Жүрек талмасынан қалай аулақ боламыз: белгілері және сақтық шаралары

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Жүрек талмасы – бұл адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жүрек-қан тамырлары жүйесінің аса қауіпті және жиі кездесетін ауруларының бірі. Жыл сайын Қазақстанда 40 мыңға жуық адам жүрек-қан тамырлары жүйесінің дерттерінен зардап шегеді. Ресми статистиканың мәліметтеріне сүйенсек, 35 пен 50 жас аралығындағы әрбір оныншы адамда жүрекке байланысты түйткілдер анықталып отырады. Лайқос жобасы кардиолог Екатерина Пушилинадан жүрек талмасының белгілерін қалай айырып тануға болатыны мен оған қарсы төтеп берудің жолын біліп алды.

Жүрек талмасы дегеніміз не

Миокард инфарктісі, не болмаса жүрек талмасы – бұл жүрек тамырларының бітелуіне байланысты жүрекке қанның жеткізілуі бұзылатын асқынған жағдай. Нәтижесінде жүрек бұлшықеті күрделі жарақат алады немесе өледі.

Егер жүректі көлік қозғалтқышымен салыстыратын болсақ, қан – бұл жұмысты қамтамасыз етіп отыратын отын. Бітелген кезде отынның жеткізілуі қиындай түседі, ал қозғалтқыш өшіп қалады. Осы механизмді түсіне отырып, жүрек ұстамасының белгілерін ерте сатысында айырып тануға әбден болады.

Инфаркттың негізгі себебі – атеросклероз болып келеді, яғни, май түйіншектерінің жиналуы мен жүректі қанмен қамтамасыз ететін артериялар қабырғаларының зақымдануы болып саналады.

Инфаркт қаупінің факторлары:

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Алайда әсер етуге болмайтын қауіп факторлары да кездеседі: бұл тұқым қуалаушылық, адамның жас шамасы, сонымен бірге жынысы. Ер адамдар 45 жастан асқанда қауіп тобына кіреді. Әйелдер – 50-55 жастан кейін, яғни, етеккір үзілісі басталған шақта қауіп тобында болады. Егер ата-ананың біреуінде жүрекке қатысты қандай да бір түйткілдер бар болса, онда инфаркт ықтималдығы 1,5 есеге артады. Дегенмен адамның ұстанатын өмір салты анықтаушы мәнге ие екендігін ұмытпаған абзал!

Жүрек ұстамасының белгілері

Бұл белгілер әртүрлі болуы мүмкін, алайда кеңінен таралғандары негізінен физикалық жүктеменің жоғары келуі немесе стресс кезінде пайда болады:

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Ерлерде көбіне-көп классикалық белгілер пайда болады, соның ішінде кеуде аймағының ашып ауруы мен төс сүйегінің артында батып ауырсынуы, ал қант диабеті, семіздік секілді және т.б. дерттерге шалдыққан кезде мүлдем ауырсындырмауы да әбден мүмкін. Әйелдерде болатын симптомдар ұқсас келеді, дегенмен ауырған сәл азырақ болуы ықтимал, әрі тамақта тас тұрғандай сезіледі, жүрек соғу жиілігі жоғарылай түседі, бас айналу, жүрек айну, лоқсу немесе үрейлі шабуылдар, ентігу, қорқыныш және суық тердің шығуы түрінде көрініс таба алады.

Жүрек талмасының алдын алу жолдары

  • Холестерин деңгейін бақылау: дұрыс тамақтануды таңдау, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді қабылдау. Тамақтану үлесіне құрамы жасұныққа (көкөністер, жемістер, тұтас дәнділер), омега-3 (балық, жаңғақ, зығыр майы) бай азық-түлік түрлерін қосу. Майлы тамақ пен фастфуд тұтынуды азайтыңыз.
  • Қан қысымының қалыпты деңгейін сақтау: үйіңізде аптасына 1-2 рет қысымыңызды өлшеп отырыңыз, әсіресе, қауіп тобына жататын болсаңыз. Жоғары қысым (гипертония) жүрекке шамадан тыс көп салмақ түсіреді, ал бұл жүрек талмасының қаупін арттырады.
  • Шылым шегуден бас тарту: темекі түтіні қан тамырларына зақым келтіреді және тромбоз қаупін арттыра түседі. Хиттерлерге ауысу зиян мен қауіпті төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені мұнда жану үдерісі мен темекі түтіні салдарынан түзілетін шайыр мен иісті газ жоқ. Алайда хиттерлерді алатын болсақ, оларды толықтай зиянсыз деп айтуға болмайды, сондықтан никотиннен біржолата бас тартқан әлдеқайда дұрысырақ.
  • Тұтынылатын алкоголь көлемін қайта қарау: ол қан қысымын жоғарылатады, аритмияны тудырады және инсультке (ми инфарктісі) әкеліп соқтыруы ықтимал тромбтардың түзілуіне септігін тигізеді.
  • Тұрақты физикалық белсенділік: тұрақты түрде болатын физикалық жүктеме жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін 35% төмендете алады. Аптасына 4-5 рет 30-60 минуттан кем болмайтын бірқалыпты жүктемені орындау – серуендеу, жүзу, билеу, жүгіру және т.с.с. Осының барлығы да қанның қозғалысын жақсартады, тамырларды нығайтады, қосымша ұсақ «айналма» тамырларды дамыта түседі.
  • Дене салмағын қадағалау: семіздік жүрекке түсетін салмақты арттырады және гипертония, қант диабеті және т.б. аурулардың дамуына септеседі. Дене массасы индексінің (ДМИ) норма бойынша шегінен шықпағанын бақылап отыру керек. Массадан, тіпті, 5-10% салмақ тастаудың өзі жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендетеді.
  • Стресті азайту: бұл тұста сізге медитация, йога немесе босаңсудың басқа да техникалары, сонымен бірге тұрақты толыққанды ұйқы көмекке келеді.
  • Дәрігерлердің қабылдауына үнемі барып тұру: ауру неғұрлым ертерек анықталатын болса, оны емдеу де соғұрлым жеңілірек болмақ.

Жүрек ұстамасы кезінде не істеу керек

Жедел жәрдем

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Дәрігерлер келгенше дейін не істеу керек

Жүрек талмасының белгілерін айырып тану және оның алдын алу жолы

Бәлкім, жүрекке тікелей емес массаж жасау қажет болар.

Қорытынды

Жүрек талмасының алдын алу – бұл күн сайын денсаулығыңызға деген қамқорлық таныту деген сөз. Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жаман әдеттерден бас тарту және тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтіп отыру қауіпті мүмкіндігінше азайта алады. Есіңізде болсын: симптомдарды айырып тану және дер кезінде көмек көрсету өмірді сақтап қалуы мүмкін. Жүрегіңізді күтіңіз – ол сізде жалғыз ғана!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]