Зиянды әдеттер мен өмір салты денсаулығыңызға қалай зиян тигізуі мүмкін

Бізді білдірмей құртатын 5 әдет

Пандемия жағдайындағы қазіргі өмірдің талап-шарты басқа: аз қозғаламыз, түрлі тәсілдің көмегімен стрестен құтылсақ дейміз, ауырып қалмауға тырысамыз. Алайда мұндай жағдайда өзіміз білмей ағзамызға зиян келтіріп жатуымыз мүмкін. 

ҚАУІПТІ ДӘРУМЕН

Жапония мен Үндістан – биологиялық белсенді қоспа (ББҚ) тұтыну бойынша алда тұрған елдер. Алғашқысының халқының 90%-ы ББҚ пайдаланса, Үндістанда бұл көрсеткіш 75%-ды құрайды. Қазақстанда ББҚ-ға деген сұраныс пандемия басталғанда күрт артты. Алайда ел қандай да бір дәруменнің шынымен жетіспейтінін, анықтау үшін анализ тапсырмайды, қоспа керек пе, жоқ па демейді. Осының кесірінен ағзаға зиян келуі мүмкін.

 

2019 жылы ғалымдар 1984-2016 жылдар аралағында жүрген зерттеуді аяқтады. Зерттеу түрлі қоспа үлкен сұранысқа ие АҚШ аумағында жүрген болатын. Осы уақыт ішінде ғалымдар 76 мың әйелді бақылауда ұстады. Мамандар келтірген қорытындылардың біріне сәйкес, күн сайын B6 және B12 дәрумендерінің үлкен дозасын қабылдайтын адамдарда жамбас сүйегін сындырып алу қатері басқалармен салыстырғанда 47%-ға жоғары екен.

 

Дәл осы құбылыс B тобындағы өзге дәрумендерге де қатысты. Көптеп ішілген В3 қызару, қышыма, күйгелектіктен бастап ішек түйілуіне дейін түрлі реакция тудыруы мүмкін. Ал B6 қабылдауда артық кетсеңіз, қол-аяқ жансызданып, шанши бастайды және асқынса, емі табылуы қиын.

 

Сондықтан Iherb-те керемет пікірлер жазылған әлдебір сиқырлы дәрумен-минерал қоспасының курсын алсам ба екен деп ойланып жүрсеңіз, алдымен дәрігерге барып, кеңесін тыңдаңыз. Тіпті ағзағны толық тексеруден өткізу де артық болмайды. Бәлкім, дәл осы дәрумен сізге мүлдем керек емес шығар, есесіне басқа дүние жетіспеушілігін анықтарсыз.

 

ҚОЗҒАЛЫС АЗДЫҒЫ

Кембридж университетінің зерттеушілері 300 мың адамды таңдап алып, оларды 12 жыл бойы бақылауда ұстайды.

Мамандардың айтуынша, семіруге қарағанда дене жаттығуынан екі есе көп адам өлуі мүмкін екен.

 

Спортпен айналыспайтын арық адамдардың денсаулығында қандай да бір проблема пайда болу ықтималдығы артық салмағы бар, алайда жиі қозғалатын жандармен салыстырғанда жоғары екенін анықталды. Басты қатерлердің арасында жүрек-қан тамырлары аурулары бар. Олар белсенділігі төмен адамдар да, семіздікке ұшыраған адамдар да кездеседі.

 

Норвегиялық профессор Экелунд денсаулыққа келер зиянды азайтуға жылдам жүру көмектеседі дейді: «Жиырма минуттық дене белсендігі – бұл жылдам жүріп қайту. Көп адам мұны жұмысқа бара жатқанда немесе қайтқанда, түскі үзіліс кезінде немесе кешке теледидар қараудың орнына орындай алады».

 

МЕНТОЛДЫ ТЕМЕКІНІҢ ТҮТІНІ

Шылым шегудің зиян екенін бәрі біледі, алайда нақты себебін анықтап жатпайды. Басты зардап никотиннен емес. Денсаулыққа келетін қауіптің бірінші көзі – темекі түтіні. Оны жұтқанда, түрлі аурудың пайда болу қатері артады. Себебі түтінмен бірге ағзаға жану процесінде пайда болатын 6000-нан астам химия элементі түседі. Оның 70-ке жуығы канцерогенді. Жекелей алғанда, күшәланы, кадмийді, бензолды, полоний-210 және басқаларын атауға болады. Жылдар бойы темекі тартқанда бұл элементтер адам ДНҚ-сы құрылымына әсер етеді, бұл жасушалардағы мутацияға, артынша ауруға әкеп соғады.

