Шылым шегуді қоюдың оңай емес жолы
ДДҚ деректері бойынша әлемдегі шылымқұмарлар саны 1,1 млрд құрайды. Бұл ретте шылым шегумен байланысты аурулардан жыл сайын шамамен 7 млн адам қайтыс болады. Қауіпті сандарға қарамастан, шылым шегуді қоюдың ғажап дәрісін немесе оңай жолын әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Бірақ баламасы ретінде электрондық сигареттер бар. Әдеттегісімен салыстырғанда олардың тигізетін зияны аздау, өйткені оларда шылым шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі болатын жану процесі жоқ.
НЕГЕ ШЫЛЫМ ШЕГУДІ ҚОЮ ТЕК БІРЕН-САРАН АДАМНЫҢ ҒАНА ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ
Шылым шеге бастау қиын емес, оны әрбір адам біледі. Ал осындай зиянды әдеттен бас тарту – мүлдем басқа жағдай. Көптеген шылымқұмарлар өзіне дүйсенбіден, Жаңа жылдан және Ғарышкерлер күнінен бастап бас тартуға уәде береді. Олар шылым шегуді оңай қойдыруға уәде беретін психологтарға барып, тренингтер мен курстарға қатысады. Кейбіреулердің қолынан келсе де, нәтижесі бірнеше айға ғана. Шылым шегуді қойғандардың шамамен 50 проценті орта есеппен алты айдан кейін жаман әдетке оралады, деп айтылады АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының (NCBI) ғылыми мақаласында. Никотиннен біржолата бас тарту тек бірлі жарым адамдардың қолынан келеді.
“Темекі тұтынушылардың 70 процентінен астамы шылым шегуді қойғысы келеді, шамамен 40 проценті жыл сайын тырысып көреді. Орташа алғанда, шылымқұмар алты-тоғыз ретке дейін тәуелділіктен арылуға тырысады”, — деп атап айтады Мәскеудегі наркология ғылыми-практикалық орталығының темекі тартуды алдын алу және емдеу және химиялық емес тәуелділіктер орталығының меңгерушісі Олег Кутушев.
Қоюдың қиындылығы шылымқұмарлар миының сигаретке айрықша әсер етуінде. Марапат алуға жауапты жүйке жүйесінің аймақтарын зерттей отырып, американдық және жапондық зерттеушілер шылымқұмардың миы негізінен дофаминнің көлемін сигареттерді көрген кезде көбірек және тамақ немесе жыныстық қатынас туралы ойлағанда азырақ шығаратынын анықтады.
СИГАРЕТТЕРДІ НЕМЕН АЛМАСТЫРСА БОЛАДЫ
Шылым шегуді қойғысы келетін шылымқұмарлар түрлі әдістерді көреді: никотин жапсырмаларын және сағызды қолданады, шегілетін сигарет санын қысқартады немесе күші аз марка түрлеріне ауысады. Бірақ, оның да көмегі тимей, көбі әдеттегі ырғағына қайта оралады.
Ғылым бір орында тұрмайды – бүгінгі таңда ғалымдар «таста не өл» деген әдеттегі концепциядан арылуға ұсыныс береді. Өйткені, жаман әдеттің зиянын азайтудың өзі – денсаулыққа қосқан үлкен үлес. Зерттеушілер әдеттегі сигареттерден жану процессі жоқ түтінсіз өнімдер пайдасына бас тарта отырып, шылымқұмарлар 90–95%-ке ағзаға тигізетін зиянды әсерді азайтады деген қорытындыға келді. Әңгіме электрондық сигареттер немесе қыздырылатын темекі жайында.
Электрондық сигареттердің басты артықшылығы әдеттегі сигареттер сияқты жанбайды, тек қыздырылады. Сондықтан шылымқұмар түтінді емес, құрамында шайыр мен темекі түтіннің канцерогендері жоқ буды тартады. Шындап айтсақ, шылым шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі никотин емес, тап осылар болып табылады.
Электрондық сигареттерге ауысуды Жапония, Ұлыбритания және АҚШ үкіметі қолдады.
