. Ол ескі гаджетті топтамадағы соңғы модельге айырбастауға мүмкіндік береді.

 

Көбінесе мұндай айырбастың шарты бар: компанияның ресми сайтында темекіні қыздыру құрылғысын тіркеген және кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана гаджетін өткізе алады. Сонымен қатар trade-in бағдарламасының ескеретін тұстары бар:

 

·      ескі дүниені жаңаға тек жылына бір рет айырбастауға болады;

·      ескі құрылғыны қарап, қабылдап алған дүкенде ғана жаңасын сатып алуға болады;

·      қыздыру жүйесін ақшаға айырбастауға болмайды.

 

ДЕВАЙСТЫ БӨЛШЕК-БӨЛШЕК ЕТІП ӨТКІЗЕМІЗ

Вейптер (булағыштар) – айырбастауға болмайтын құрылғы. Алайда кейбірін көп рет (қуаттау арқылы) пайдалануға болады.

 

Сұйықтық құрамын өзгертіп, түрлі әуесқой тәжірибе жасаудың қаупін айтпаған күннің өзінде көпреттік вейптің күрделі құрылымнан тұратынын, оған қуатты батарея, микропроцессор, тетіктер, жарық диодтары, тіпті экран кіретінін айта кету керек. Бұған метал детальдарын қосып қойыңыз. Мұның бәрін утилдеу кезінде ескеру қажет.

 

Әрине, қарапайым бірреттік құрылғылар бар, бірақ оны шығарушылар қайта өңдеу бойынша не істеу керектігін айта бермейді. Тұтынушы бұл сұрақтың жауабын өзі іздейді.

 

Вейпті өңдеуге жіберу үшін оны мұқият бөлшектеп, аккумуляторын, пластик және металл бөліктерін даралап алып, арнайы контейнерлерге салу немесе қабылдау орнына өткізу дұрыс болмақ.

 

Аккумуляторларды өңдеп, қабылдайтын бірнеше компания бар. «Технодом» Алматыда және елдің басқа қалаларында 45 бокс орнатты. Taza Qala компаниясының 24 киоскы тағы бар. Бұдан бөлек Voltman мен Ecosen де қабылдау нүктелерін ашқан. ҚАйта өңдеуге арналған шикізатты KWRRocket Plastic және басқа компанияларға апаруға болады.

 

Айтпақшы, вей сұйықтығы құйылатын картридждерді не істеу керектігін сарапшылар әлі шешкен жоқ. Қалай өңдеу қажет екенін айтып әлі дауласуда. Әйтеуір, оның балалар мен жан-жануарға қатерлі екені анық.

 

***

2011 жылы электронды темекі 7 миллион адам қолданған болатын. 2016 жылы бұл көрсеткіш 35 миллионға жетті. Euromotion аналитикалық компаниясының бағалауында, 2021 жылы вейперлердің қатары 55 миллион болған. Ал жыл ішінде адамның бірреттік құрылғыны сан рет алмастыратынын ескерсек, қанша пластикті тастай салмай, өңдеуге жіберуге болатынын білер едік.

 

Тамақпен бірге микропластикті жеп, металмен уланған суды ішу – қазір біз бастан өткеріп отырған жайт. Яғни құрылғыны бөліп-жарып, қайта өңдеу үшін қоқыс қабылдайтын орынға апарып өткізуге уақыт жұмсау арқылы тек табиғатты сақтауға үлес қосып қана қоймай, болашақ саулығымыздың жағдайын жақсарта аламыз.

 

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]