 

Шылымнан келер зиянның алдын-алудың үздік тәсілі – оны бастамау не мүлдем қойып кету. Алайда бір сәтте бас тарту мүмкін болмаса, зардапты аз-аздап төмендету мүмкігі бар. Ол үшін электронды темекі, вейп және темекіні қыздыру жүйелері секілді түтінсіз балама тәсілдерді пайдалануға болады. Мұнда жану процесі жоқ, сәйкесінше кәдімгі шылыммен салыстырғанда зияны 90-95%-ға аз болады.

 

«Біз темекі тартатын адамдарды бөле-жармай, сол қалпы қабылдауымыз керек. Және оларға шылымның түрлі балама тәсілдерін ұсынғанымыз жөн. Себебі электронды өнімдер қолданысқа енсе, уақыт өте келе жалпы темекіден бас тарту оңайға соғады. Сондықтан темекі сатылатын орынның бәрінде балама дүние болуға тиіс», – дейді Juul Labs халықаралық ғылыми серіктестік басшысы Сайра Салим-Сартони.

 

ЕРТЕҢГЕ ҚАЛҒАН ТАМАҚ

2019 жылы ағылшын дәрігері Бернар тәжірибесінде болған оқиға туралы айтып берді: бельгиялық студент асүйде бес күн тұрған макаронды жеп қояды да, ертесіне қайтыс болады. Жүргізілген зерттеу өлімге тамақтан улану себепші болғанын анықтады. Макаронда bacillus cereus бактериясы пайда болған. Ол құсу мен диарея тудыратын токсин бөледі. Бұл жағдайда bacillus cereus санының көп болғаны сонша, студенттің бауыры істен шығыпты.

 

Алайда бұзылған азық-түлік, ескірген тамақтан көбінесе адамдар жәй ғана уланып қалып жатады. Жүрек айну, асқазанның бүріп ауруы, бас ауруы секілді белгілер бәрімізге таныс шығар. Ауру бұзылған тамақты ішкен соң бірден немесе бірнеше сағаттан кейін, яғни кез келген сәтте пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда улану қатты асқынып кетпейді.

 

Әрине, тамақты бірнеше күн сақтауға болады. Алайда тоңазытқыш температурасының кемінде 4 °C, ал мұздатқыштікі –18°C екеніне алдын-ала көз жеткізу керек. Түрлі азықты (мысалы, ірімшік пен көкөністі) бөлек-бөлек сақтаған жөн. Ет пен балыққа мұздатқышта салар алдында полиэтилен пакетке кигізген дұрыс.

 

Тамақтың түрі, дәмі немесе исі ұнамай тұрса, жеуге бола ма, болмай деген күмәніңіз болса, бірден қоқысқа тастаңыз.

 

«АРҚАҢДЫ ТІК ҰСТА!»

Омыртқаның қисаюы мойын мен арқа бұлшық етіне шектен тыс салмақ түсіреді. Мынадай мысал келтіруге болады: жаттығу залына барып жүрсеңіз және аптасына бес күн бойы аяққа арналған қиын жаттығулар жасасаңыз, түптің түбінде аяғыңыз ауырып, шаршап қалар еді. Арқаны қисайтып күн сайын үстел басында отыру да осындай жағдайға алып келуі мүмкін.

 

2014 жылғы зерттеу омыртқа қисаюының жүрек пен өкпе саулығына ең үлкен қауіп тудыратынын көрсетті. Мұндай жағдай қан айналымын нашарлатады, ас қорыту процестерін баяулатады. Қисық арқаның ішкі ағза мүшелеріне қысым түсіретінін, олардың қысылып қалуына әкелетінін де атай кету қажет.

 

Омыртқаны түзеуге дене жаттығулары көмектеседі. Мысалы, 12 жаттығудан тұратын мына қарапайым әдісті байқап көруге болады.

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]