
Темекі тарту ғасырлар өтсе де сүйекте із қалдыра ала ма?
Темекі тарту өзінен кейін, тіпті, жүздеген жылдар өтсе де сақталатын із қалдыра ала ма? Лестер университетінің ғалымдары шылым тартудың күтпеген бір белгісін тапты – оны тіс бойынша ғана емес, сондай-ақ сүйектің құрамынан да байқауға болады. Лайқос айтады.
Ғалымдар нені анықтады?
Зерттеушілер әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген 323 адамның сүйегін зерттеп шықты. Кейбіреулері Еуропаға темекі келгенге дейін (1150-1500 жылдары), ал басқалары одан кейінірек, XVI-XIX ғасырларда өмір сүрген.
Ғалымдар сүйек тінінің тығыз сыртқы қабаты – кортикалды сүйекті зерттеді. Оның молекулалық құрамы темекі келгенге дейінгі кезеңде өмір сүрген адамдардың сүйектерінен өзгеше болды. Ғалымдар 45 молекулалық белгіні тапқан екен – олар бойынша адамның темекі тартқанын немесе тартпағанын анықтау мүмкіндігі бар.
Неліктен дәл осы сүйек?
Осыған дейін археологтар негізінен тістерге назар аударатын еді. Ұзақ уақыт темекі шегу тістің сипатты өзгерістеріне апарады. Ал темекі тартуға арналған мүштіктер – өзіндік ерекше іздерге ие. Дегенмен тістер әрдайым сақтала бермейді. Сол себепті сүйек тінінен молекулалық іздің табылуы өткен уақыт адамдарының өмір салты мен денсаулығын зерттеудің жаңа тәсілі болуы бек мүмкін.
Сонымен бірге зерттеушілер темекі тартқандардың арасында тек ересек ер адамдардың ғана емес, әйелдердің де, жасөспірімдердің де болғанын анықтады. Демек бұрын ересек ер адамдардан бөлек, осыған дейін ойлағаннан әлдеқайда әртүрлі адамдар да темекі шеккен болып шықты.
Бұл біз үшін нені білдіреді?
Зерттеу көрсетіп отырғандай, темекі тарту адам ағзасына әшейін «никотин ішке түскеннен» гөрі күрделірек ықпал етеді екен. Түтін ағзаны молекулалық деңгейде өзгеріске ұшыратады және бұл өзгерістердің бір бөлігі тіндердің ішінде көпке дейін сақталады.
Бұл темекі тартудың өкпеге ғана емес, жалпы ағзаға қаншалықты ауқымды әсер ететінін көрсететін тағы бір мысал. Шылым шегу ағзаның әрбір мүшесін дерлік зақымдайды. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, темекі тарту жыл сайын 7 млн астам адамның өліміне әкеліп соқтырады, соның ішінде 1,6 млн астам жағдай – темекі шекпейтін, дегенмен пассивті шылым шегу салдарынан қайтыс болатын адамдар. Сондай-ақ шылым тарту жүрек-қан тамырлары мен өкпе ауруларының, инсульттің және қатерлі ісіктің 20 астам түрі мен типшелерінің даму қаупін арттырады.
Темекі тартатын адамдардың орта есеппен алғанда өмір сүру ұзақтығы кем дегенде 10 жылға қысқарады. Сонымен бірге темекі шегуден бас тарту мерзімінен бұрын өлу қаупін және темекі тартуға байланысты ауруларды азайтады. Сондықтан темекі қораптарындағы қорқынышты суреттер – сатып алушыны қорқытудың жай ғана тәсілі емес.
Ал әзірге темекі тастау қолдан келмесе ше?
Денсаулық үшін ең үздік нұсқа – темекі шегуден біржолата бас тарту. Алайда әзірге бұл қадамға дайын емес адам үшін зиянды заттектердің әсерін төмендетудің амалы бар. Мәселен, хиттерлер жану үдерісіне жол бермейді. Нәтижесінде құрамында 7000 астам химиялық заттек, соның ішінде аса уытты және канцерогенді заттектері бар түтін түзілмейді. Нақ осы заттар – жүрек-қан тамырлары, иммундық, тыныс алу мүшелері және басқа да көптеген аурулардың басты себебі болып келеді.