Жүрек-қан тамырлары хирургы және Канагавадағы AOI Халықаралық ауруханасының вице-президенті, доктор Хироя Кумамару Ғаламдық темекі және никотин форумында: «Жапонияда темекі өнімдерін сараланған реттеу шылым шегуден туындайтын өлімді азайтуға көмектеседі және қыздырылған темекіден жасалған өнімдерге ауысуға ықпал етеді, бұл бүкіл елдің қоғамдық денсаулығына оң әсер етеді», — деп айтты.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ СИГАРЕТТЕРГЕ ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНЫ ҚАНША
Алғашқы электрондық сигареттер қазақстандық нарықта шамамен он жыл бұрын пайда болды. Euromonitor халықаралық маркетинг агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда электрондық сигареттерге сұраныс өсуде және бұл шылымқұмарлардың өз денсаулығына деген қамқорлығының артуымен түсіндіріледі.
Алайда, ересек халықтың темекі тұтыну туралы Ғаламдық сауалнамасының деректері бойынша 3 млн-ға жуық қазақстандық шылымқұмарлардың тек 51 мыңы ғана шылым шегудің зияндылығы аз болған соң электрондық сигареттерге ауысқан.
Сонымен бірге, ең көп шылым шегетін елдердің бірі – Жапонияда (халықтың 18%) үкімет шылымқұмарлардың қыздырылатын темекіге ауысуын қолдағаннан кейін жағдай жақсы жаққа өзгерді. Осындай ауысу арқасында 2019 жылы шылымқұмарлар саны бұл елде 30%-ке түсті.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ СИГАРЕТТЕРДІҢ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН ЖАҚТАРЫ
Электрондық сигареттердің басты айырмашылығы – олардың әдеттегі сигареттердегі жану және түтеу нәтижесінде емес, темекі қоспасын немесе никотині бар сұйықтықты қыздыру нәтижесінде пайда болатын аэрозольді немесе буды тартып қолданатынында.
Пенсильвания штатының Темекі мен денсаулықты зерттеу орталығының профессорының пікірінше, әдеттегі сигареттерді жаққанда 7000-нан астам зиянды химиялық заттар шығарылады, ал электрондық сигареттерді тұтынғанда жану процесінің болмауына байланысты зияны айтарлықтай аз болады. Сонымен, уақыт өте келе әдеттегі сигареттерден электрондық сигареттерге ауысу жаман әдеттен түпкілікті бас тартумен аяқталатыны атап өтіледі. 2019 жылы бір жыл бойы электрондық сигареттерді пайдаланған шылымқұмарлардың 18 проценті шылым шегуді мүлдем тастады.
Өнертабыстардың, әсіресе, адам денсаулығына қатыстылардың, көбіндегідей электрондық сигареттердің жақтаушылары да, қарсыластары да көп. Қарсыластар “адам электрондық сигареттерді қолдана отырып, бәрібір никотинді тұтынады” деген аргументтер шығарады. Бұл ретте антивейперлер электрондық сигареттер жанбайтынын, яғни ағзаға түсетін зиянды заттардың проценті айтарлықтай төмендейтінін ескермейді.
Отандық ғалымдар да осындай қорытындыға келеді. Қазақстандық ғалымдардың бір тобы темекіні қыздыру жүйесін пайдалану сигареттерге қарағанда денсаулыққа аз зиян келтіретінін анықтады. Мамандар 2018 жылдың ақпан айына дейін жарияланған шетелдік әріптестердің мыңға жуық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинап, талдады.
Нәтижелер әдеттегі сигареттермен салыстырғанда электрондық құрылғылардың аса қауіпті ластаушы заттардың концентрациясы әлдеқайда төмен екенін көрсетті. Мысалы, формальдегид – 93%-тен астам.
“Никотиннің өзі сигаретті тұтандыру кезінде бөлінетін канцерогендер сияқты зиянды емес. Беделді ұйымдармен жүргізілген әр түрлі тәуелсіз зерттеулердің нәтижелері темекіні қыздыру жүйесінің аэрозолінде әдеттегі сигареттің түтінімен салыстырғанда зиянды заттардың 90-95% аз екенін дәлелдейді, бұл зиянын және темекі тұтынумен байланысты әртүрлі аурулардың даму қаупін едәуір төмендетуі мүмкін”, – деп айтты Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.
Денсаулықтың қамын ойлаудың ең жақсы әдісі – шылым шегуді мүлдем қою. Алайда, бұл оңайлықпен іске аса қоймайды. Ендеше зиянын азайту және зияны аз баламаларға ауысу концепциясы жаман әдеттің салдарын жеңудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.