Мобилді қосымшалар, түтіннің баламасы және Фагерстрём тестінің үш деңгейі
Құмарланған темекі шегушінің басты арманының бірі – темекі тартуды тастау.
Арман бар, алайда оған қалай қол жеткізсе болады? Айналасындағылардың шекпей-ақ қой, деген пайдасыз кеңесі құмарларды тек ызаландырады. Алайда амал қалмады деуге болмас.
Темекіні тастайтындар үшін мобилді қосымшалар не көрсетіп жатыр және осы білімді қалай іске асыруға болатынын көрсететін өзіңнің темекі шегуші деңгейіңді айқындау туралы жаңа мақала түсті.
ӨЗІҢНІҢ ТЕМЕКІ ШЕГУШІ ДЕҢГЕЙІҢДІ БІЛУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ
Темекі шегуді тастаудан бұрын дәрігерлер адам никотинге тәуелділіктің қай деңгейінде екенін диагностауды ұсынады. Қарапайым сөзбен айтқанда, темекі шегуші сигаретке бола неге дайын екенін білуі тиіс. Таңертең алдымен неге қол созасыз – тіс щеткасына ма сигаретке ме? Шылым шегушіні қолындағы сигаретпен ұшақтағы ватерклозетте ұстадыңыз ба? Қысқасы, күніне неше сигарет шегесіз?
Бұл сұрақтарға жауаптар адамға өзінің темекі шегуші деңгейін айқындау үшін түсінік береді. Осындай кең тараған сауалнаманың бірі «Фагерстрём тесті» деп аталады. Ол темекі шегуші «ия» немесе «жоқ» деп, жауап беретін 6 сұрақтан тұрады. Шылым шегуші адамның «жеңіл», «орташа», «жоғары» деген никотинге тәуелділік деңгейін көрсететін нәтиже алады. Өз деңгейін адам мына жерден біле алады.
Никотинге тәуелділік деңгейі жөнінде ақпаратты басқа тестер немесе мобилді қосымшалар көмегімен білуге болады. Басты мақсаты – темекіге деген құмарлығы қаншама жоғары екенін білу. Мобилді қосымшалардың жақсы жағы – адам шеккен сигареті туралы жаңа деректерді нонстоп тәртібінде смартфонға енгізу мүмкіндігін иеленіп, әрбір тарту оның денсаулығы жағдайын қалай өзгертетіні туралы push-ескерту алады.
Артериялық қысым құбылысы мен қандағы оттек деңгейінің төмендеуін байқаған темекі шегушінің қан қысымымен бірге темекіні тастау ЫНТАСЫНЫҢ деңгейі көтеріледі. Немесе сигаретке қарағанда зияны төмендеу баламасына көшу қажеттілігі.
ШЕГУ ЗИЯН, ТАСТАУ ҚИЫН. ЗИЯНДЫ ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ?
Темекі шегудің зияны тақырыбы бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді. Дәл осынша мақала да жарық көрді. Темекіге арналған зәрені алатын ақпарат одан да көп. Мұнда ғалымдардың никотинге тәуелділікті дәйектерге сүйеніп өткізген зертеулерге негізделген жөн болар.
Сигарет түтінінде 7000-ға жуық химиялық зат бар. Оның ішінде кем дегенде 69 денсаулыққа зиянды және елуден астамы қатерлі ісіктерді шақырады. Сигарет жанғанда аммиак, улы газ, ацетон, көгертетін қышқыл және радиоактивті компоненттер сияқты зиянды заттар бөлінеді. Сигарет түтінінде бар канцерогендердің қорқынышты тізіміне қарамастан, темекіні тастағандар қатары сирек. Біраз уақыттан кейін көбісі қайта шегіп кетеді. Зиянды төмендету бойынша сарапшылар темекіні үзілді-кесілді тастау қолдан келмесе, онда зияны төмендеу баламасы – жану процесі жоққа шығарылған электрондық сигарет немесе қыздырылатын темекіге көшуден бастауды ұсынады.
«Темекіні қыздыру жүйесінде жану процесі жоқ, яғни аурулардың негізгі көзі болатын шайырлар құрамы жоқ. Менің арманым – болашақта адамдар шылым шеккенді мүлде қойса. Алайда, бұл құрғақ қиял, өйткені мәселе тәуелділікке келіп тіреледі. Адамдар шамамен 4 мың жыл бұрын темекі шеге бастады. Қойғызуға бәрі ниеттенді, тіпті өлім жазасы да қолданылды, бірақ өзгерген түк жоқ. Сондықтан ағзаға зиянды төмендету жұмысында белсенділік таныту жөн», – дейді «Аман-Саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.
Электрондық сигареттің басты артықшылығы – темекі шегуші темекі қоспасының немесе құрамында никотин бар суйықтықтың жану емес, қыздыру барысында пайда болатын аэрозолді немесе буды жұтатынында. Сигарет түтініне қарағанда будағы зиянды заттардың аздау құрамы зерттеулермен расталады. Англияның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық агенттігі (Public Health England) 2018 жылы электрондық құрылғылар кәдімгі сигаретке қарағанда, 95%-ке аз химиялық қоспа бөлетінін айқындайтын есепті жариялады.
