
Аллергиялар маусымы: мегаполисте аман қалу мен поллинозды суық тиюмен шатастырмаудың жолы
Қаланың әрбір үшінші дерлік тұрғыны аллергиямен таныс екендігі баршаға мәлім. Ірі мегаполистерде, әсіресе, өзіндік бірегей микроклиматы мен бұзылған ауасы бар Алматыда бұл барынша көкейкесті түйткіл ретінде сезілетіні хақ. Шаң-тозаң, қала тұмшасы мен құрғақ климат иммунитет үшін нағыз мықты дауылды тудырады. Аллергиялық ренит пен демікпеге шалдыққан адамдардың саны жыл сайын артып келеді, сонымен бірге симптомдар балалардың бойынан да жиі көрініс табатын болған. Лайқос сізге қарапайым салқын тию емес, аллергияның өзі шабуылдағанын қалай түсінуге болатынын, әрі гүлдеудің шарықтау шыңында өзіңізді қалайша қорғай алатыныңыз турады әңгімелейді.
Салқын тию ме, әлде аллергия ма: шатастырмаудың жолы
Алғаш қарағанда екеуінің белгілерін шатастырып алу оңай секілді: мұрынның бітеліп қалуы, түшкіру, жалпы әлсіздікті сезіну. Алайда үңіліп қарасаңыз, айырмашылығы жер мен көктей:
- ЖРВИ немесе суық тию кезінде: әдетте дене температурасы көтеріледі, тамақ ауырады, дене сырқырайды. Адамның хал-күйі біртіндеп нашарлай түседі, ал аурудың өзі 5-7 күнде өтеді.
- Поллиноз (тозаңға деген аллергия) кезінде: белгілері кенет пайда болады және апталап – тура тітіркендіргіш-өсімдік гүлдегенге дейін созылады. Дене қызуы жоқ, дегенмен мұрын мен көз қатты қышиды, жиі түшкіру ұстамалары, әрі көз жасы болады, ал мұрыннан аққан бөлініс әрдайым мөлдір әрі сұйық келеді. Сыртта жағдайыңыз әлдеқайда нашарлайды, ал жабық кеңістікте, керісінше, сіз жеңілдеп қаласыз.
Неліктен Қазақстанда аллергиктерге ерекше қиын
Қазақстанда көктем мен жаз маусымдары – бұл ағаштардың, жабайы шөптер мен астық тұқымдастардың қызу әрі біртіндеп гүлдейтін кезеңі. Алматы мен Астанада жағдайды шаңның тығыз қабаты, газбен ластану мен құрғақ ауа ушықтыра түседі. Тұмша мен шығарынды газдар тура катализатор секілді жұмыс істейді: олар тозаңның молекулаларын зақымдайды да, осылайша біздің иммундық жүйеміз үшін әлдеқайда агрессивті бола түседі.
Үйде аллергендермен жанасуды қалай азайтуға болады
Қаладағы тозаңнан толықтай жасырыну мүмкін емес, дегенмен пәтеріңізді қауіпсіз жасыл аймаққа айналдыруға әбден болады. Міне, негізгі ережелері осылар:
- Бөлмелерді кесте бойынша желдету: терезелерді таңертең ерте немесе қараңғы түскен уақытта ғана ашқаныңыз абзал – бұл уақытта ауадағы тозаңның концентрациясы барынша төмен болады.
- Гаджеттерді қосыңыз: HEPA-сүзгілері бар ауа тазартқыштарды қолданыңыз, олар тозаңның, тіпті, микробөлшектерін де ұстай алады.
- Ылғалды тазалау: құрғақ сыпырғыш пен сүзгісі жоқ кәдімгі шаңсорғышты ұмытыңыз – олар аллергендерді тек ауаға көтеріп қана жібереді.
- Ауыз үйде шлюзді ұйымдастырыңыз: сырттан келгенде киіміңізді бірден жууға тастаңыз (оны жатын бөлмеңізде ұстамаңыз), себезгі қабылдаңыз және міндетті түрде шашыңызды жуыңыз – тозаң дәл осыларға ең көп түседі.
- Кірді пәтердің ішінде кептіріңіз: гүлдеу маусымында жуылған кірді балконға немесе далаға жаймаңыз, әйтпесе ол тозаңды сүзіп алатын болады.
- Терезелерді қорғаңыз: желдетуге арналған секцияларға «тозаңға қарсы» қасиеті бар арнайы торларды орнатыңыз.
Аллергиясы бар шылымқұмарларға темекі түтінінің әсері
Жалпы темекі тарту аллергиктің өмірін біршама қиындататыны рас. Темекінің уытты түтіні тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендіреді және оларды тозаң алдында қорғансыз етеді.
Поллинозға шалдыққан адамдарда темекі тарту (соның ішінде пассивті түрі де) бірден мұрынның бітелуін күшейтеді, әрі жөтелді, спазмдарды қоздырады және терең дем алуға кедергі келтіреді. Сонымен бірге түтінің құрауыштары үйреншікті гистаминге қарсы дәрілердің тиімділігін төмендете түседі – дәрі-дәрмектер мүлдем көмектеспейді.
Темекі шегуден біржолата бас тарту – әбден қиналып біткен жұтқыншақ үшін гүлдену маусымында ең жақсы бір сыйлық болары сөзсіз. Егер дәл қазір әдеттен арылу қиынға соқса, тітіркендіретін факторларды барынша азайтқаныңыз маңызды. Мәселен, түтін шығармайтын балама нұсқаларға – хиттерлерге ауысып көру. Мұнда темекі жанбайды, ол тек қана қыздырылады. Демек, ауада және өкпеде онсыз да қабынған шырышты қабатты көбірек күйдіретін жану өнімдері, шайыр мен тұншықтырғыш газ түзілмейді.
Дәрігерге қашан барған жөн
Егер «салқын тию» екі аптадан астам уақыт кетпей қойса, ұйықтауға, жұмыс істеуге кедергі келтірсе, не болмаса жылдан жылға әлдеқайда ауыр көтерілсе, онда аллергологтың қабылдауына жазылатын кез келді деген сөз.
Өзін-өзі емдеумен айналысу мен ескі препараттарды уыстап қабылдаудың мүлдем қажеті жоқ. Қазіргі заманғы диагностика маманға бір барудың өзінде-ақ нақты тітіркендіргішті анықтап алуға мүмкіндік береді. Ал заманауи жаңа буынға жататын гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер, ұйқышылдықты тудырмай-ақ, қышу мен мұрынның бітелгенін жақсы басады.
Қорытынды
Сіз ағзаңыздың нақты не нәрсеге реакция беретінін неғұрлым ертерек ұғынсаңыз, жағдайды қадағалау да соғұрлым жеңілірек болмақ. Үйдегі қарапайым тазалық, жаман әдеттерден барынша арылу және дәрігер ұсынған сауатты емдеу амалдары гүлдеу маусымын қолыңыздағы бір бума майлықпен емес, жайлылықпен еңсеруге көмектеседі.