“Адамдар никотинге бола шылым шегеді, алайда қалыптасқан пікірге қарсы темекі түтініндегі бар улы және уытты заттар әлдеқайда үлкен зиян келтіреді. Электрондық сигаретте бұлар жоқ немесе олардың деңгейі едәуір төмен, сондықтан кәдімгі сигаретке қарағанда, вейпингтің зияны төмендеу екеніне сенімдіміз», – темекіге тәуелділік мәселесі бойынша ағылшын маманы Энн Макнил өз ойын осылай басып айтады.
ТЕМЕКІ ШЕГУДЕН АРЫЛМАҚ БОЛҒАНДАРҒА МОБИЛДІ ҚОСЫМШАНЫҢ КӨМЕГІ
Қауіпті әдеттердің зиянын төмендету бойынша қоғамдық үрдіске ілесіп, өңдеушілер сигаретті тастау үшін қосымшалар мен құрылғыларды әзірлеп шығарды. Қосымшалар тегін және ұялы телефонға App Store немесе Google Play-н жүктеліп алынады. Басында темекі шегуші күніне немесе бір айда шеккен сигареті жайында ғана деректерді енгізе алатын болса, уақыт өте бағдарламалар функционалы кеңейді.
Бүгінгі күні қосымшалар қандағы улы газдың құрамын, қанайналым ахуалын, өкпе денсаулығын және ағзадағы никотин деңгейін көрсетеді. Пайдаланушы шылым шегуге байланысты аурулардан қайтыс болғандар статистикасын, жүрек-тамыр аурулары мен өкпе қатерлі ісігінің даму қауіпі процентін көреді. Алдына шегілетін сигарет санын қысқарту мақсатын қойып, темекі тартушы тастаған әрбір сигареттен өмірі қаншалықты ұзаратынын көре алады.
Сигаретті тастау бойынша ең кең тараған «Не курю («Шекпеймін»)» мобилді қосымшасын 1 млн-нан аса адам жүктеп алды. Басында пайдаланушы өзі туралы ақпаратты енгізуі тиіс: күніне неше сигарет шегеді, бір қораптың бағасын және соңғы сигаретін шеккен күнін. Одан әрі бұрынғы темекі шегуші – негізі адам деректерін енгізген соң темекі шекпеу керек – қанша уақыт түтін шығармағанын, шайыр мен никотиннің қай мөлшерінен ағза босағанын, қанша ақша үнемделгенін және бастысы – адам темекі шегуді қайтадан бастамаса, қаншама ұзақ өмір сүретінін көреді. Қосымшаны тегін Android и iOS-н жүктеп алуға болады.
Өкінішке орай, темекіден арылу бойынша бағдарламалардың сан түрі мен қолжетімдігі зиянды әдеттен бостандық әпере бермейді.Темекі шегушілердің көбісіне сигарет түтіні оларға қандай зардап келтіретінін есептеп шығару мүмкіндігін береді.
Темекіден арылуға көмек беретін тағы бір қосымша – KWIT. Үнемделген ақша мен таза күндерді санайтын трекерден басқа, бағдарлама темекі шеккісі келгенге қарсы тұра алмағанда, бағдарлама лезде кеңес түрінде көмек ұсынады. Телефонды сілкісеңіз болғаны, ынталандырушы ескертулер бас мақсатты еске түсіреді. Өңдеушілер қосымшада когнитивті мінез-құлықтық терапия әдістерін пайдаланды, сондықтан адам шыдай алмай шегіп қойса, KWIT сөгудің орнына сигаретті тұтату ойын күнделікті қадағалап, темекіні тастаудың қолайлы тәсілін ұсынады. Қосымшаны тегін Android и iOS-н жүктеп алуға болады.
Бірден тастай алмағандар «Счетчик сигарет» («Сигарет санаушысы») қосымшасын сынап көре алады. Бағдарлама қарапайым және бір күнде темекі шегуге қанша рет шыққанын белгілеуге көмектеседі. Қосымшамен құрылған кестеде шылым шегуші өзінің шылым шегу динамикасын көріп отырады.
«Счетчик сигарет» («Сигарет санаушысы») қосымшасы тек Android пайдаланушыларына қолжетімді. Жоғарыда сипатталған және басқа мобилді қосымшалардың негізгі құндылығы – темекі шегушінің денсаулығы және әмиянының жағдайы туралы ақпарат оны үзілді-кесілді тастауға болмаса да, сонда да шылым шегуін шектеуге немесе баламалы тәсілге көшуіне итермелейтінінде.
Мамандар электрондық сигаретке көшуді қолдау арқылы темекі шегетін азаматтар санын қысқарта алған елдердің жемісті тәжірибесінен үлгі алуды ұсынады. Мысалы, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Жапонияда қыздырылатын темекі жүйесін ойланып мемлекеттік реттеу жолымен темекі шегушілер саны 30%-ке қысқарды.
«Үкіметтер тарапынан темекі шегумен күресті қолдау адамдарға темекіні мүлде тастау жолында ең тиімді тәсіл болып келеді. Олар адамдарға электрондық сигарет немесе басқа бір зат болсын, оларға денсаулыққа деген қауіпті төмендетуге ең үздік мүмкіндік беріп, қолайлы аспап табуға көмектеседі», – дейді ракты зерттеу ұйымының (Cancer Research UK) басшысы Мишель Митчелл.